Ақпараттық жүйелерді есептің құрылымдануына қарай классификациялау
Есептердің құрылымдану түсінігі
Ақпараттық жүйелерді құру немесе классификациялау кезінде шешілетін есептердің формальды – математикалық және алгоритмдік суреттелуімен байланысқан мәселелер туындайды. Ақпараттық жүйе құруға арналған үш түрлі есепті бөліп қарауға болады: құрылымдық, құрылымдық емес және жартылай құрылымдық.
Құрылымдық есеп – оның барлық элементтері мен олардың арасындағы байланысы белгілі есеп.
Құрылымдық емес есеп – онда элементтерді бөлуге және олардың арасында байланыс құруға мүмкін беретін есеп.
Құрылымдық есепте шешімнің нақты алгоритмі бар математикалық модель формасында оның мазмұнын көрсетуге болады.
Жартылай құрылымдық есептерді шешу үшін ақпараттық жүйелерді екі түрге бөлеміз:
-басқармалы есептерді құратын және мәліметтерді өңдеуге негізделген (іздеу, таңдау, фильтрлеу); осы есептерде бар мәліметтерді пайдалана отырып, басқарушы шешім қабылдайды.
-шешімнің мүмкін альтернативаларын құратын. Осы кезде шешім қабылдау мүмкін альтернативалардың ішінен біреуін таңдауға әкеледі.
Басқармалы есептер құратын ақпараттық жүйелер тұтынушының ақпараттық қолдауын қамтамасыз етеді, яғни мәліметтер қорында ақпаратқа енуін және оның жартылай өңделуін көрсетеді.
Модельді ақпараттық жүйелер тұтынушыға математикалық, статикалық, қаржылық және басқа модельдерді береді, оларды пайдалану шешім альтернативасын құру және бағалауды жеңілдетеді. Тұтынушы шешім қабылдау үшін оған жетіспейтін ақпаратты алу үшін оны зерттеу процесінде модельмен диалог құру жолымен алуға болады.
Экспертті ақпараттық жүйелер білімді өңдеумен байланысты экспертті жүйелерді құру есебінен тұтынушылардың мүмкін альтернативаларын істеп шығару мен бағалауды қамтамасыз етеді. Тұтынушымен қабылданатын шешімдерді экспертті қолдау екі деңгейде жетілдіріледі.
Экспертті қолдаудың бірінші деңгейінің жұмысы «типтік басқармалы шешімдер» концепциясынан шығады. Бұл деңгейдегі экспертті қолдауды жетілдіру үшін типтік альтернативаларды сақтау және анализдеудің ақпараттық қоры құрылады.
Егер туындаған мәселелік жағдай типтік альтернативалар кластарымен сай келмесе, жұмысқа басқару шешімдерін эксперттік қолдануының екінші деңгейі кірісу керек.