Кенесары

Кенесары (1802-1847)—мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847 жылдар арасындағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. Қазақ жұртының соңғы хандарының бірі. Кенесары Шыңғыс ханның жиырма жетінші ұрпағы, Абылай ханның немересі. ордасын Көк шетауға тіккен Абылай ханның отыз ұлы болған.
25-139
Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуы ресей империясында І Петр билігі кезеңінен басталған ресей мен Қазақ хандығы арасындағы қатынастар сипатымен тығыз байланысты болды. ресей империясы өзіне шекаралас жатқан байтақ өлкені, күллі Азия елдеріне бастар «қақпа» деп есептегендіктен, қазақ жерін күштеп қоса бастады. Патша үкіметі 1822 жылы «Сібір қазақтары туралы Жарғысы» арқылы қалыптасқан хандық құрылымды, дәстүр лі билік үлгілерін жойып, қазақ елін жалпыресейлік басқару жүйесіне сіңістіріп жіберуді көздеді. Кенесары 1841 жылы хан болып сайланады. Халықты ұйымдастырып, ресей отар шыларына қарсы соғысады. 1847 жылы өзімен бірлесіп соғысудан бас тартқан қырғыздарға да қарсы ша буыл жасаған еді. өйткені қырғыздардың Сібір әкімшілігімен астыртын байланыстары болады. өз жақтастарының опасыздық жасағандары себепті, Кенесары інісі Наурызбаймен бірге дұшпандарының қолына түседі. Қырғыздар Кенесарыны айуандықпен өлтіріп, басын кесіп алып, омбыдағы орыс үкіметінің өкілі генерал М.горчаковқа табыс етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *