Басшы басқаға үйретіп жол көрсетеді

Басшы басқаға үйретіп жол көрсетеді

 

Әл Фараби

Басқа адамға басшылық ету де әр адамның қолынан келе бермейді және тиісті әрекетті жасауға итермелеуші болу қабілеті де әрбір адамда бола бермейді. Осы нәрселердің біріне итермелеуші болуға немесе оны өзге адамға жеткізе білуге мүлдем қабілетсіз адам ешбір жағдайда басшы бола алмайды. Мұндай адам тек біреудің басшылығында болады. Ал енді бір жағдайларда басшылық етіп жетелеуші болуға және оны осы ретте пайдалануға қабілетті адам соны өздігімен істей алмайтындарға осы мәселеде басшы болады. Осығанөздігімен жете алмайтын адам, егер соның өзіне басшылық етіп, оны осыған үйретсе, онда ол осыны түсінеді. Кейін басқаларды өзі танып-біліп, басқаны бір нәрсеге итермелеуге қабілеті пайда болады. Оларға басшылық етіп, оны осы жолда пайдаланады. Міне, мұндай адам өзі біреулерге басшы болып әрі өзі біреулердің басшылығында болады.
Басшы бірінші басшы болуы да және екінші басшы болуы да мүмкін. Екінші басшы(88-бет) дегеніміз − өзіне басқа кісі басшы, ал өзі басқа бір кісіге басшы. Басшылықтың осы екі түрі белгілі бір салада жүзеге асырылады. Мысалы, ауыл шаруашылығында, саудада, медицинада. Сол сияқты, бүл жағдай, яғни адамдардың тегі жөнінде ерекшелігі барлық салалардақолданылуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *