
Патша жасы. Қазақта патша болған емес. Алайда патшаға бергісіз хандардың болғанын екінің бірі біледі. Қазақтың патша жасы дегені мынадан шықса керек. Жалпы шығыс мұсылмандары жасы толса да, ақылы қалыптаспады деп қырыққа келмегенді патша (хан) қойғызбаған. Мөлшері қырықты патша жасы деуді біз шығыс халықтарынан үйренген болуымыз керек. Әсілі қазақтар қырықты қынаптан шыққан қылыштай деп ардақтайды. Бұл жасқа келгенде бірқатары атқа мініп, ел басқарады. Ақылды азаматтар хан, төре, сұлтан сықылды мансапқа ие болады. Билік айтады. Өнерімен, батырлығымен, ақылдылығымен, шешендігімен жұртқа танылады. Бұған қарағанда қазақтың кезінде қырық жасты патшы жасы деуі орынды сияқты.