
АҚ ЖАРЫҚ – спектрлік құрамы күрделі электрмагниттік сәулелердің жиынтығы. Мұндай сәулені адамның көзі бейтарап қалыпты жарық сәуле ре- тінде түйсініп қабылдайды. Күннің шашыранды сәулесі, ақ жарық болып есеп- теледі. Сондай-ақ мөлдір емес қатты және сұйық денелер өте жоғары температу- раға дейін қыздырылғанда да ақ жарық сәуле таралады. Ақ жарықты екі қо- сымша түстерді немесе үш монохроматты сәулені белгілі бір қатынаста ара- ластыру арқылы да шығаруға болады.