Оже Пьер Виктор

Оже Пьер Виктор (1899 – ?) – француз физигі. Газдардағы фотоэффектілерді зерттей отырып, ұшып шығатын электрондардың бұрыштық үлестірілулерін дәл есептеп, фотоэффектінің кванттық теориясын растаған. 1925 ж. қоздыру энергиясының ішкі қайта үлестірілуінің нәтижесінде қоздырылған атомдардың автоиондандырылу құбылысын (Оже эффект) және 1938 ж. атмосфералық тасқынды ашқан (Оже тасқыны).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *