Қайырымды қала

Қайырымды қала

Әл Фараби

Адамдардың тектері олардын жаратылысынан, өнерлер, ғылымдар сатыларына жіктелуіне сәйкес ажыратылады. Олар осы нәрселерге жаратылысынан бейім болады. Қайсыбір текке жаратылысынан әзір тұратындар сол тектің бөлшектеріне сәйкес жіктеледі. Бұл тектің неғұрлым пәс бөлшектеріне жаратылысынан бейім адамдар, сол тектің неғұрлым лайықты бөлшектеріне бейімделгендерден өзгеше болады. Қайсыбір текке және тектің қайсыбір бөлшегіне жаратылысынан бейім адамдар, өзінің алдын ала бейімдігінің жетілген-жетілмегеніне сәйкес ажыратылады.
Сонсоң, жаратылысында берілген қасиеттері жағынан тепе-тең адамдар осы адамдардың өзі бейім тұратын нәрселер арқылы алатын тәрбиесіне қарай ажыратылады. Тәрбиесі жағынан өзара тең адамдар соның салдарына қарай ажыратылады.
Қайсыбір салада оң нәтижеге жетуге қабілетті адамдар қабілеті жоқ адамдардың басшысы болады. Нәтижеге жетуге көбірек қабілеті бар адамдар нәтижеге жетуге қабілеті аз адамдарға басшы болады. Бұл адамдар тәрбиенің нәтижесінде қол жеткізген жақсы немесе нашар басқару немесе кеңесші болу қабілетіне қарай ажыратылады. (86-бет)
Жақсы басшылық жасап, жақсы ақылгөй болуға қабілеті бар адамдар осы нәрсеге қабілеті жоқ адамдарға басшы болады. Осы сияқты қайсыбір салада жақсы қасиеті бар адамдармен салыстырғанда, жаратылысынан жетілмеген қасиеттері бар адамдар жақсы тәрбиенің арқасында, жаратылысынан өте абзал қасиеттері бар адамдардың тәрбиесін көрмегендермен салыстырғанда, анағұрлым лайықты адамдарға айналады.
Қайсыбір салада неғұрлым жетілген тәрбие көргендер нақ сол салада соғұрлым кәміл емес тәрбие алғандарға басшы болады. Осындай салада жаратылысынан ең абзал қасиеттері бар және жаратылысынан өзі бейім нәрселердің бәріне сәйкес тәрбие алғанда осы салада жаратылысынан тамаша қасиеті еш уакытта болмағандарға басшы бола алмайды; олар жаратылысынан тамаша қасиеті бар, бірақ тиісті тәрбие алмағандарға ғана немесе жеткілікті тәрбие алмағандарға ғана басшы бола алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *