
МЮЛЛЕР Эрвин Вильгелм (1911 – 1977) – неміс физигі. 1936 ж. автоэлек- трондық микроскопты, 1951 ж. автоиондық микроскопты ойлап тапқан. 1956 ж. өріс әсерінен булану құбылысын ашқан. 1958 ж. кристалдық торды атомдық деңгейде көрсететін тікелей бақылауды, 1967 ж. алғаш рет домендік құрылымды көрсететін микроскопты жүзеге асырған. 1968 ж. атомдық зондты иондық проекторды жасаған, ол жекелеген атомды салыстыруға мүмкіндік берген.