
АРНА, э л е к т р л і к – барлық мүмкін болатын сигналдар жиынтығын таратуға және іздеуге арналған электрлік тізбек.
Акустикалық арна – дыбыстық және ультрадыбыстық толқындар арқылы сигналдар таратушы құрылғылар мен физикалық орталардың жиынтығы.
Толқындық арна – бағытталған толқындардың біртексіз орта бойымен таралатын арнасы.
Суасты дыбыстық арна – шалғай қашықтыққа мұхиттық орта арқылы дыбыстық толқындардың таралатын біртексіз қабаты.