Ақпараттық жүйелер құрылымы және классификациясы

 

Ақпараттық жүйелер құрылымы және классификациясы

Ақпараттық жүйелердің құрылымы подсистема деп аталатын оның жеке бөліктерінің жиынтығын құрайды.
Подсистема – қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйе бөлігі.
Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолдану сферасына қатыссыз подсистема жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда классификацияның құрылымдық белгісі туралы айтылады, ал подсистеманы қамтамасыз етуші деп атайды.

Қамтамасыз ететін подсистема ішінде ақпараттық, техникалық, математикалық, программалық, өндірістік және құқықтық қамтамасыз ету бойынша бөліп қарастыруға болады.
Ақпараттық қамтамасыз ету
Ақпараттық қамтамасыз ету подсистемасының міндеті шешімдер қабылдау үшін нақты ақпаратты беруден тұрады.
Ақпараттық қамтамасыз ету – ақпараттық топтар схемасының, құжаттардың бірыңғайлы жүйесінің, ақпаратты кодтау және классификация жүйесінің жиынтығы, сонымен қатар мәліметтер қорын құру әдістемесі.
Техникалық қамтамасыз ету
Техникалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйелердің жұмысына арналған, сонымен қатар осы әдістер мен технологиялық процестерге сәйкес келетін құжаттардың техникалық әдістерінің комплексі.
Техникалық әдістер комплексі мыналарды құрайды:
o кез келген модельді компьютерлер;
o ақпаратты жинау, өңдеу, беру және шығару құрылғылары;
o мәліметтерді беру және байланыс линия құрылғылары;
o өндірістік техника және ақпараттың автоматты түрде алынатын құрылғылары ;
o эксплуатациялық материалдар және т.б.
Математикалық және программалық қамтамасыз ету
Математикалық және программалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйелердің есептері, сонымен қатар техникалық әдістердің комплексін бірқалыпты функционалдауға арналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер мен программалар жиынтығы.
Математикалық қамтамасыз ету әдістеріне мыналар жатады:
o басқару процестерін модельдеу әдістері;
o басқарудың типтік есептері;
o математикалық программалау, математикалық статистика, жаппай қызмет ету теориялары және т.б. әдістер.
Программалық қамтамасыз ету құрамына жүйелік және арнайы программалық өнімдер, сонымен қатар техникалық құжатнама кіреді.
Жүйелік программалық қамтамасыз етуге тұтынушыларға негізделген және ақпаратты өңдеудің типтік есептерін шешуге арналған программалар комплексі қарайды. Арнайы программалық өнімдерді қамтамасыз ету нақты ақпараттық жүйе құру кезінде жасалған программалар жиынтығын көрсетеді. Оның құрамына әр түрлі деңгейдегі модельдерді құруды жетілдіретін қолданбалы программалар пакеті (ҚПП) кіреді.
Өндірістік қамтамасыз ету
Өндірістік қамтамасыз ету – жұмысшылардың техникалық әдістерімен іс-әрекеті және өзара ақпараттық жүйені құру мен эксплуатациялау процесіндегі әдістер мен тәсілдер жиынтығы.
Құқықтық қамтамасыз ету
Құқықтық қамтамасыз ету – ақпаратты алу, жаңарту және пайдалану ретінде ақпараттық жүйелерді құруды, функционалдау мен заңгерлік мәртебені анықтайтын құқықтық ережелер жиынтығы.
Құқықтық қамтамасыз етудің басты мақсаты заңдылықты нығайту болып табылады.
Құқықтық қамтамасыз ету құрамына заңдар, нұсқаулар, мемлекеттік билік органдарының қаулылары, бұйрықтар, инструкциялар мен министрліктің басқа нормативті құжаттары, ведомосттар, өндірістер, жергілікті билік органдары кіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *