Баға жүйесі және классификациясы
1.Баға және сұраныстың өзара байланысы
2.Баға және ұсыныстың өзара байланысы
1) Нарықтық экономикалық жағдайда нарық және бағаның барлық құралдарының даму деңгейі мен механизмі сұраныс және ұсыныс арқылы сипатталады.Сұраныс тұтынушының белгілі бір уақытта белгілі бір жерде тауар немесе қызметті сатып алу мүмкіндігіжәне қалауы.Сұраныс көлемі белгілі бір жерде анықталған уақыт арлығында берілген жағдайда сатып алуға мүмкіндігі бар.Тауарлар немесе қызметтер саны тауарға және оны анықтайтын факторға деген сұраныс көлемінің өзара байланысын сұраныстың жалпы функцияларында көрсетіледі:
Qux= f(Px,Py…Pz,I,W,Tx,F,S,q)
Qux-уақыт бірлігіндегі х тауарына сұраныскөлемі
Px-х тауарың бағасы
Py,Pz-бірін бірі толықтырушы тауардағы ауыстырушы , тауар бағасы
I – сатып алушының табысы
W- тұтынушының сатып алу қабілеті
Tx- сатып алушының талғамы және артықшылығы
F- тұтынушының болжамдары
S- берілген тауармен қанағаттандыратын қабілеттілік
q- сатып алушының саны
Сұраныс заңы тауарлар мен қызметтер саны мен баға арасындағы байланысты көрсеттеді.Осы өзара байланысты тауардың қандай көлкмі әртүрлі бағада сатып алынатынын көрсететін сұраныс тәсілі түрінде ұсынуға болады.Сұраныстың өзгерісі келесі жағдайлармен түсіндіріледі:
— тұтынушының біраз бөлігі тауарларды төмен бағада сатып алады.
— Төмен бағалар сатып алушының біразын басқа тауарларға қарағанда берілген тауарларды алуға итермелейді.Егер тауардың бағасы жоғары болса, сатушы белгісінің саны оны сатып алудан бас тартады.
2) Нарықта бағаны белгілеуде ұсыныстың рөлі өте зорболып келеді.Яғни ол анықталған уақытта, анықталған жерде сатушының сатып алушыға ұсынуға мүмкіндігі бар тауралар саны.Ұсыныс төмен бағаға қарағанда жоғары баға кезінде сатушылар тауарының көп бөлігін сатуға қоятынын көрсетеді.Ол сатушының жоғары пайда алуға тырысқандығынан болады.Егер баға өскенде сұраныс қисығы төмендесе,онда ұсыныс қисығы өседі.Ұсыныс функциясы тауар ұсынымымен оны анықтайтын факторлардың арасында өзара тәуелділікті көрсеттеді.Бұл тәуелділік келесі түрде болады:
Qsk= f(Px,Py…Pz,K,L,N,q)
Мұндағы:
Qsk- уақыт бірлігіндегі х тауарына деген ұсыныс
Px-х тауарының ұсыныс бағасы
Py,Pz- бәсекелес тауарлар мен берілген тауарлар бірлесе өндіретін тауарлар бағасы
K-өндірістің технология деңгейі
L- салықтар
N- өндірістік ресурстарға төлем
q- сатушылар саны