
Нернст Вальтер Фридрих Герман (1864 – 1941) – неміс физигі әрі химигі. 1906 ж. химиялық бір текті қатты немес сұйық дененің энтропиясы абсолют нөл температура кезінде нөлге тең болады деген пікір айтқан (Нерст теоремасы). Осы теорема көп жағдайда термодинамиканың үшінші бастамасы деп аталады. 1906 ж. газдың «айну» эффектісін алдын ала болжаған.