
Жылгелдіұлы Ескелді би (1692 ж.ш. –1780)—би, шешен, қолбасшы, Төле бидің ұланбике атты қызынан туған жиен немересі. Жалайыр тайпасының Сиыршы руынан шыққан. Ескелді би «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары Тұрлымбет Бекенұлы, Жайнақ, Тәттібай мерген, Малтабар, Құлжан сияқты батырларды өз маңына жинап, жоң ғар шапқыншылығына қарсы қанды шайқастарда қаһарман дық көрсетті. Кейін Ескелді би бастаған жалайыр қолы Аңы рақай шайқасына, Аягөз, Таскескен мен қазіргі Текелі қала сынан әрідегі Жолбарыс сайы, Балдырғанды, Қызқұлаған деген жерлерде өткен шайқастарға қатысып, қазақ жерін жаудан азат етуге елеулі үлес қосты. Халық арасында «Ескелді би айтты» деген ұлағатты сөздер кең таралып, ол жөнінде Қабан жырау, Бақтыбай Жолбарысұлы, Сара Тастамбекқызы т.б. жыр толғаған.