Трансформаторларды қосуға даярлау, трансформаторларды кептіру.

Трансформаторларды қосуға даярлау, трансформаторларды кептіру. Ескі сериалы трансформаторларда эксплуатациялау аяғында дайындаушы- зауытта бұрын белсенді бөлігін көтеретін ПТЭ-ге сай жаңадан орнатылатын трансформаторларды зауыттың тиісті нұсқауы болмаған жағдайда, ішін ашып көрмеуге болатын.

Трансформаторларды қосуға даярлау жұмысының көлемін мына көрсеткіштер негізінде анықтайды: қуаттылығы, жасалуы, тығыз жабылуы, шыққан немесе жөнделген уақыты, тасымалдау жағдайы, орнату алдындағы сақтау мерзімі мен сапасы және т.б.

Кейбір электр кәсіпорындары шығарушы-зауыттың немесе жөндеу мекемесінің кінәсінен жіберілген, тасымалдау кезінде және дұрыс сақтамаудан болатын ақауларды анықтау үшін, жаңадан қондырылатын трансформатордың әрқайсысын тексереді.

Трансформаторды қосу алдында мыналарды істеу керек:

 оны көріп шығу;

 оқшаулағыштарды бензинмен, құрғақ шүберекпен сүрту;

 термометрге трансформатор майын құю және термометрді орнату;

 трансформатор басын жерлендіру;

 майға физикалық-химиялық талдау жасау және оның электрлік бекімдігін сынау;

 барлық тарамдағы орамдар кедергілерін тұрақты тоқ бойынша өлшеу. Егер трансформатордың құжатында ерекше белгі болмаса, кедергілердің айырмашылықтары 2%-дан артпауы тиіс. ТК орамы мен бүйір, ЖК мен ТК арасындағы оқшаулағыштың кедергілерін анықтау;

  ажыратқыштың қойылып жұмыс тәртіптерінің белгіленгендігіне көз жеткізу;

 ауа тазалағыштағы жылтырауық қалпақ пен фланецты шешіп алу және ондағы цеолит пен силикагелді тазалау;

 толық жинағымен қатталып келетін пакеттен ауа тазартқышқа әуелі индикаторлы силикагель, содан соң цеолит салады. Силикагель мен цеолит салған ыдыстарда ақау болуынан, болмаса басқа себептермен ылғалданған болса, оларды кептіреді (индикаторлы сликагель дымқылданғанда өзінің көгілдір түсінен қызғылт түске өзгертеді);

 трансформатордың дөңгелегін тасымал жағдайынан жұмысшы жағдайына ауыстыру;

 май құйылған жерлердің қоспаларын тексеріп, май аққан жағдайда бұрандасын тартып қатайту;

 ұлғайтқыштағы май деңгейін көрсеткішке қарап, майдың деңгейін тексеріп, аз болса, қоршаған ортаның ауа райының температурасына лайық деңгейге келтіру (ол үшін майды ағызады немесе үстеп құяды).

Трансформаторды кептірмей-ақ жұмысқа қосуды, трансформаторды эксплуатациялау нұсқауларына сай, сақтау және құрастыру жағдайларын ескере отырып шешеді.

Кернеуі 35 кВ-ке дейінгі, қоса есептегенде, қуаттылығы 1000 кВ∙А трансформаторларды, май құюлы, ұлғайтқышымен бірге тасымалдайды, құрастырып орнату кезінде, оған дейін, мына ретпен және көлемде тексереді:

 трансформаторды қарап шығады және тығындардың мөрін тексереді;

 трансформатордан май алып, қарапайым талдаудан өткізеді;

 оқшаулағышының R60 кедергісін өлшеп, R60/R15 қатынасын анықтайды.

Трансформаторды жұмысқа кептірмей қосқанда, мына шарттарды сақтау қажет:

а) майдың деңгейі май көрсеткіш шегінде болуы;

б) майдың сипаттамасыныңқолданымдағы нормаға лайықтығы;

в) температура 10…300С (283…303 К) кезінде R60/R15 қатынасының мәні кемінде 1,3 болуы;

г) егер бірінші шарт сағталмаса, бірақ трансформатор мен ажыратқыштың орамдарын май жауып түрса, немесе егер екінші шарт та орындалмаған болса, бірақ майда судың іздері білінбесе және майдың тесіп өту кернеуі, номинал жағдаймен салыстырғанда, төмендеуі 5 кВ аспаса, қосымша tgδ мен С2/С50 қатынасы нормадағыдан төмен болмауы тиіс.

Қуаттылықы 100 кВ∙А-ге дейінгі, қоса есептегенде, трансформаторларды майда судың сілемдері жоқ болса, тек тесіп өту кедергісі бойынша сынау жеткілікті. R60 кедергісін өлшеп, сынақ ғаттамасына жазады. Мұндай трансформаторларды жұмысқа кептірмей қосу үшін а; б; в; г; а, г шарттарының бірі сақталуы тиіс.

Күрделі жөндеуден кейін (орам ауыстыру) қосымша жүктемесіз істеу тоғын анықтайды, қоспа желілерін, трансформациялау еселігін және қажет жағдайда, трансформаторды фазаландырады.

Трансформатормен бірге бірінші және екінші біріктіру тізбектерін қарап шығады, оқшаулағыштың кедергісін өлшейді және оны жоғарылатылған кернеумен сынайды, өлшеуіш аспаптарды, реле қорғаныштарын, ажыратқыштар мен айырғыштардың жұмыстарын тексереді. Трансформаторларды түртіп үйлесімді кернеуге қосады және оның тігістерінің, төсеніштерінің, фланецты қоспаларыныңтығыздығын тексереді.

Жаңа сериалы трансформаторлардың орамдары алюминийден, шығатын ұштары мыс шыбықтан жасалған. Алюминий орамаларының мыс ұштамамен жалғанған жері, тасымалдау қанағаттанғысыз жағдайда, өте жиі зақымданады, содан оралым тізбегі үзіледі. Сондықтан, зақымданудың трансформатордың сыртында болуы да мүмкін екенін ескеру керек.

Кесте 9.1 — Сыйымдылықтар қатынасының С2/С50 шекті мәндері

Кернеуі 35, кВ∙А дейінгі трансформаторлардың қуаты Май құйылатын күш трансформаторларыныңтемпература 0С кезіндегі орам сыйымдылығының қатынастары С2/С50

 10 20 30

6300-ге дейін, қоса есептегенде 1,1 1,2 1,3

10000 және жоғары 1,05 1,15 1,25

Тасымалдың қанағаттанғысыз болуы, трансформатор өзегінің қысылып (престеп) біріктірген белсенді болттарының босап кетуі, тоқтың көбеюіне, Сондықтан оның П…Е төмендеуіне әкеледі. Бұл жағдайда трансформатордың жұмысы кезінде ішкі шу көбейеді. Болат өзекшенің қысып бекітілген жапырақшаларының босауы, кейбірінің қатты дірілдеп, оқшаулағышының зақымдануы, соның салдарынан өзара тұйықталуы нәтижесінде трансформатор өзекшесінің өртеніп, істен шығуы мүмкін. Трансформатор орамдарыныңоқшаулағышы аздап дымқыл тартқан кезде, оны әртүрлі әдістермен кептіруге болады. Дегенмен, эксплуатациялау кезінде үнемдірек әрі ыңғайлы әдіс ретінде көбірек қолданылып жүргені өз ыдысында (бак) қашпа және нөлдік реттегі тоқтармен кептіру.

Бірінші және екінші жағдайларда да трансформаторды өз орнында, кезкелген температурада кептіреді. Бұл кезде ыдыстағы (бактағы) майды ғүйып алады. өз ыдысында қашпа тоқ арқылы кептіру әдісін индукциялық дейді. Сыздыру ыдыстың ішінде қашпа тоқ арқылы жүреді, ол үшін трансформатордың май ғүятын ыдысына сыртынан магниттелетін орам орайды. Ыдыстың ішіндегі температура бірдей таралу үшін, магниттелетін орамды төменгі жақын ан бастап ыдыс биіктігінің 40…60%-на дейін орайды, төменгі жақын дағы орамды, жоғары жақын дағыдан тығызырақ, жиірек, орналастырады. Орам сымтеміріне кез келгенін алады.

Орамды есептеу төмендегідей.

Орам саны: W=UA/ ,

Мұндағы, U – тоқ көзінің кернеуі, В; – ыдыстың периметрі м.; А-ныңмәні меншікті шығынға ΔР байланысты: (4.4-кесте)

ΔР=КТ (tн-t0)

Мұндағы КТ-жылу өткізу (беру) еселігі, жылытылҒан ыдыс Үшін КТ=5, ал жылытылмаҒан ыдыс Үшін КТ=12 кВт/(м2 граф); F – трансформатор ыдысыныңбеті, м2; F0-ыдыстың оралған беті, м2; tн- ыдысты қыздыру температурасы, әдетте 1050С; t0- қоршаған ортаныңтемпературасы 0С

Сонымен орамда

І=

Мұндағы тегіс және түтікті ыдыстары бар трансформаторлар Үшін ; ғырлы ыдыстары бар трансформаторлар Үшін .

Кесте-9.2. А тұрақтысының(константа) меншікті шығынға тәуелділігі

ΔР А ΔР А

0,75 2,33 1,4 1,74

0,80 2,26 1,6 1,65

0,90 2,12 1,8 1,59

1,0 2,02 2,0 1,54

1,1 1,92 2,5 1,42

1,2 1,84 3,0 1,34

Ыдыстың кедергісі неғұрлым қалың, сыртындағы бекіту таяныштарыныңсалмағы ауыр болған сайын cos⁡φ мәні жоғары.

Трансформатордың қыздыру температурасын, берілетін кернеуді реттеу және магниттенетін орамныңсанын өзгерту, ауық-ауық желіден ажырату арқылы, басқарып отырады.

Нөлдік реттеу тоғымен кептіру (НРТ). Бұл әдістің алдыңғысынан айырмашылықы, магниттенгіш орам ретінде трансформатордың орамдарыныңбірі пайдаланылады. (9.1 -сурет).

Сурет-9.1. Нөлдік реттеу тоғымен кептіру сұлбасы

Трансформаторларды нөлдік реттегі тоқтармен кептіруде, қыздыру магниттенгіш орамның, магнит өткізгіш болаттарындағы және құрылғы бөлшектеріндегі, ыдыста нөлдік реттегі ағын әсерінен болатын шығындар есебінен жүреді. Сөйтіп, трансформаторларды нөлдік реттегі тоқтармен кептіргенде, жылудың ішкі және сыртқы көздері болады. Бұлай кептіру екі тәсілді біріктіретін сияқты: қысқа тұйықталу тоқтары және ыдыстың өз шығыны. Трансформаторды нөлдік реттегі тоқтармен кептіру өлшемдерін былай анықтауға болады

Магниттенетін орамның қуаттылығы:

P_0=ΔPF,

мұндағы ΔP – қуаттың меншікті шығыны, кВт/м2; Ыдыстарыныңжылу оқшаулағышы жоқ трансформаторларда кептіру температурасыныңбелсенді бөлігімен 100…110 0С, және қоршаған ортаныңтемпературасы 10…20 0С кезінде, өтетін жағдайда ΔР =0,65…0,9 кВт/м2 деп алуҒа болады. Қуаттылықы төмен трансформаторлар Үшін, төмен мәндерін алады. Магниттелетін орамды жұлдызша қосқанда берілетін кернеу

U0=

мұндағы Z0 – нөлдік реттегі фаза орамының толық кедергісі, Ом, оны тәжірибемен анықтайды.

Трансформатор неғұрлым қуатты, оныңішкі бекіту бөлшектерінің массасы ауыр, ыдыстың қабырғалары қалың, магнит өткізгіштерімен ыдыстың арасы жақын болған сайын, cos -дің мәні жоғары. Түтікті трансформаторларды өлшейтін аспаптарды, жалқайтын өткізгіш қимасыныңауданын таңдап алуға керекті фазалық тоқты, былай анықтауға болады.

І0=ІН

мұндағы ІН, SН – трансформаторлардың Үйлесімді тоғы А мен қуаттылығы кВ∙А.

Жылудың ішкі көзі бар кезде, трансформаторларды нөлдік реттегі тоқтармен кептіру шығыны мен уақыты трансформаторлары өзіндік шығынымен кептіру тәсілісен салыстырғанда (ретінше 40% қуат, 40% уақыт) аз. Трансформаторларды нөлдік ретті тоқпен кептіру үшін, тоқ көзінің кернеуі стандартты болуы тиіс. Мұндай көз ретінде пісіру трансформаторы жарамды. Трансформатордың жоғары кернеу орамдарын Үш фазалы желіден қоректендіріп төменгі кернеу орамдарын бірінен кейін бірін қысқа тұйықтау арқылы, кептіруді жеделдетуге болады. Бұл кезде, нөлдік рет тоғыныңжәне қосымша ішкі жылу көздерінің аҒындары, қысқа тұйықталған орамныңшығыны ретінде елеулі мөлшерде көбейеді.

Трансформатор оқшаулағышыныңкедергісі нормаланбайды, Сондықтан, оқшаулағыш күйінің негізгі белгісі ретінде, кедергінің кептіру ұзақтығына тәуелділігі алынады ( 4.18-сурет).

Сурет-9.2. Кедергінің кептіру ұзақтығына тәуелділігі

Оқшаулағыш неғұрлым көп ылғалданҒан болса, трансформатор қызуы жоғарылаҒан сайын оныңкедергісі соғұрлым тез төмендейді.

Салыптасған жағдайға келгенде, оқшаулағыш кедергісі біраз уақыт өзгеріссіз қалады, содан соң, оқшаулағыш кебе бастайды, оныңкедергісі осы температурада номинал жағдайға жеткенде көбейеді. Трансформатор оқшаулағышыныңкедергісі 6…8 сағат бойы өзгеріссіз ғалса, трансформатор кепті деп есептейді.

Сыздыру көзін ажыратған соң (трансформатордың сууы), оқшаулағышта ылғал Неғұрлым көп ғалса, оныңкедергісі соғұрлым тез жоғарылайды. Кедергінің алынған мәні дайындаушы-зауыттың мәнімен салыстырылады. Оқшаулағыш кедергісінің мәні (сол температурада) 30% -дан төмендемеуі тиіс. Трансформаторды кептірген кезде екі сағат сайын оқшаулағышты кептіру температурасы мен кедергінің мәндерін журналға жазып қояды.

Трансформаторларды қосқанда, бәрінен жиі кездесетін, негізгі ақаулар: ВН жақын ан да НН жақын ан да кіре берісінде, тарату шкафыныңқалғанында немесе трансформатордың ішінде қысқа тұйықталуы; трансформатордың ішінде, немесе сыртында ВН және НН тізбегінде Үзік болуы; өзектің белсенді табағшаларыныңқысылып біріктірілген жерінің босауы.

Бірнеше желі аймақынан жиналған І және ІІ-тұрықты трансформаторлардан алынған мағлұматтарҒа қарағанда, ақау себептерін былай таратуҒа болады: зауыттық ақау-50%, жөндеумен жинап-орнату сапасыныңтөмендігінен — 10%, дұрыс эксплуатацияламаудан — 13%, найзағайдың салдарынан пайда болған артық кернеуленуден – 5,5, оқшаулағыштың ескіруінен – 3,5% және басқа себептерден — 18%.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *