Нарықтағы фирманың баға белгілеу әдістері

Нарықтағы фирманың баға белгілеу әдістері.
1. Баға стратегиясы
2. Баға түрлері және сыныптамалары
1) Баға стратегиясы- тарихи қалыптаса отырып еркін нарық жағдайында сатып алушы мен сатушы бір-бірімен мәмілеге келген соң баға белгіленеді.Сатушы өзінің ойындағы бағасынан көп сұраса, сатып алушы төлейтін мөлшерден аз беруге тырысады. Саудаласа отырып олар екуіне ыңғайлы бағаға тоқталады немесе сұраным мен ұсыным әсерінен қалыптасатын тепе-теңдік бағаға келіседі. Соңғы 10 жылдықта батыс елдерде сатып алушылар таңдауында бағалық емес, бәсекелестік факторлар көбірек байқалады. Олар фирмалардың біркелкі өнім түрлерін кеңірек ұсынуы, өнімді жиі шығарып алмастыру оның сапасын ауыстыру, өнімнің техникалық сипаттамасын жетілдіру, сатлған өнімнің кепілдік мерзімін ұзарту және кепілдікті жетілдіре түсіру т.б. Өндіруші фирмалар қазіргі кезде баға құрлымы факторының үнемі өзгеруі жағдайында бәсекелестік орта жағдайының ауысуында қызмет жасауға тура келеді.Фирма өздеріне баға бөлімін құрып, олар бағаны белгілеумен айналысады және баға құрылымына стратегиялық көзқарасты қалыптастырады.Фирмадағы баға бөлімі бағаны жоспарлап отырады.
Баға құрылымы стратегиясы компанияның жалпы мақсатымен байланыстырады. Әртүрлі фирмалар әртүрлі мақсат қойып соған қарай нарықтық бағалық стратегиясын айқындайды. Сондықтанда фирма алдында әрбір жағдайға қарай қандай мақсатқа тауар бәсекелестігі көмегімен бәсекелестік қиын ортаға нені шешу керектігін белгілеп алады.Фирма бастапқы бағаны бекітеді. Содан кейін қоршаған бәсекелестік ортада оған әсер ететін әртүрлі факторларды есепке ала отырып реттейді:
1. фирма пайда табуды көздейді. Нарықта сату үлесін молайту немесе өнім сапасын жақсарту;
2. фирма тауардың көлемін болжайды;
3. фирма шығындар сомасының өндіріс деңгейінде қалай өзгеруіне есеп жасайды;
4. фирма бәсекелесінің бағасын ескеріп оны өз тауар бағасы ретінде қолданады;
5. фирма баға құрылымының «орта шығынмен қоса пайда» тауар құндылығының негізінде бағаны бекіту күнделікті баға деңгейіне байланысты бағаны белгілеу;
6. фирма тауарға бағаны психологиялық қабылдайды, толық ескере отырып міндетті түрде тексерген соң түпкілікті белгілейді.
Ұсынатын баға фирманың баға саясатына дәл келіп тәжірибеде одан ауытқымауы керек.
2) Нарық экономикасына өтпелі кезеңде баға түрлері және алуан түрлілігіне байланысты сыныпталады.Тауар айналымы саласында қызмет көрсету бағасы бірінші немесе негізгі белгі бойынша сыныпталады. Баға негізгі түрлерге бөлінеді:
1. өнеркәсіп өнімінің көтерме бағасы
2. құрылыс өнімінің бағасы
3. ауылшаруашылық көтерме сатып алу бағасы
4. бөлшек сауда бағасы
5. жүк және жолаушылар көлігінің бағасы
6. тұрмыс және каммуналдық қызмет көрсету бағасы
7. сыртқы сауда айналымының қызмет көрсету бағасы
Өнеркәсіп өнімінің көтерме бағасы фирмалардың, өнеркәсіптің, кәсіпорынның өнімін сатып алу және өткізу бағасы 2 түрге бөлінеді:
1. кәсіпорынның көтерме бағасы
2. өнеркәсіптің көтерме бағасы
Кәсіпорынның көтерме бағасы өнім дайындаушы баға бойынша кәсіпорында көтерме өткізу ұйымдарға немесе кәсіпорындарға шығарылған өнімді өткізеді.Негізгі көтерме баға кәсіпорында жоспарлау, талдау және есептеу арқылы анықтайды. Кәсіпорында көтерме баға өзіндік құннан пайда, акциздерден және ҚҚС құралады.Өнеркәсіптің көтерме бағасы кәсіпорындар мен ұйымдар өнім бағасы жабдықтау, өткізу арқылы ұйымдарға төленеді.
Құрылыс өнімдері бағасы мынадай түрлермен бағаланады:
1. сметалық құн – құрылыс объектісінің шекті мөлшер шығындары
2. келісім баға- мердігерлер мен тапсырыс берушілердің арасындағы келісім
3. көтерме сатып алу бағасы- келісімді баға сұранысымен ұсынысының ара салмағымен белгіленеді.
1) Фирма баға стратегиясы таңдау үшін оған қандай факторлар әсер ететінін біле отырып, оларды талдауықажет.Бағаға әсер ететін негізгі факторлар:
1. өңдіріс шығындары
2. тұтынушылар
3. тауар қозғалысына қатынасушылар
4. бәсекелестер
5. мемлекет
1.Өңдіріс шығындары түпкі бағаға аса қатты әсер етеді. Шығындар көлемі шикізат сатып алуға, жұмысшылардың жалақысын төлеуге, трансфортқа, қоршаған ортаны қорғауға кеткен қаражатқа байланысты.Бұл шығындар бағаны белгілеу кезеңінде есепке алынып, бағадағы пайданың үлесіне қарай баға деңгейі белгіленеді. Баға деңгейі тұрақты болғанда шығындар көлемінің өзгерісі пайданың әр қалай көлемде түсуін белгілейді.Бағаның негізгі элементі- өзіндік құн, ал оның құрылымының маңызды бөлігін материалды шығындар құрайды. Өзіндік құнды азайту үшін факторлық талдау жүргізіп, жаңа технологияларды енгізу, өндірісті ұйымдастыруды, еңбек өнімділігі мен басқаруды жақсарту есебінен оны түсіру жолдарын анықтау қажет. Өнімнің өзіндік құнының азаюы пайда мен рентабельділіктің артуына едәуір әсер етеді. Өнім бағасына кіретін рентабельділіктің деңгейі кеңейтілген ұдайы өндірісті қамтамасыз ету, шығындарды жабу және бюджетке салық пен төлемдерді төлеу үшін жеткілікті болуға тиіс.Шығындардың өзгермелі және тұрақты деген екі түрі болады.
Тұрақты шығындар өндіріс пен өткізу көлеміне қатыссыз қосымша шығындар екені белгілі. Компания өндіріс көлеміне қарамастан, ай сайын жалға алғаны үшін ақыны, несие үшін процентті, жылу ақысын, жалақыны т.б. төлеуге міндетті. Бұлар тұрақты шығындарға жатады.
Өзгермелі шығындар — өндіріс көлеміне тікелей байланысты болатыншығындар. Өнімнің әрбір бірлігі үшін шығындар тұрақты болып қалады, бірақ олардың жиынтық көлемі өндіріс көлеміне байланысты өзгереді. Бұлар – шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар және т.б.
Жиынтық шығындар – бұл белгілі бір өндіріс көлемі кезінде болатын тұрақты және өзгермелі шығындардың жиынтық сомасы.
2. Тұтынушылар баға және сату көлемінің өзара тәуелділігіне 2 себеппен түсіндіруге болады:
1.Сұраныс пен ұсыныс заңының әрекеті, баға икемділігі
2. Әртүрлі рынок жағдаында тұтынушыларының бағаға деген жауапты әрекеті Бағаны қабылдау және тауарды сатып алу бағытына қарай тұтынушыларды 4 топқа бөлуге болады:
-үнемдеп сатып алушылар тобы бұл топтағы тұтынушылар тауар бағасына, сапасына, түріне көп көңіл бөледі және осы топтағы тұтынушыларға жарнама қатты әсер етеді.
-Дербестендірілген сатып алушылар бұлар тауар бейнесіне сатушылардың қызмет көрсету деңгейіне көп көңіл бөледі.
— Этикалық сатып алушылар өздерінің сатып алуымен кішігірім фирмаларды қолдауға әзір және олардың тауарларына қымбат баға төлеуге дайын.
— Көңілсіз сатып алушылар тауарды пайдалануының ыңғайлылығына, қолайлығына жоғары бағалайды, баға көлеміне қарамайды.
3.Тауар қозғалысына қатынасушылар.Бағаны белгілеу кезінде маңызды роль атқарады.Олардың пікірімен санасуға тура келеді.Өйткені олар тауардың өткізу көлемін ұлғайтуға, жағымды тауар бейнесін жасауға, сатып алуды жалғастыруға өз ықпалын тигізеді.Көтерме және бөлшек саудадағы тауар қозғалысының негізгі қатынасушылары бағаны қатаң қадағалуы мүмкін. Егерде өндірушіге өзінің маңызды екенін көрсете білсе, пайдасыз тауарды өткізуден бас тартса, бәсекелес тауарды қоса өткізіп, тұтынушылардың сатушыға деген адалдығын қалыптастырады.
4. Бәсекелестер баға бақылауының жағдайына байланысты бәсеке ортасы 3 түрге бөлінеді:
— бағаны рынок бақылайтын орта онда бәсеке деңгейі жоғары тауар бір типтес ұқсас деп сипатталады. Бұл ортада фирма тауарын төмен бағамен ұсынса ол тауарға сұраныс көбеюі мүмкін, өйткені тұтынушылар бағасы төмендеген тауарға тез ауады.
— Бағаны фирма бақылайтын орта оған шектелген бәсеке. Ұсынған тауарлардың ерекшеліктері болады.Бұл ортада фирманың жұмыс істеуі және іс-әрекеті оңайлау болады. Тауарлардың бағасы жоғары немесе төмен болса да оны алушы тұтынушылар әрдайым болады.
— Бағаны мемлекет бақылайтын орта қоғамдық трансфорт, энергетика, коммуналды қызмет және де басқа салаларда кездеседі. Мемлекет органдары тұтынушылардан және өндірушілерден жан-жақты ақпарат жинаған соң нақты баға деңгейін белгілейді.
5.Мемлекет кәсіпорынның бағаны белгілеудегі еркіндігін мемлекет шектейді.Бұл шектеуді 3 дәрежеге бөлуге болады:
— мемлекет бағаны өзі белгілейді;
— мемлекет баға қою ережелерін бекітеді;
— бәсекеге және нарықты монополиялауға шек қою үшін нарықтық баға ережелерін орнатады.Ол үшін мемлекет мына іс-әрекеттерді шектейді, кәсіпорындардың бағаны жоғары деңгейде сақтау мақсатымен келісім қабылдауына шек қояды, бәсекелестері жою мақсатымен тауарды өз құнына төмен бағамен сатуға шек қояды.
2)Фирманың баға саясаты нарықтық бағаның бет алысы көптеген жағдайда нарық құрылымының бәсекеге жарамдылығына байланысты.Әдетте нарық төрт түрге бөлінеді.Олардың әрқайсысы салалық және кәсіпорындар шығарған өнімдерін бағаларын қалыптастырудың ерекше жағдайларын сипаттайды.
Нарықтық экономика жағдайында өндіріс тауарлы өндіріс екенін көрсетеді және тауарлардың бағасы негізінде олардың құнына жатқызады. Тауарлы өндірісте баға құнының ақшалай түрінде болады.
Нарықтық жағдайда тауар бағасы сұраныс пен ұсынысқа нарық жағдайда және тауардың бәсекеге жағдайында құрылады.
Тауарлардың бағасы, айналым қызметі мемлекет ықпалынан еркіндік дәрежесі, тұрақтандыру деңгейі негізделуі, уақыт әрекеттері сипаттарын топтастырады, тауарларға айналым бағасының қызмет теу тарифтері және т.б. ажыратылдады. Қорыта айтқанымызда еркін бәсекедегі нарық бағалары өндірілген тауарлардың біртектілігі және өзара алмасушылығы.
Еркін бәсеке жағдайында бірде- бір кәсіпорын баға құрылымына елеулі ықпал ете алмайды, тауардың бағасы тек қана сұраныс пен ұсыныстың жиынтығының ықпал жасауынан қалыптасады. Жеке кәсіпорындарды баға саясаты, яғни бағаны реттеу қабілеттілігі болмайды. Ол тек қана нарықтық бағаға бейімделеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *