ҰЛТТЫҚ КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІН ЖАҢА БАҒЫТТА НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН СУРЕТШІ – Е.ТӨЛЕПБАЙ

ҰЛТТЫҚ КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІН ЖАҢА БАҒЫТТА НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН СУРЕТШІ – Е.ТӨЛЕПБАЙ

 

Алманбетов Қанат Нурланұлы –

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Бейнелеу өнері және сызу мамандығының 1курс магистранты (Алматы қаласы)

     Халқымыздың өнегелі мәдениет үлгілерінің бірі — бейнелеу өнері қаншама дәуірдің тарихын және ағымын бірге жасап, дамып келеді.Қазақ халқының өмір тұрмысына тереңдей үңілсек, мәдениет дәстүрінің тізбегі үзілмей, бүгінгі заманға дейін жалғасын тауып жатыр. Болашаққа үмітпен қарайтын жастар өзінің ұлттық сезімін, мінез құлқын, тілін және дәстүрін жоғалтпау керек.Ұлттық  менталитетті ,  анықтайтын  тіл,  екінші  дәстүр. Қазақтың салт — дәстүр,  әдет — ғұрыптарына қайта оралудың рөлі туралы             Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз еңбегінде былай деп жазған » .  Әр халықтың өміріндегі терең имандылық пен рухани негіздерге — дәстүрлерге назар аудару керек. Оның халық өміріндегі рөлі еш дауыссыз. Мәдени дәстүрлер қашан да әлеуметтік қайта тілеудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихи  —  мәдени тамырларына қайта оралу — бұл, әрине оң процесс» [1- 292 б].   

 Қазіргі суретшінің дүниетану жөніндегі  түсінігінің қазақтардың ұлттық этикасымен, эпикалық фольклорлық дүниетанымдық дәстүрлері мен  туыстығы көздің алдына анық байқалады, бұл жерде кейіпкер күшінің қайнар көзі — оның туған даласы мен жақындығында. Қазақ кескіндемесінің негізін салушылар,  олар Ә. Қастеев О.Таңсықбаев, Қ.Қожықов, А.Ғалымбаева,

Г.Исмайлова, С.Мәмбеев, Қ.Телжанов, М.Кенбаев, Н.Нұрмұханбетов, К.Наурызбаев, Қ.Шаяхметов.  Міне осындай сретшілердің  дүниелер арқылы жастарға ұлттық тәлім тәрбие беруде қандай ғасыр қай заманды алып қарамайық, оқытушы (педагог, ұстаз, мастер, шеберші, үйретуші, кеңесші, жаттықтырушы т.б ) Өмірдің өркендеуі  елдің еселі  дамуы  алдымен ұстазға байланысты. Анасыз бала болмайды дегендей  өмірінде ғұлама ғалым, асқан шебер биік – биік деңгейлерге жеткен қайталанбас адамдарды (Леонардо да Винчи, Нютон, Энштейн, Платон, Ал-Фараби т.б.)да ұстаздар оқытып дәріс берген [2-5 б].

     Қазіргі таңдағы кескіндеме өнерінің майталманы жүзден жүйрік, мыңның арасынан суырылып шығып қазақ кескіндемесін дамытып жаңғыртып жүрген Е.Төлепбаев ағамыздың еңбек жолы мен шығармашылығын студенттерге таныстыру болып табылады. Өнерде тайға таңба басқандай ерекше дара орны бар ағамыз,  қазақ өнерінің оның ішінде кескіндеме өнеріне қосқан  үлесі  өте зор. Тек қазақстанда ғана емес әлем аренасында өз орнын белгілеп ,қазақтың кескіндеме өнерін дамытып,  таныстырып, жаңғыртып жүрген ағамыз. Яғни қазақтың біртуар азаматы, өнердегі беделдісі кескіндеме өнерінде жаңашыл  сюрализм  бағыттында жұмыс істеп, елімізде ғана емес шетелдерде көрініп, өзінің ерекше бағаларын алып жүрген жөні бар. Осындай өнерге еңбегі сініп, дамытып жүрген  ағамыздың шығармашылығы арқылы студенттердің дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру болып табылыды. Бізде осындай Е.Төлепбаев сияқты суретшілерді дәрәптеп айтып жазып жүргендер жоқтың қасы деп айтсақта болады . Бұның өзі проблема деп айтуғада келеді.  Е. Төлепбаевтың рухани дүниесі –  қазақ өнерінің қазіргі тынысының көрінісі. Жаңа ғасырдың күрделі суреткері. Көркемдік қабылдау түйсіктерін өнер игілігіне айналдыра білді. Өнер үрдістерінің барлығы көрініс тапқан реализмнің тізгінін ұстана отырып сюрреализм бағытының қыр — сырын ашуда абстракттық мәнерге барды. Оның туындыларында шартты кезеңдер анық көрінеді. Ерболат Төлепбаевтың  шығармалары  адамға айрықша әсер етеді. Оның суреттері бояу, кеңістік, ырғақтың ойнауы арқылы санаға тікелей ықпал етеді. [3-48 б]. Суретші туындыларынан уақыт тұтастығы қамтылған өткен шақ,  бүгінгі күн мен болашақтың фантастикалық – символикалық әрекетін тануға болады. Талғам – бүкіл өмірдің дамуымен және сол өмірдегі жеке суретшінің дамуымен жарыса дамып, қатар қалыптасады. Ерболат Төлепбаев есімді дарынды суретшінің бірқатар көркем шығармалары туған  жер табиғатына арналған.  Әсіресе «Зымыраған балауса шақ», «Дала гүлдері»,  «Тал түс», «Әжем және мен» деген картиналары мамандар тарапынан  лайықты  бағасын алып,  суретшінің өнер әлеміндегі қолтаңбасын айқын аңғартты. Өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан суретші Ерболат Төлепбаевтың творчествосы өзінің сан қырлылығымен, қай тақырыпты болсын ауқымды да терең қамти білуімен ерекшеленеді [4 -128  б ].

    Ерболат Төлепбай – қазақты танымайтын шет жердің қатып қалған сере мұзына салатын мұзжарғыш іспетті. Мәдениетіміздің бейнелеу дейтін тұтас бір әлемін кейде жалғыз өзі көтеріп жүрген Толағайға келе ме?! Әйтеуір, қалай айтсаңыз да, үлкен бір миссияны дара атқарып жүрген адам. Қолда бар алтын. Фараби сияқты қазақтың көгіне шарықтап көтеріліп кеткен жан. Төмендегілер байқамайды. Төбесіндегі тұрмақ, төңірегін көрмейтіндер үшін беймағлұм. Біз сөйтті екен деп басқа жұрт қосыла көз жұмып отырмай, санасындағы мәңгіліктің тоңның көбесі сөгілген сәттен — ақ даңғайыр талантты басына көтеріпті .Оған дәлел–Франция, Германия, Италия, Индия, Қытай секілді отыз бес мемлекетке жасаған сурет көрмесі. Мәскеу, София қалаларында халықаралық конкурстардың жеңімпаздығынан тартып, кешегі дәуірдің Ленин комсомолы сыйлығы иегері, Қырғызстан, Ресей, Чех мемлекеттері сурет академиясының академигі. Оның үстіне 2002 жылғы, Брюссельде алған “Евроюнион” сыйлығы, Прага қаласында алған “Масарик” атындағы күміс медалі, “Сальвадор Дали” атындағы халықаралық альянс сыйлығын, “Франция өнері” орденінің иегері екенін қосыңыз. Бір басында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы мен меценаттар тағайындаған “Тарлан” және бар! Ол кісі Веласкесті, Тициан, Эль-Греконы, Әбілхан Қастеевті творчествосына тірек қылды, Марқұм Қисамединовты, Салихитдин Айтбаев, Евгений Сидоркинді біліп барып. Тоқболат Тоғысбаевтан сіңірген нәрін бойға дарытып, ол кісінің ғұмырын жалғап, айта алмай кеткенін  кейінге жеткізіп.  “Жұрт мақтап жатыр ғой, сол рас та” деп біз секілді әншейін мойындай салған жоқ,  Дали мен Пикассоның несімен мықты екенін дендеп зерттеді, сезді. Әу бастан жаңалық ашқысы келіп тұрды. Онысын – өнер танушылар, көп оқыған білімпаз картина танығыштарға арнап салған жоқ. Тіпті, Мәскеудің Третьяков галереясында, Парижде Сальвадор Далимен қатар көрме жасаған жан алдымен өзі үшін емес, халқы үшін салды. Суретшінің жұмыстары әу бастан көптің жабыла көретін, сыншылардың іздеп жүріп қарайтын объектісіне айналды. Өзге әріптестеріне ұқсамайтын осы бір ерекшелік–шектен тыс жақсы көріп ұнату мен көмейі қарлыққанша жамандау,  тоқтаусыз таңданыш пен шарт кеткен наразының  төбелес алаңына ұқсады. Суретшінің “Көкпары” ұлттық ойын шеңберінен шығып, бүгін адамзат өлшемінің көкейіндегі проблемасын көтерген-ді. Сөйтіп, суретшінің аты ауызға ерте ілінген. Біз мектепте жүргенде — ақ республика, одақ көлеміндегі газет – журналдар  суретшіні дүркін – дүркін  дабыстап жататын. Ауызға ерте іліну де бір қонатын бақ десек,  қолына қонған сол “құсын” ұшырып алмай, қадірін білумен келеді екен, әлі күн. Тіліміз тасқа, қазақтың маңдайына біткен, тумысы — болмысы бөлек ұл болды. Суретші болып, бір жаман аты қылаң бермепті. Әріптестері үшін көдедей көптің бірі емес. Шенеулік біткеннің творчество иесін Мырқымбай қылып  көретін “қыли” көзінен де аулақ.  Өзекті жарып шығар өнерді де, қоғамды арбап, жатқызып — өргізетін саясатты да зау биіктен, көкірек көзімен көре алатын нәті бөлек адам. Құттай ғана мұңы бар, қазақ  деген. “Жеңілдігі көбіктей, ауырлығы табыттай.”

  Ойымызды жинақтап қорыта келгенде Е.Төлепбаев Қазақстан бейнелеу өнеріндегі өзіндік орны ерекше дара суретші. Туындыларының көпшілігінің мазмұны терең , айтары мол. Әрине бұл туындылар келешек ұрпаққа қалған асыл мұра.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі:

  1. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздіктің бесжылдығы  – Алматы: 1996. — 292 б
  2. Мизанбаев Р.Б. Живипись: Оқулық / Р.Мизанбаев. – Алматы: Абай ат.

ҚазҰПУ, «Ұлағат» баспасы. -2013. — 208 б. 

  1. Төлепбаев Е. Альбом. – Алматы: Өнер, 1988. – 48 б.
  2. Төлепбай Е. Мен сенің жаныңдамын адам. — Алматы: Өнер,   – 128 б.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *