
Жылқы жасы. Қай халықта болмасын жиырма бес – «бұғанасы бекіп, қабырғасы қатқан», «отқа салса өртенбес, мұзға салса тайсалмас» нағыз ердің жасы. Жаулары жылқысын айдап, жесірін тартып әкетіп жатқан жаугершілік заманда ел шетіне келген жауға айдын болатын да, құрық алып, нелер шу асауды бұғалық сап үйрететін де жылқышы жігіттер. Күндіз де, түнде де қақақаған аяз бен қапырық ыстыққа, жауын мен желдің өтіне шыдайтын түз дүлдүлі жылқы бағуды сеніп тапсыру жиырма бес пен қырықтың арасындағыларға лайық кәсіп болған.