Жүкті тасымалдаушы жүйелерді басқару

Жүкті тасымалдаушы жүйелерді басқару

Жүкті тасымалдауды басқару жүйесін тағайындау. Транспорттағы басқару жүйелері түрлі жүктерді жеткізуді басқарумен байланысты есепке алуды жүргізу, қызметті талдау мен жоспарлауға арналған жүктер ,жүкті өңдеуге қатысатын барлық бөлімшелер үшін ашық ортақ реестрде тіркеледі.
Жүйелер тасымалдауға алдын ала берілген тапсырыстарды да тіркейді. Интернет –тапсырыс модулі тұтынушылардың тапсырыстарын фирманың Интернет сайты арқылы қабылдауды қамтамасыз етеді және тұтынушыны ары қарай оның жүгінің орын ауыстыруы туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Алдын ала тапсырыс беруде жүк тасымалдаудың балама проекттісін түрлендіруге болады; тасымалдаудың әр этабында қозғалыстың оптималды маршрутын өңдеуге және орындалатын операцияларды (бақылау нүктелерінен өту, тиеу, маршруттағы түрлі қызмет көрсетулер , жекеленген этаптардан және толық маршрутты өту уақыты) алдын ала жоспарлап алу керек. Жүкті тасымалдау этаптары проектте CRM- жүйесімен (тапсырмалар, оқиғалар, еске салулар, хабарландырулар )интеграцияланған. Жүк тасымалдаудың түрлі проекттерін құру мүмкіндігі тасымалдаудың кірістері мен шығыстарының жоспарлы есептеулерін жүргізуді, тұтынушыларға ұсынатын жүк тасымалдау деректерінің нұсқаларын сақтауды жүзеге асырады.
Әр жүк үшін реквизиттер мен қасиеттер жиыны (контрагенттер, тасымалдау маршруттары мен шарттары, көлемдік сипаттамалары, маркіленуі мен сақтандырулары, тауар спецификациясы және т.б ) тіркелген. Стандартты емес жүктер (өте ұсақ, өте көлемді, ауыр, қауіпті жүктер )үшін тасымалдану талаптары тіркеледі.
Жүктерді өңдеу. Жүйе жүкпен өткен барлық операцияларды тіркейді: технолгиялық өңдеу(сыртын қаптау, кесу және т.б), партияларға бөлу және оларды түрлі жерлерге орналастыру(қоймаға, рейске, контейнерге тиеу, шығарып тастау және т.б), жүктерді біріктіру, табылған проблемалар актісіне сәйкес жүк параметрлерін түзету.
Программа жүк тасымалы қозғалысының барлық маршруттарын көрсете алады.
Тасымалдауларды басқару ( өзінің транспортымен немесе басқа тасымалдаушы арқылы) тіркелген рейс түріне байланысты жүзеге асады: авиа, авто, теміржол немесе су қатынасы арқылы. Рейсті жоспарлау сәйкес рейс кестесіне, транспорттық құралды таңдау және тиеу жоспарын құру арқылы болуы мүмкін. Сонымен қатар, рейс жағдайын бақылау : «тиеуге дайын», «тиелді», «жолда», «бақылау нүктелерінен өтті» және т.б. болады.
Нақты қолданушылардың арнайыланған талаптарын ескеру толықтанатын анықтамалар теруге мүмкіндік береді: жүкті өңдеу орны(қоймалар,порттар, терминалдар, темір жол станциялары және т.б), жүкті жеткізу шарттары, типтік маршруттар және т.б. Анықтама мазмұны импорттала алады.
Сондай-ақ, жүйелер «есіктен есікке» тасымалдауын орындайтын жергілікті жеткізіп беру басқаруын қамтамасыз ете алады. Жергілікті жеткізіп беруге есепке алу қолдық режимде де, автоматтық режимде де жүргізіледі. Алынған тапсырыстар негізінде кезекке тұрғызу, тиеу мен түсіру уақытын жоспарлау мүмкіндігімен әкету маршруттары түрленеді. Оптималды маршруттар үшін жүйе ГИС-пен (жергілікті электронды карточкалар) әсерлесуі мүмкін. Жүйе тапсырыс тіркелген уақыттан жүкті тұтынушыға тапсырғанға дейінгі уақыт аралығындағы тасымалдау процесінің барлығын есептеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді . Нақты қолданушыға бапталған алгоритм негізінде жүкті тасымалдау құнын алдын ала есептеу қарастырылған. Шығындар мен кірістерді есептеу рейстер бойынша немесе жеке бір жүк бойынша болуы мүмкін. Шоттарды түрлендіру автоматты түрде, немесе қолмен жүргізілуі мүмкін. Бір құжатқа бірнеше жүк туралы берілгендер енгізілуі мүмкін, сондай –ақ, әр бір жүк үшін жеке есептеулер жүргізілуі мүмкін. Жүйелер жүйе ішінен құжаттарды түрлендіре алады және баспаға шығара алады. Жүкті орналастыру берілгендері негізінде статистикалық мәліметтер алып, түрлі есеп берулер құруға болады(модульдің стандартты есеп берулері мен қатар өз бетінше құрылған есеп берулер).
Ұсынылатын әдебиеттер :
1.Николаев А.Б., Алексахин С.В., Кузнецов И.А., Строганов В.Ю. Автоматизированные системы обработки информации и управления на автомобильном транспорте. Учебник. М.: Академия, 2003, -224 с.
2.Информационная система для управления перевозочным процессом./ Под ред. Г.С. Ратина. — М.: Транспорт, 1989 г. — 239 с.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *