
Макмиллан Эдвин Маттисон (1907 – 1991) – американ физигі. 1940 ж. Ф.Абельсонмен бірлесіп уранды нейтрондармен соққылап, ең алғашқы трансурандық химиялық элемент – нептуний-239-ды, 1941 ж. Г. Сиборгпен бірге плутони-239-ды синтездеген. 1945 ж. кеңес физигі В. И. Векслерге қатыссыз бөлшектерді үдетудің жаңа принципі – автофазалауды ашқан. 1947 ж. электрондық синхротронды (330 МэВ) жасаған.