БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІ  

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІ

 

Жиренов Саян Аманжолұлы

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты 

(Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы) Saken82@mail.ru

 

Білім беру жүйесіндегі компьютерлік технологиялардың қарқынды түрде жүргізілгенімен, электронды және мультимедиялық оқулықтармен оларды пайдаланудың жолдары немесе интернет-ресурстарды пайдаланудың ақпараттық және әдістемелік мүмкіндіктерінің толыққанды бірізге түспегендігі, бұл саланы әлі де жетілдіре түсу қажет екендігін көрсетеді. Жалпы отандық білім беру жүйесінде интернет-ресурстарды пайдаланудың ақпараттық және әдістемелік мүмкіндіктерінің ғылыми негіздері әр тарапта, кең көлемде қарастырылып жатқандығын байқауға болады. Мәселен, профессор С.С.Құнанбаева зерттеулерінде шет тілін оқытудың теориясы мен әдістемесін ақпаратандыру мәселелері, Ә.Т.Чакликовада мәдениетаралыққатынасты жетілдіруге, Ж.А.Түселбаевада елтанымдық біліктілігін қалыптастыруға, Д.Е.Сағымбаевада студенттерді АҚТ-ды пайдалануға әдістемелік даярлауға, А.Б.Нұровада шет тілдерін оқытудағы телекоммуникациялық технологияларды пайдалану, Ұ.Т.Нұрманалиевада ағылшын тілін электрондық оқулықтар арқылы оқыту әдістемесі секілді мәселелер қарастырылған. Сол секілді профессор Б.Б.Баймұхановтың зерттеулерінде оқу үдерісіне компьютерлік технологияларды енгізу мәселелері қарастырылса, Б.Д.Сыдықов, Р.С.Шуақбаева, І.Ж.Есенғабылов, Г.А.Мадьярова т.б. зерттеушілердің еңбектерінде әртүрлі бағдарламалық құралдарды қолданудың әдістемесін кеңінен қарастырылған. 

Білім беру жүйесінде интернет технологияны кең көлемде пайдалану арқылы  жоғары оқу орнындары гуманитарлық сала мамандарын оқыту барысында, педагогикалық іс-шаралар мен методикалық жұмыстарды ұйымдастыруда үдерісінде тиімділігі жоғары деп санауға болады.  Бүгінгі таңдағы білім беруді ақпараттандыру процесінің кең көлемде жүргізілуіне байланысты  осы бағытты жүзеге асырудағы басты мәселердің бірі – электронды оқулықтар мен мультимедиялық көмекші құралдар, видеокартотекалар мен онлайн режимдегі дәрістер қорын дайындау болып табылады. Ал оларды оқыту үдерісінде пайдалану – сапалы білім берудің бірден-бір тетігі болып табылады. 

Интернет-ресурстарды пайдалану арқылы студенттің білім алуға және ақпарат алуға деген мүмкіндігін арттыру арқылы, үздіксіз білім алуына жағдай жасалады. «Қоғам ақпараттық технология дәуіріне кіргендіктен түрлі ақпарат көздерін қолдану біліктілігін, оған сыни көзқараспен қарау дағдысы, қажет ақпаратты таңдау біліктілігін талап етеді. Ақапарттық құзыреттілік кіші мектеп жасындағы балалардың қажеттілігіне және мүмкіндік әлеуетіне байланысты қалыптастыру көзделеді. Қазіргі Е.В.Огородников, О.М.Чубарянның зерттеулерінде ақпараттық құзыреттілікті компьютерді, интернетті меңгеру деп қарастырады. Бұл үшін зерттеушілік әрекетпен ұштастырылып ақпаратты интернеттен ала алады. Компьютерде сызбалар және құрастырулар жасайды, дамытушы тапсырмалар орындайды. Кіші мектеп жасындағы балалардың ақпараттық құзыреттілігі еңбек ісәрекетіндегі танымдық, білуге құштарлығын, оқуға деген қажеттілігін қанағаттандырады [1, 30-35 б.].

Компъютерлік технология арқылы жалпы оқыту үрдісінің негізгі функцияларына: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпаратты қабылдау және талдау арқылы өзбетімен ізденімпаздық (шығармашылық) қабілеттерін дамыту мәселелерін жатқызуға болады. Ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде пайдалану арқылы оқытушы студенттің интелектуалдық, рухани азаматтық және басқа тұлғалық болмысының қалыптасуына өзіндік әсерін тигізеді. Ақпараттық технология –студентті яки жеке тұлғаны детбес ізденімпаздыққа жетелейді. Яғни, бүгінгі таңдағы технократтық қоғамдағы ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ғылымның қандайда болмасын саласынан дербес және жедел түрде хабардар болуға мүмкіндік алады.

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде ақпараттық кеңістіктің даму үрдісіне ілесе отырып, кәсіби тұрғыдан жетілген тұлға қалыптастыру болып отыр. Мұнда, студент білімді тек оқытушының қатысуымен ғана емес, қашықтықтан яғни интернет арқылы да алуына болады. Осының нәтижесінде студенттің дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасады.  

Интернет-ресурстарды пайдалану арқылы оқыту жүйесі дәстүрлі оқыту әдістерінен өзіндік ерекшелігі бар. Мұндағы негізгі ерекшелік студенттің оқытушының қатысуынсыз дербес білім алуы, белгілі бір мәселе туралы мәліметтерді жинақтауына, оларды сұрыптауына, талдай білуіне және күнделікті тұрмыстық қажетіне пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Яғни, интернет-ресурстарды пайдалану арқылы өзіне қажетті ақпаратты игеру барысында уақытты ұтымды пайдалануға, студенттердің танымдық іс-әрекетін жетілдіруге мүмкіндігі артады. 

Компъютерлік технология арқылы оқыту әдістерін тиімді пайдалану арқылы, студенттің дербес жұмыс жасау ерекшелігін сырттай бақылай отырып, нақты нәтижелерге қол жеткізе отырып, танымдық белсенділігі артады. Жалпы алғанда, компъютерлік технология арқылы оқытудың басты шарттары дербес жұмыс жасау яғни өз бетінше іздену арқылы білімін жетілдіру болып табылады. «Психолог-ғалымдардың айтуынша, студент білімді төрт түрлі жағдайда алады екен: дайын білімді қабылдап алу, зерттеу барысында жаңалық ашу, әр түрлі жағдайда әсерді сезіну және синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өзара әрекеттестiктiң сапасын анықтамайды. «Өзара әрекеттестiк» әдiсiнiң өзектi ерекшелiгi – ол АШУ ҮРДIСIН бiлдiредi, оның мәнi – студенттердің оқыту дағдыларын өзара әрекеттестiк арқылы меңгеруi. 

Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында оқытушы мен студент арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интерактивтi» деп атаймыз. Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда, inter – аралық, бiрнеше, action – әрекет дегендi бiлдiредi. Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi. 

Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң мақсаты – тек ақпаратты беру ғана емес, студенттерге жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты. 

Интерактивтi оқыту әдiстерiн қолданатын студенттер, тек ақпарат беретiн және өздерiнiң қатысуынсыз берiлген тапсырмаларды студенттердің есте сақтауы нашар болады, студенттер қолдарындағы көтермелеушi қор – құрдастарының идеяларын пайдалана алмайды деп есептейдi. Зерттеулердiң «бiз қолымызбен iстегеннiң 80 пайызын, оқығанымыздың 20 пайызын, естiгенiмiздiң 10 пайызын ғана есте сақтаймыз» деген қорытындысын жиi естимiз» [2, 196].

Үздіксіз білім беру және білім алудың бір жолы ретінде компъютерлік технологияны атап өтуге болады.  Ол қазіргі білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі әрі  жаңа заманға сәйкес білім жүйесін қалыптастырудың тікелей жолы ретінде қарастырылып отыр. ЖОО компъютерлік технологиялар оқушылардың шығармашылық белсенділігін жетілдіруге ықпал етеді. Онда негізінен интернет-ресурстарды оқушы оқу құралы ретінде пайдалануды игерсе, яғни компъютерлік технологияларды техникалық жағына ғана қарастырмай, оның танымдық-тағылымдық жағына көңіл бөлу керек. Мұндайда оны дұрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру құралы рөлін жақсы атқара алады. Компьютер мен оқушының өзара әрекеттесуі қызғылықты процесс, оны методикалық көмекші құрал қызметінде пайдалану қажет. Соңғы кездері заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану оңды нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы кең көлемде іске асырылуда.

Білімді ақпараттық технологиялар арқылы жетілдіру дегеніміз – бұл жеке тұлғаның білімін дербес әрі үздіксіз толықтырудың бір жолы. Ғаламтор арқылы білім жетілдірудің тиімділігі оқушы  өзіне қажетті ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдай туғызу болып табылады. Білім беру мекемелерін компьютерлік техникалармен жабдықтау арқылы білім алушылардың жаңа көкжиегінің ашылуына қолайлы жағдай туғызуға болады. Ал ол дегеніміз – ақпарат және білім.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.

Бүгінгі күні компъютерлік технологияға негізделген инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы студенттің ойлау қабілетін арттырып, шығармашылық жұмыстар жүргізу мүмкіндігін дамыту басты мақсат болып табылады. Ақпараттық және компъютерлік технологиялар арқылы оқытушының қызметін жаңаша сапаға көтеруге болады. Мұнда оқытушы білімді таратушы ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік дербес шығармашылық жұмысының жетекшісі және бақылаушысы да болып табылады. 

Білім беру жүйесіндегі көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері гуманитарлық сала мамандарын оқыту барысында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Ал ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде кең көлемдегі  ақпараттарды жедел түрде даярлап, оны білім алушыға қысқа әрі нақты түрде беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі тетігі интернет-ресурстар болып табылады. Компъютерлік технологияларға – интерактивтік тақта, электронды оқулық, интернет көздері, мультимедиялық және он-лайн сабақтар жатады. Республикадағы білім беру мекемелерінде аталған техникалық жабдықтар немесе ақпараттық технологияларды қолдану пайдалану ісі кеңінен қарастырылған. Ақпараттық технологиялардың басты қызметі – білім алушыларға өз бетімен дербес немесе ұжымдық бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, өзбетімен ізденуге, өз жұмысының нәтижесін жедел түрде көруге және жеткен жетістігіне сын көзімен қарауға мүмкіндік алады. 

Жоғары оқу орындары гуманитарлық сала мамандарына интернетресурстарды пайдалану арқылы білім беру жүйесінде пайдаланудың  мүмкіндіктері өте жоғары. Мұнда негізінен студенттің білімін жетілдірудің ең бастысы мамандығына деген қызығушылығын күшейту. Интернетресурстарды пайдалану арқылы студент ақпараттық кеңістіктен өз бетінше білім алып, өзін-өзі дамыта алады. Компьютер жұмысының мүмкіндігін көрсететін басты көрсеткіш ретінде ғаламтор желісінің қызметін пайдалануды атап өтуге болады. Интернет кеңістікте оқытушы мен оқушыға қажетті сайттар бүгінгі таңда өте белсенді түрде жұмыс жасау үстінде.  Компьютерлік технологияны пайдаланудың тиімділігі бұл күндері арта түсуде. Оған мынадай тиімділіктерін санамалап шығуға болады.  Оларға:

  • Интернет кеңістіктен студент өзіне қажетті материалдарды іздеп табуға, сондай-ақ кең көлемдегі сан алуан материалдармен танысуына болады;
  • Компьютерлік технология уақытты үнемдеуге және қажетті материалдарды тиімді пайдалануына мүмкіндік тудырады.
  • Ақпараттық технологиялар арқылы оқу-тәрбиелеу үрдісінің ғылыми негіздерімен тереңірек танысуға, студенттердің танымдық көкжиегін кеңейтуге, сан алуан бағдарламаларды меңгеруіне, компьютерлік техниканы тиімді пайдалануына ықпал етеді.

Білім беру жүйесінде күннен-күнге ақпараттық технологиялар мен компьютерлік телекоммуникациялар қарқынды түрде даму үстінде. Әсіресе интернет-ресурстарды пайдалану арқылы білім беру жүйесі кешенді түрде дамып келеді. Жоғары оқу орындарында компьютерлік технологиялардың кең көлемде қолданылуы мен интернет желілерінің қарқынды түрде дамуы ақпараттық технологияның білім беру жүйесінде берік орныққандығын көрсетеді. 

Ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде кеңінен қолданылуы оқытушыға қашықтан дәріс жүргізуіне мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ, оқушының дәріс алу мерзімі мен мекенін өзінің ыңғайына қарай таңдауына мүмкіншілік жасаса, үздіксіз білім алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, интернет-ресурстарды пайдалану арқылы білім алу дербес жұмыс жасауына жағдай тудырады. Интернет-ресурстарды пайдаланудың тиімділігі танымдық ақпараттың мобильдігі, компьютерлік желілердің дамуына байланысты танымдық ақпараттарды кез-келген жерде қолдану мүмкіндігінің болуы. Компъютерлік технологиядағы электронды оқулықтар жасау арқылы танымдық ақпараттарды үнемі жаңартып тұруға мүмкіндік туындайды. Интернет-ресурстарды пайдаланудың нәтижесінде – білім берудің кешенді түрі, республикалық және халықаралық деңгейдегі материалдармен ақпараттық жүйе арқылы (спутникті теледидар, радио, компьютер байланысы және т. б.) танысуға болады. Интернет-ресурстарды пайдалану арқылы оқытудың ақпаратты білім жүйесі студентті ақпараттық ресурстармен, компъютерлік бағдарламалық, ұйымдастыру-әдістемелік материалдармен жан-жақты қамтамасыз етеді. Интернет-ресурстарды пайдалану арқылы оқыту білім алу формасының кең тараған түрі, оқушының білім және ақпарат алуға деген мүмкіндігін арттырады. Яғни, интернетресурстарды пайдалану арқылы оқыту нәтижесінде оқушы мен оқытушының уақыты мен орны бір уақытқа сәйкес келмесе де, білім алу мүмкіндігі жалғаса беретіндігімен ерекшеленеді. Компъютерлік технологияға негізделген білім беру жүйесі күнделікті білім алу мүмкіндігі артады. Ал мұндай жоғары мүмкіндікті былайша санамалап өтуге болады: 

  • Кез келген уақытта білім алуға ыңғайлы;
  • Жедел әрі нақты ақпаратты алуға қолайлы;
  • Дербес шығармашылық және ізденіс жұмыстарын жүргізуге тиімді әрі өз ізденісінің компъютерлік желілер арқылы дұрыс-бұрыстығын анықтауға болады;
  • Қажетті ақпаратты тез табуға көмектеседі, ал кәдімгі оқулықта бұл қиын;
  • Уақытты үнемдейді;
  • Қажетті ақпарат берілген қысқа мәтінмен қатар көрсетеді, баяндайды, форумда талқыланады, моделдейді және т. б. (осы жерде мультимедиятехнологиясының мүмкіндіктері мен артықшылығы байқалады) білім алушының алған білімін компъютерлік технология негізінде тексеруге мүмкіндік жасайды.

Соңғы уақыттардағы білім беру жүйесіндегі интернет технологияларды кеңінен пайдалану әдістеме ғылымында жиі сөз болып жүр. Бұл технология арқылы оқытудың жаңа формалары мен әдістері, оқыту процесіне жаңаша қарауға мүмкіндік туады. Мұнда негізінен гуманитарлық ,ылым салалары мен техникалық ғылым салаларының өзара бірлестігін көруге болады. Ал бұл дегеніміз оқушының жан-жақты тұрғыдан интеллектуалдық мүмкіндігінің артуына ықпал етеді. Қазіргі кездегі педагогикалық технологиялардың ішіндегі интернет ресурстарын пайдалана отырып оқытудың тиімділігі күн өткен сайын артатүсуде. Компьютерлік технологиямен жұмыс формасын пайдаланудың мүмкіндіктері өте үлкен. Онда студенттер интернет желісі арқылы дербес және ұжымдық тұрғыда жұмыс жасауына өте қолайлы болып табылады. Оны негізінен интернет беретін мүмкіндіктер мен қызметтерді былайша атап өтуге болады. Оларға: интернет тораптарында берілетін танымдық-тағылымдық ақпарат көздерімен танысуға, оларды ой елегінен өткізуге, әртүрлі чаттар мен электронды пошта арқылы хат алысып, онлайн режим арқылы виртуалды қатынас клубтарына – телеконференцияларға қатыса алады және нақты уақыт тәртібінде мәтіндік хабарламалармен алмасуға, радиобағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни ақпараттың қандай да түрлерін қолдануға мүмкіндіктері бар. Мұндағы білім қайнарына бағытталған ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез арада жеткізу, алыс қашықтықтағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі, интерактивтілік (жылдам кері байланыс пен сұхбат мүмкіндігі), іздеу жүйелері арқылы және өз бетімен іздеу, алынған материалдарды түрлі тасымалдаушыларға ауыстырып салу және т.с.с. интернеттің артықшылықтары ретінде тануға болады. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Жиенбаева С.Н. Кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекеті тәжірибесін қалыптастыруда құзыреттілік тұғырдың мәні // Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 4(6), 2011. -30-35 бб.
  2. Есекеева А.А. Оқытудың интерактивті әдістерін қолданудың ерекшеліктері // ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы. №1 (61). 2012.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *