АҚ АПАН

АҚ АПАН – эволюциясы қара апанның пайда болуымен аяқталатын аспан денесінің гравитациялық қирауының уақыт бойынша өзгеруі болып табылатын ғарыштық болжамдық нысан. Ақ апанның болу мүмкіндігі (1964 ж. И.Д.Новиков) жалпы салыстырмалық теориядан шыққан. Алғашында ақ апанның ішінде болған зат уақыттың өтуіне байланысты ұлғайып, ең соңында ақ апанның гравитациялық радиусынан [ақ апанның «жарылысы» («қопарылысы»)] тысқары шығып кететін болады; осы үрдіс шалғайдағы бақылаушыға түгелдей көрінетін болады. 1974 ж. ақ апанның айналасындағы заттардың ғарыштық денеге құлап түсіп ұлғаюы (аккрецияға) және ақ апанның ішінде пайда болатын күшті гравитациялық өрістен туатын кванттық-гравитациялық эффектілер ақ апанның «жарылысына» («қопарылысына») жол бермейді және де ақ апанның заттарын оның ішінде қалдырады. Осылайша пайда болған нысан бақылану қасиеті бо- йынша қара апанға сәйкес болады, айырмашылығы пайда болу «тарихында» ғана. «Ақ апан» деген атау шартты сипаттау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *