
АРЕОМЕТР (грекше «арайос – тығыз емес, сұйық» + «метрео – өлшеймін») – Архимед заңы негізінде сұйықтар мен қатты денелердің тығыздықтарын өлшеуге арналған аспап. Ығыстырылған сұйықтың көлемі және әлгі сұйықта жүзіп жүр- ген ареометрдің массасы бойынша зерттелуші сұйықтың тығыздығын анықтауға болады. Ареометрдің батқан кезде ығыстырған сұйықтың көлемі бойынша тығыздық анықталады.