
Шарғы. Ұзатылған қыз өзіне тетелес сіңлісіне басына тартатын орамалын береді. «Бұл – ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген сөз. Мұндай дәстүр шарғы деп аталады. Шарғы салынған қызға жеңгелері, замандастары бас қосып келіп, жақсы тілек білдіріп, шәй ішеді.