АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ПРАГМАТИКАСЫ: БІРҚОЛДАНАР ТІРКЕСТЕР


АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ПРАГМАТИКАСЫ: БІРҚОЛДАНАР ТІРКЕСТЕР

Бұл мақалада ауызекі сөйлеу тілі прагмосемантикасындағы тіркестердің тосын өзектіленуінің прагматикалық тәсілі туралы айтылады. Қазіргі кезде прагматикалық тәсілге көп көңіл бөлініп жүр, себебі оның шығармашылық және ғылыми қыры басым. Бұл тәсіл зерттеушіге көркем мәтінді оның оқырманға қалай әсер ететіндігі жағынан, сонымен бірге осы мәтіннің семантикалық және құрылымдық-компоненттік байланысуы тұрғысынан талдау жасауына көп мүмкіндік береді.
Cөйлеу жанры мәтіні арқылы автор оқырманға өзінің әлемді – зат, құбылыс, олардың ерекшелігі мен арақатынасын түйсінуі әрі тануы арқылы хабарлайды, осылайша ол өзінің болжаған прагматикалық тиімділігіне қол жеткізуді көздейді. Себебі бұл мәтіндердің құрылымының прагматикалық мәні соңғы нәтижені, тиімділікті қарастыру барысында анықталады.

Түйінді сөздер: прагмосемантика, фразеологизм, көркем мәтін, прагматика, семантика.

Қазіргі лингвистиканың ең басты ерекшелігі – тілдік процестерді зерттеуге шығармашылық қадам жасау. Сөйлеу тілі шығармашылығы ретінде мәтін тіл қызметін жасаудың бір тәсілі болып саналады. Сөйлеу тілін аса қызығушылықпен қарастыруының нәтижесінде сөйлеу тілі жанры, қарым-қатынас жанры деген ұғымдармен қатар осыған ұқсас зерттеулер көбейді.
Сөйлеу жанрлары арқылы коммуникация пайда болады, осылайша олардың көлемі мен семантикалық құрамына қарасты тұтастығы коммуникацияға сүйенеді. Қажетіне қарай бұл мәтіндер ірі әдеби көркем мәтін күйіне дейін жете алады.
Сөйлеу жанры мәтіндеріне толық форматты әдеби-көркем мәтіндердің ерекшеліктері
тән.
1 Мәтін тұтастығы белгілі бір мақсатқа жету, сөйлеу тілінен тыс міндеттерді шешуге
функционалды түрде бағытталған оның мазмұндық ұйымдасуы арқылы анықталады. Мәтіннің тұтастығы лингвистикалық жолмен анықталмайды: тек қана ұсынылған мақсатқа сәйкес тұлға ретінде қабылданатын мәтін тұтас бола алады (осыған орай ол мәтін болып саналады).
2 Мәтін байланыстылығы «мәтіннің түрлі деңгейлерінде (фонетикалық деңгейден бастап, синтаксистік деңгейге дейін, сонымен стилистикалық және құрылымдық деңгей) және жеке оқиғалардың әр түрлі жиынтығында, басқа параметрлерде пайда болады.
3 Мәтіннің контекстік-мағыналық аяқталуына И.Р. Гальперин мынадай анықтама береді: «Мәтін дегеніміз – өзіндік мазмұны бар аяқталған хабар, әдеби тілде бұрыннан қалыптасқан хабар формаларының (функционалдық стиль, оның түрлері мен жанрлары) абстрактілі бір моделі бойынша ұйымдастырылған және өзінің белгілері арқылы сипатталатын хабар» [2, 16]. Сөйлеу жанры мәтіндеріне қатысты М.М. Бахтин контекстік- мағыналық аяқталуды былайша сипаттайды: «сөйлеудің аяқталуы бұл – сөйлеу субьектілерінің ішкі жағының ауысуы: бұл ауысу сөйлеуші бар ойын айтқанда (немесе жазғанда), ол осы уақытта өз ойын айтқысы келгенде жүзеге асуы мүмкін. Тыңдап немесе оқи отырып, біз сөйлеудің аяқталғандығын анық сеземіз. Бұл аяқталу – ерекше және ол ерекше критерийлер арқылы аяқталады. Сөйлеудің аяқталуының бірінші әрі маңызды критерийі – бұл оған жауап беру мүмкіндігі, кеңірек әрі нақтырақ айтсақ, оның жауап позициясын иеленуі» [4, 268-269].
Біз тұтастық пен байланыстылықты сөйлеу жанры мәтіндерінің ең елеулі сипаты деп ойлаймыз. Біздің ойымызша, сөйлеу жанры мәтіндерінің имплицитті сипаттамасы ретіндегі тұтастық «референттік көзқарас, ассоциация және жанама-сигнификативті компоненттер
«қосылатын» денотативті жағдайдың мәтінмен өзара байланысы болып табылады. Мұның бәрі мәтіннің мағыналық және прагматикалық құрылымы ретінде анықталады.
М.М. Бахтин айтқандай, бір жағынан кез келген сөйлеудің аяқталуын және оның жауап позициясын иелену мүмкіндігін білдіретін, екінші жағынан, белгілі бір жанрлық форманы анықтайтын маңызды фактор – сөйлеушінің түпкі ойы. Ол: «Әрбір сөйлеу тілінен – бір сөзді тұрмыстық репликадан ірі репликаға, ғылым мен әдебиеттің күрделі шығармалары негізінен біз тұтас ой, оның көлемі мен шекарасын анықтайтын сөйлеу ойын біз еркін түсінеміз, сезінеміз, байқаймыз. Сөйлеуші осы ойы мен еркі арқылы нені айтқысы келгендігін де елестете аламыз және сөйлеудің аяқталуын топшылаймыз. Бұл түпкі ой бір объекті, сонымен бірге оның мән-мағыналық сипаты ретінде анықталады»,-деп жазды [4, 270]. Бахтиннің сөйлеушінің түпкі ой термині мен сөйлеу қызметі теориясындағы иллокутивті күш термині сәйкеседі. П.Ф. Стросян былай деп жазды: «Расында да, сөйлеудің иллокутивті күші өз мәні бойынша сөйлеушінің тыңдаушыға бағытталған ниетін анықтауға және сөйлеушінің оны тануға арналған танымы жатады» [6, 149].
Лингвистика саласында маңызы бар прагматикалық зерттеулердің ықпалының нәтижесінде мәтіннің лингвопрагматикасы сияқты бағыт жасалынады. Бұл бағыт оқырманның мәтінді адекватты тұрғыда түсінуіне көмек беретін, осылайша оқылған ойға реакция беру мәтінін құрастыратын прагматикалық ережелерді суреттеу және анықтаумен айналысады; мәтіннің лингвопрагматикасы автордың оқырманға әсер ету мақсатында құрылатын немесе білінетін контекстік-оқиғалық ортасына негізделіп жасалады.
Қазіргі уақытта қарым-қатынастың негізгі бірлігі деп лингвистика саласы мәтін мен оның ішкі құрылымын атайды, ал бұл мәтіннің туындауына шешімді ықпал ететін факторлардың таңдау қажеттігін туғызады. Бұл нақты оқиғаға сәйкес, ол ең алдымен, коммуникацияның құрылымы мен соңғы мақсатын орындауға бағытталған коммуникациялық бірліктердің құрылымы және семантикасының өзара қарым-қатынасын, коммуникациядағы әңгімелесушілердің бір-біріне тигізетін әсерін айқындауды білдіреді. Әсер етудің бұл механизмі: 1) ақпарат берушінің мақсатына қарай тілдік тұлғалардың қолданылу тәуелділігін; 2) ақпарат алушы алатын әсердің сипаты мен деңгейін білдіреді. Мәселен, И.П. Сусов сөйлеудің прагматикалық құрылымын сегіз мүшелі туынды деп түсінеді: «Мен – саған – осындай уақытта – осындай жерде – осы ой арқылы – не себепті екендігіне қарай – осындай мақсатпен – осындай алғышарт, оқиғаға сәйкес – осындай тәсілмен – мынадай әлеуметтік-маңызды және жеке қарым-қатынастар негізінде – осы жайлы
– хабарлаймын» [7, 10-11], мұндағы семантикалық болып табылатын «осы жайлы» +
«хабарлаймын» компоненттерінен басқа компоненттердің барлығы прагматикаға жатады.
Көркем мәтін тілінің адамға әсер етуін зерттеу адамдардың саналы және ұғынықсыз мінезіне басым әсер ететін тәсілдер мен құралдар өңдеу арқылы анықталады. Міне, осы жағдай белгілі бір жанр формасын таңдауға мүмкіндік береді – бұл арқылы автор өз ойының иллокутивті күші туралы, яғни осы автордың айқын коммуникациялық мақсатын сипаттайтын белгілердің комплексі туралы оқырманға хабарлайды. Бұл авторға иллокутивті мақсатқа, яки оқырманның білімі, еркі немесе санасына әсер етуі үшін, сол мақсатқа жетуі үшін қажет. Сөйлеу жанрлары мәтіндеріне қатысты осы ұсынылған прагматикалық құрылымды түзетулер мен өзгертулер енгізу арқылы жанрлық ерекшелік деп қабылдауымызға болады.

Сонымен, сөйлеу қызметі мәтіні арқылы автор оқырманға өзінің әлемді – зат, құбылыс, олардың ерекшелігі мен арақатынасын түйсінуі әрі тануы арқылы хабарлайды, осылайша ол өзінің болжаған прагматикалық тиімділігіне қол жеткізуді көздейді, яғни оқырман жағынан сөйлеу немесе үнсіз қимыл туындату мақсатында оған әсер етеді. Хабар алушы естігенін/оқығанын өз уақытында интерпретациялауы қажет. Прагматикалық интерпретация термині кең мағынада түсіну стратегиясын білдіреді.
Сөйлеу жанры түрлеріне қатысты синтагматикалық негізде құрылған мәтіндер жаңа реляциялық мағынаның пайда болуына қатысты тенденциялар арқылы сипатталады. Бұл жаңа реляциялық мағына мәтіннің семантикалық элементтерінің болмыс (денотат) объектілері және осы синтагматикалық конструкциямен байланысуы арқылы жасалады. Осылайша, берілген мәтіннің құрамындағы тілдік бірліктердің узуалды семантикасына әр түрлі реляциялық мағыналардың туындауы немесе ұлғаюы барысында пайда болады. Бұл түрлі ассоциациялардың пайда болуына ықпалын тигізеді. Осыған орай, мәтіннің нақты синтагматикалық ұйымы (құрылымы, құрамы) неғұрлым көп болған сайын (бұл әсіресе сөйлеу жанры мәтіндеріне қатысты), семантикалық байланыс та еркін әрі ассоциациялық бола түседі.
Ғалымдар автордың коммуникациялық мақсатына көп назар аударады, себебі автордың өзі ғана алуан түрлі тілдік құралдардың ішінен өзінің ойына толық жауап бере алатынын таңдап алады. Сондықтан да кейбір ғалымдар «тіл құралдарының стилистикалық қолданылуы нақты мәтінді басым түрде түсінуді қамтамасыз ететін осындай тұлға немесе формаларды таңдаумен байланысты» болғандықтан, прагматиканы мәтінмен авторлық жұмыс әрі мәтін туындату барысында сөйлемнің грамматикалық моделі мен лексикалық құралдарды таңдау процесімен сәйкес екінші маңызды фактор коммуниканттың аялық білімі болып саналады.
Сөйлеу жанрлары мәтіндерінің авторлығы дәстүрлі ұғым тұрғысынан қарағанда жеткілікті деңгейде шартты болып табылады (анекдот, частушка, қалжың және т.б.), сондықтан да коммуниканттардың аялық білімі мәтін тудыру барысында айқындаушы білім болады. Осылайша, көркем мәтіннің прагматикалық құрылымын оқырманның аялық білімін ескере отырып, мәтіннің оған әсер етуі арқылы зерттейміз. Себебі бұл мәтіндердің құрылымының прагматикалық мәні соңғы нәтижені, тиімділікті қарастыру барысында анықталады.
Мәтін құрамына енген фразеологизмдерді мәтіннің элементі ретінде өз мазмұнының бүкіл компонентімен ассоциацияланатын, осыған сәйкес өзіндік жүктемесі бар, тұтас мәтіннің бір бөлігі ретінде қабылданады. Бұл тұлғалар мәтіннің экспрессивтік жоспары – коммуникациялық табиғаты тұрғысынан туынды болып есептелетін және прагматикалық міндеттерді жүзеге асыруға қажетті параметрлердің ішіндегі ең маңыздысы. Мұндағы мәтіннің мазмұнына және оқырманның эмоциялық, интеллектуалдық және ерік-жігеріне әсер етуді күшейтетін автордың қарым–қатынасын мәнерлі етіп көрсетуге мүмкіндік беретін осы мәтінде қолданылған тілдік құралдар жиынтығын мәтіннің экспрессивтілігі деп атаймыз.
Мәтіннің экспрессивтілігін арттыру үшін бағалауыштық, стилистикалық және фразеологиялық тұлғаға (әрі қарай – ФТ) қатысты басқа да тілдік құралдар қолданылады. Әдебиеттің әр түрлі (комикалық және сатиралық) жанрларында ФТ маңыздылығы артады. Өйткені бұл тұлғалардың өзіндік бағасы болады, осылайша ол тікелей оқырманның эмоциясына бағытталады. Осындай мәтіндердің туындауына оның прагматикалық міндеті көп ықпал етеді. Көркем мәтіндердің негізгі прагматикалық міндеті – бұл әлемді эмотивті ракурста көрсету. Оның үстіне, осы міндеттердің көмегімен а) қалжыңдауда (анекдот айтуда) авторлар «сөйлеу қызметі үшін дайын формаларды меңгереді», осылайша коннатативті қарым–қатынастар анықталады; в) автор белгілі бір құбылысқа (құптау, кінәлау, ашулану және т.б.), соның ішінде саяси, қоғамдық жағдайларға сәйкес өз көзқарасын білдіреді (жасырын, бүркеншік атпен немесе үшінші жақтан, сыртынан бақылаушы ретінде). Бұл жағдайда прагматикалық ақпарат «жақсы-жаман», «жағымды-бәрібір-жағымсыз» сияқты бағалауыштық қарама-қарсы сөздер арқылы оқырманға кекесін және күлкілі жағдайда әсер

етеді. Қарастырылып отырған мәтіндердің экспрессивтілігі тілдің экспрессивті құралдары (ФТ, жаргонизм, ауызекі лексика және т.б.) және түрлі тәсілдер (гипербола, гротеск, тілдік ойын, стилистикалық келісу, каламбур және т.б.), тірек сөздер мен сөз тіркестерінің қайталануы, мәтіннің композициясы мен құрылымдық ерекшелігі, мәтіннің түрлі норма және стереотиптері (тілдік, әлеуметтік, мінез-құлықтық және т.б.), контаминация, көп мағыналылық арқылы анықталады. Бұл тілдік құралдар прагматикалық міндеттің орындалуына, яғни оқырманға әсер етуге көмек береді; Н.Д. Арутюнованың пікірінше: адам көзге оғаш, құлаққа жағымсыз кемісті құбылысты бірден байқайды: ол ретсіз аямен үйлеспейтіндігіне орай бірден айқындалады» [8]. Көркем мәтін жанрында жазылған, мәселен, анекдот, частушка, афоризм, әзіл және т.б. шығармалардың сатиралығы мен қазіргі үшін қажеттілігі олардың айқындаушы қасиеті болып табылады әрі олардың таратылуы мен танылуын қамтамасыз етеді.
Автор мен оқырман мәдени-тарихи тәжірибесінің өне бойына сіңген фразеологиялық мағыналарын тұлғалық мағына ретінде қабылдайды. Фразеологиялық мағына мен мәннің арақатынасын осылай қабылдау семантикалық жүйеден бастап оның сөйлеу тілінің жүзеге асырылуына дейінгі зерттеу ойының қозғалысын, бағытын айқын көрсетеді.

Пайдаланған деректер тізімі
1 Болотнова А.С. Художественный текст в коммуникативном аспекте и комплексный анализ единиц лексического уровня. – Томск: Изд. Томского ин-та, 1992. – 312 с.
2 Гальперин И.Р. Информативность единиц языка. – М.: Наука, 1974. – 320 с.
3 Шмелева Т.В. Речевой жанр: Опыт общефилологического осмысления // Междунар. научн-худож. журн. – 1995. – № 1-2. – С. 57-65.
4 Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. – М.: Просвещение, 1975. – 423 с.
5 Федосюк М.Ю. Нерешенные вопросы теории речевых жанров // Вопросы языкознания. – 1997. – №5. – С. 102-120.
6 Стросян П.Ф. Намерение и конвенция в речевых актах // Новое в зарубежной лингвистике. – М., 1986. – Вып. 17. – С. 17-21.
7 Сусов И.П. Прагматическая структура высказывания // Языковое общение и его единицы. – Калинин, 1986. – С. 15-21.
8 Арутюнова Н.Д. Аномалии и язык (к проблеме языковой картины мира) // Вопросы языкознания. – 1987. – № 3. – С. 5-11.
9 Новиков А.И., Чистякова Г.Д. К вопросу о теме и денотате текста // Известия АН СССР. Сер. лит. и яз. – 1981. – № 1. – С. 48-53.
10 Маслова В.А. Коммуникативный подход к проблеме коммуникативности текста // Коммуникативные аспекты значения: Межвуз. сб. науч. работ / Волгогр. гос. пед ин-т им. А.С. Серафимовича. – Волгоград: ВГПИ, 1990. – С. 148-156.

В статье рассматривается прагматический метод актуализации окказиональных фразеологизмов в речевой прагмосемантике. На сегодняшний день особое внимание уделяется прагматическому способу образования окказионализмов, так как этот метод имеет преимущество в творчестве и науке. Этот метод дает исследователю возможность провести анализ воздействия художественной литературы на читателя, а также сегмантическую и структурно-компонентную связь данного текста.
Автор текстов разговорного жанра информирует читателя как он воспринимает и познает мир, явления, их особенности во взаимодействии. Таким образом, он нацеливается на прогнозируемую прагматическую эффективность, потому что, прагматическое значение структуры текстов определяется во время рассмотрения конечного результата эффективности.
The article deals with the pragmatic method actualization of occasional phraseology in speech pragmosemantics. For today focuses on the pragmatic way of education nonce words, as this method has the advantage of creativity and science. This method gives opportunity to the researcher to feel reader`s impression, with this text semantic and structure-component compound and allows to analyze it.
The author of texts spoken genre informs readers how they perceive and learn about the world, such as things, events in their features and interaction. Thus, it is aimed at the predicted pragmatic efficiency. Because the pragmatic significance of the structure of texts is determined at the time of consideration of the effectiveness of the end result.



Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *