
Баға саясаты және мазмұны.
1. Бағаның құрылу принциптері
2. Баға саясаты
1) Сауда кәсіпорынның жағдайында өзекті мәселенің бірі бағаның экономикалық базасын дұрыстап анықтау себебі бағаның деңгейімен кәсіпорын тиімділігі байланысты.Көтерме баға деңгейімен кәсіпорын тиімділігі байланысты, бөлшек баға деңгейімен жұмыскердің нақты жалақысы байланысты. Баға тарихи категория болып табылады.Баға деңгейі ғана емес, сондай-ақ экономикалық мазмұны уақыт талабына сай өзгереді.
Баға тауарқұнының ақшалай өтемі болып көбінесе тауар шығыны мөлшерінен ауытқып отырады.Нақты механизм және ауытқу түрлері бағаға сұраным мен ұсынымның әсер ету дәрежесіне байланысты. Мемлекеттің бағаны реттеу мүмкіндігіне әлеуметтік факторларға айналымдағы қағаз ақша санына сондай-ақ инфлиция деңгейіне бәсеке сипатына, өндірушінің нарықтағы монополиялық жағдайына, пайдалылыққа, экономикалық тұрақсыздыққа.
Бағаның элементтері өндіріс пен айналым аясында болатын қосымша өнімнің әртүрлі формалары және оған айналыс шығындарында қосамыз. Жоспарлы экономика жағдайында бағаны құру принципі мынаған негізделген: баға тауарды тікелей өндірген кезде немесе оны өндіргенге дейін анықтау қажет. Бұл жағдайда нарық баға деңгейіне ешқандай әсер етпейді.Нарықтық баға құрлымына өту баға моделін, оның қалыптасу принципін өзгертеді. Себебі баға деңгейі нарықта қалыптасады немесе тауардың өткерілу аясында жүзеге асады.
Экономикадан еркін бейлеген елдерде көтерме және бөлшек бағалар кәңінен қолданылады.Оларға деген қолданыс сұраным мен ұсынымның өзара қатынасымен жүргізіледі. Нарықтық экономикада бағаның мынадай түрлері қалыптасқан:
Өндіріс бағасы- өндіріс шығындары жиынтығы және барлық авансталған капиталдың орташа шығынынан құралады.
Ұсыным бағасы- сатушының еш нәрсе қоспаған арнайы ұсталымы
Базистік баға — сатушы мен сатып алушы арасындағы алдын ала келісілген баға
Сатып алу, сату бағасы -сатушы бағасы немесе шартта таурды жеткізуді көрсету
Көтерме баға- ірі тауарларды сауда және өнеркәсіп кәсіпорындарына жеткізуде қолданылады.
Бөлшек баға- таурады сатып алушыға бөлшектеп сатқан кезде қолданылады.
Монопольді баға- монополиялар бекіткен жоғарғы немесе төменгі өндіріс бағасы
Номиналды баға- арнайы прескурантта, анықтамаларда жарияланады.
Анықтамалық баға- жасалған істің сандық нәтижесін көрсеттеді және базистік бағаның қалыптасуында қолданылады.
Қатты баға сату, сатып алу шартында көрсетіледі және өзгертуге болмайды.
Әлемдік баға- халықаралық сауда бағасы;
Өтімді баға- сұранымы жоғары ерекше тауар бағасы;
2)Баға саясаты дегеніміз- тауардың ақша саласын білдіретін экономикалық категория. Баға саясатының айқындығы оның мәнімен сипатталады.Экономикалық теориядағыдай баға құнның ақшалай мәнімен түсіндіріледі. Оның мөлшері қоғамның қажетті еңбек шығынымен анықталады. Өндірісте жасалған құн тауарды сатып алу, сату процесінде белгілі бір бағамен өткізіледі. Баға саясаты өте қозғалмалы, көптеген факторлардың әсеріне бейімделген. Олар: сұраным мен ұсыным, өндіріс шығындары, бәсекенің күші және т.б. Баға саясатының құрылуына қатысты көзқарасты қалыптастыру барысында тұтынушылар ортасының көңіл күйімен қоғамдық ақуалға мемлекеттік тауар саясатына нарықтағы бағаның жағдайына өте мән берген дұрыс. Бағаның құрылуы күрделі және көп факторлы процесс болып табылады.