АТОМДАРДЫҢ СОҚТЫҒЫСУЛАРЫ

АТОМДАРДЫҢ СОҚТЫҒЫСУЛАРЫ – екі атомдық бөлшектің
(атомдардың, молекулалардың, электрондардың немесе иондардың) ядроларының құрылымдары мен құрылысы өзгермейтін қарапайым соқтығысулары. Атомдардың соқтығысулары серпімді және серпімсіз соқтығысуларға ажыратылады. Атомдардың с е р п і м д і с о қ т ы ғ ы с у ы кезінде соқтығысушы бөлшектердің кинетикалық энергиясының қосындысы бастапқы күйінде қалады, тек бөлшектер арасында қайтадан бөлініп үлестіріледі, бөлшектер қозғалысының бағыттары өзгереді. С е р п і м с і з с о қ т ы ғ ы с у кезінде соқтығысушы бөлшектердің ішкі энергиясы өзгеріске ұшырайды (энергиялар басқа энергия деңгейіне ауысады) және сәйкес түрде олардың толық кинетикалық энергиясы өзгереді. Сонымен қатар атомның электрондық күйі немесе молекулалардың тербелістік немесе айналмалы күйі өзгереді.
Атомдардың серпімді соқтығысулары газдардағы немесе әлсіз иондалған плазмадағы ауысу құбылыстарын анықтайды. Атомдардың соқтығысуларына ұшырайтын бөлшектер өзге бөлшектерді шашыратып, олардың еркін қозғалысына кедергі келтіреді. Сол себепті диффузия (бөлшектерді тасу), тұтқырлық (импульсті тасу), жылу өткізгіштік (энергия тасу) коэффициенттер және басқа газ тасу коэффициенттері атомдардың немесе осы газдың молекулаларының жан-жаққа үлкен бұрыш жасап шашырауының эффектілі (тиімді) қимасы арқылы өрнектеледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *