
Жүсіп—Жақып пайғамбардың кіші ұлы, пайғамбар, Құ ранда оған үлкен сүре арналған. Сүреде оның тарихы толық қамтылған. Інжілде ол Сұлу Жүсіп (иосиф Прекрасный) деп аталған. Жүсіп пайғамбар туралы аңыз-әңгімелерді негізге ала отырып, Фирдоуси Тусиден бастап көптеген шығыс ақындары жүзден астам дастан, жыр, поэма жазған. Қазақтарда да осы тақырыпқа арналған ХІХ ғасырда баспа бетін көрген дастан бар.