Лоренц Хендрик Антон

Лоренц Хендрик Антон (1853 – 1928) – нидерланд физигі. Күшті магнит өрісінде спектрлік сызықтардың бөлшектенетінін алдын ала болжаған, оны 1896 ж. П. Зееман ашқан. 1897 ж. оның теориясын тұжырымдаған. 1892 ж. Майкельсон-Морли тәжірибесін түсіндіруге арналған (Дж. Фитцджеральдке қа- тыссыз) денелердің өлшемдерінің оның қозғалыс бағытында қысқаратыны туралы болжал ұсынған (Лоренц-Фитцджеральд қысқаруы). 1895 ж. қозғалыс- тағы денелерде тыныштықтағы денелерден өзгеше өтетін жергілікті уақыт туралы ұғым енгізген. 1904 ж. әртүрлі екі санақ жүйесіндегі ортақ бір оқиғаның кеңістіктік координаттары мен уақыт сәттерін (мезеттерін) өзара байланыстырушы формуланы қорытып шығарған (Лоренцтің түрлендірулері). Лоренцтің түрлендірулерінен арнайы салыстырмалық теорияның бүкіл кинематикалық эффектілері шығады. Сол жылы электронның массасының жылдамдыққа тәуелділігінің формуласы қорытылып шығарылған. Салыстырмалық теорияға және кванттық механикаға ауысуға, салыстырмалық теорияның тұжырымдалуына ерекше жағдай жасалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *