АТОМ БОМБАСЫ

АТОМ БОМБАСЫ (грекше «бомбас – қатаң шуыл») – ядролық зарядпен жарақталған бомба. Жарылыс әсері өте күшті қиратқыш қару. Онда уран-235 немесе плутоний-239-дың өздігінен өтетін тізбекті ядролық реакция пайдаланыл- ған. Бұл бомбаның негізгі бөліктері – ядролық заряд, жарғыш (қопарғыш) құрылғы және бомба қабықшасы. Ыдырайтын зат зарядының кризистік массадан артық массасы қопарылыс тудырылғанша кризистік массадан кем екіге бөлініп бір-бі- рінен оқшау тұрады. Бомба жарылатын кезде жарғыш құрылғы оқшау тұрған екі

зарядты бір-біріне лезде жанастыратын болады, сол сәтте зарядтың массасы кризистік массадан артып ядролық жарылыс болады. Ядролық реакция секундтың миллиондық үлесіндей уақытта аяқталады. Атом бомбасының қопарылысы кезінде бір мезгілде өте қуатты қопарылыс толқыны, жарық сәуле және өтімділігі күшті радиа- ция таралады. Радиация қоршаған ортаны (жерді, ауаны, суды) радиоак-

Атом бомбасының сұлбасы: а) 1 – қо- парғыш құрылғы; 2 – ядролық заряд (плу- тоний немесе уран); 3 – қабықша, б) бом- баның қопарылыс кезіндегі көрінісі

тивтік қалдық заттармен ластайтын болады.
«Атом бомбасы» деген атауды алғаш рет ағылшынның фантаст-жазышысы Герберт Уэллс (1966 – 1916) өзінің 1913 ж. жарияланған «Әлемді құтқару» деген романында қолданған. Шар тәрізді уран-235-тің кризистік массасы – 74,8 кг-ға, ал плутоний-239-дың кризистік массасы 9,65 кг-ға тең.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *