Адам бақытқа жетелейтін ұстазға мұқтаж
Әл Фараби
Адамның өмір сүру мақсаты ең жоғарғы бақытка жету болатын болса, ол адам бақыт дегеннің не екенін білуі қажет және оны өзінің мақсаты етіп қойып, соған ұмтылуы қажет. Сонан кейін ол бақытка жету үшін не істеуге тиіс екенін біліп, соған әрекет жасауы керек.
Әртүрлі индивидтердін түрліше қасиеттерінің айтылғанынан мынадай айқын (87-бет) қорытынды шығады: білуі тиіс болған [нәрселер] мен бақытты кез келген адам біле бермейді. Бұл нәрсе кез келген адамға бітетін қасиет емес. Ол үшін [екінің бірінде] ақылгөй ұстаз керек.
Кейбір кісілер азын-аулақ қана басшылыкты керек етеді, басқа бір адамдар көп басшылықты қажет етеді. Бірақ басшылықтың бұл екі түрі болғанның өзінде ол адам, егер сырттан итермелеуші немесе талпындырушы болмаса, үйреткен, берілген ақылдың бәрін бірдей орындай бермейді. Бұл жағдай адамдардың көпшілігіне тән нәрсе. Сондықтан ол бәрін үйрететін және тиісті амалдарды орындауға итермелейтін адамдарға зәру болады.