Ақау

АҚАУ, к р и с т а л д ы қ т о р л а р д а ғ ы (латынша «дефектус – кемшілік, ақау») – кристалдық торлардың идеал периодты атомдық құрылымнан кез келген ауытқуы. Ақаулар атомдық масштабтағы немесе макроскоптық өлшемдегі ақаулар бола алады. Ақаулар жылулық, механикалық және электрлік әсерлер ықпалымен кристалдану үрдісінде, сондай-ақ нейтрондармен, электрондармен, рентгендік сәулемен, ультракүлгін сәулемен сәулелендірілген кездері пайда бо- лады. Қарапайым нүктелік ақау – атомы жоқ кристалдық тордың бос орны – вакансия (латынның «ваканс – бос орын» деген сөзінен қалыптасқан атау) болып табылады. Кристалдың өсуі кезіндегі пластикалық деформация үрдісінде крис- талдарда дислокация (латынның «ығысу» деген сөзінен қалыптасқан) деп аталатын сызықтық ақаудың пайда болуы ықтимал. Ақауларды кристалдарда ішкі механикалық кернеулер тудыратын серпімді ауытқыған құрылымдар тудырады. Ақаулар жұту спектрлеріне және люминесценцияға, кристалдардағы жарықтың шашырауына әсерін тигізеді. Ақаулар электрөткізгіштікті, жылуөткізгіштікті, магниттік және сегнетэлектрлік қасиеттерді өзгертеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *