МАКСВЕЛЛ Джеймс Клерк

МАКСВЕЛЛ Джеймс Клерк (1831 – 1879) – ағылшын физигі. 1860 – 65 жылдары бірнеше теңдеу жүйесі түрінде тұжырымдалған элекрмагниттік өріс теориясы үлкен ғылыми жетістік болды. Осы теориясында Максвелл 1861 ж. жаңа ұғым – ығысу тогын енгізген, 1864 ж. электрмагниттік өріске анықтама берген, 1865 ж. жаңа маңызды эффект: еркін кеңістікте электрмагниттік сәуленің (электрмагниттік толқындардың) болатынын және оның кеңістікте жарық жылдамдығымен таралатынын алдын ала болжаған. Осы соңғы қорытынды (1865ж.) жарықтың электрмагниттік сәуленің (жарықтың электрмагниттік табиғаты) бір түрі екенін аңғартты және оптикалық және электрмагниттік құбылыстар арасындағы байланысты ашуға мүмкіндік туғызды, 1873 ж. теория жүзінде жарықтың қысымын есептеп тапқан. 1860 ж. ԑ=n2 қатынасын орнықтырған. Скин-эффектті алдын ала болжаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *