Ауыл шаруашылық өндірісі ерекшеліктері және оларды электрлендіру жүйелерін жобалағанда есепке алу. Ауыл шаруашылық үй-жайларының қоршаған орта жағдайына және электр тогымен зақымдау қаупіне қарай жіктелуі. АШ арналған электр техникалық бұйымдарға қойылатын талаптар. Механикалық және климаттық факторлар әсеріне қарай жабдықтар таңдау.

Қоршаған орта- электр жабдықтары немесе оның жекелеген элементтері орналастырылған және жұмыс істейтін орта. Қоршаған орта ретінде ауаны (көптеген электр жабдықтары үшін), жерді (кабель желілері үшін), суды (батырылған сораптар үшін), изоляциялық сұйықты, мысалы майды (трансформатордың орамдары үшін) қарастыруға болады.

 Сыртқы ортаның климаттық факторларына негізінен температура, ылғалдық және атмосфералық ластығы жатады.

 Қоршаған ортаның әсерінен электр жабдықтарды қорғауға қойылатын талаптарды реттеу және жүйелеу үшін ЭҚҚЕ (ПУЭ) өндірістік үй-жайлардың тиісті жіктелуі қабылданған. АШ үй-жайлар қоршаған ортаның сипаты бойынша-әдеттегі, ыстық, құрғақ, ылғалды, дымқыл, ерекше дымқыл, шаң-тозанды, химиялық активті, өрт қаупі және қопарлыс қаупі бар болып бөлінеді.

 Әдеттегі үй-жайларда ортаның температурасы ұзақ уақыт +30ºС тан аспайды. Ортада жабдықтардың жұмысына зиян келтіретін технологиялық шаңдар, газдар және булар болмайды.

 Ыстық үй-жайларда ортаның температурасы ұзақ уақыт 35ºС тан жоғары болады және жабдықтардың жумысына зиян келтіретін технологиялық шаңдар, газдар және булар болмайды.

 Құрғақ үй-жайларға (ауаның салыстырмалы ылғалдығы 60٪-тен аспайды) кеңселер, клубтар, жатақханалар, қызметкерлерге арналған бөлмелер,жылу берілген қоймалар, жөндеу шеберханаларындағы қосалқы бөлмелер жатады.

 Ылғалды үй-жайларға (бу не конденсацияланатын ылғал уақытша ғана және аз мөлшерде бөлініп шығады, салыстырмалы ылғалдық 60٪ тен жоғары, бірақ 75٪-тен аспайды) асханалардың залдары, баспалдық алаңдары, тұрғын үйлердің асханалары, жылу берілген қоймалар жатады.

 Дымқыл үй-жайларға (ауаның салыстырмалы ылғалдығы ұзақ уақыт 75٪-тен артып тұрады) көкөніс қоймалары, сиыр сауылатын, сут сақтайтын бөлмелер, қоғамдық асханалардың ас пісіретін бөлмелері, сондай-ақ микроклимат құрылғылары бар мал қора-жайлар жатады.

 Ерекше дымқыл үй-жайларға (ауаның салыстырмалы ылғалдығы100٪ жақын, үй-жайлардың төбесі, қабырғасы, едені және олардың ішіндегі заттар ылғал жамылған) шеберханалардағы жуу-шаю бөлмелері, ылғал азық дайындайтын цехтар, жылы-жайлар, қалқалар, сарайлар және температурасы, ылғалдылығы, ауасының қурамы сыртқы ортадан айырмашылығы жоқ,басқа да от жағылмайтын үй-жайлар жатады.

 Шаң- тозаңды үйлерге (өндіріс жағдайларына байланысты сымдар мен жабдықтарға қонарлықтай, машиналар мен аппараттардың және т.б. құрылғылардың ішіне-снетіндей мөлшерде шаң-тозаң болінеді) қурғақ құнарлы жемдерді уатуға арналған үй-жайлар, қоспа жем зауыттары, цемент және сусымалы жанбайтын материалдар қоймалары жатады.

 Химиялық активті үй-жайларға (ұнеміне ұзақ уақыт аммиактың, күкірітті сутегінің және басқа да газдардың, қопарылыс қаупі жоқ қоспалардың буы болатын не изоляцияны және электр жабдықтарының ток өткізетін бөлшектерін ірітіп-шірітетін тұнбалар түзіледі) минералдық тыңайтқыштар қоймалары және микроклиматтық қондырғылармен жабдықталмаған мал қора-жайлар жатады.

 Өрт қаупі бар үй-жайлар П-1, П-11, П-11а кластарына бөлінеді. П-1 класына минералдық майлар қоймалары жатады. П-11 класына ағаш өндеу цехтары және астық қоймалары кіреді. П-11а класына жанғыш заттарды сақтайтын қоймалар мен шатырына шөп және сабан сақталатын мал қоралар жатады.

 Қопарлыс қаупі бар үй-жайларға мұнай өнімдері сақталатын қоймалар мен аккумуляторлық цехтар жатады.

 Үй-жайлар адамдар мен жануарлардың электр тоғынан зақымдану қаупі дәрежесіне орай үш топқа бөлінеді.

 1.Қауптілігі жоғары үй-жайлар. Олар қауптілік туғызатын мынадай жағдайлардың бірінің болатындығымен сипатталады:

 а) дымқылдық және ток өткізгіш шаң-тозаңдардың болуы;

 б) ток өткізетін едендердің барлығы;

 в) жоғары температураның турақты болуы;

 г) адам денесі бір сәтте бір жағынан ғимараттың жермен жалғасып жатқан металл қурылмалармен, технологиялық жабдықтармен, және механизмдермен, ал екінші жағынан электр жабдықтардың металл тұрқымен түйісетін мүмкіндіктердің болуы.

 2.Ерекше қауіпті үй-жайлар. Олар мынадай жағдайлардың бірінің болуымен сипатталады:

 а) ерекше дымқыл ортаның болуы;

 б)химиялық активті ортаның болуы;

 в)қауіп туғызатын екі не одан көп жағдайлардың бір мезгілде болуы.

 3.Жоғары қауіптілік жоқ үй-жайлар. Олар қауіптілігі жоғары және ерекше қауіпті жағдайлар туғызатын мүмкіндіктердің жоқтылығымен сипатталады.

 4.Сыртқы электр қондырғыларын орналастыру территориялары. Бұл территориялар адамдардың электр тоғынан зақымдану қаупі дәрежесі бойынша ерекше қаупті үй-жайларға теңестіріледі.

 Электр жабдықтардың қорғаныш дәрежелері (ГОСТ 14254-80) шартты әріптермен IP (International Protection) және екі цифрмен белгіленеді. Әріптеріне кейінгі бірінші цифр қабықшаның ішіндегі электр жабдықтың ток жүретін және қозғалмалы бөлімдермен қызметкерлердің жанасуынан және қабықша ішіне бөтен заттар түсуінен қорғаныш дәрежесін белгілейді. Ал екінші цифр қабықша ішіне орналасқан электр жабдықтың ылғал енуінен қорғаныш дәрежесін сипаттайды.

 Бірінші цифрдың мәндері мен мағыналары мынадай:

 0-қорғаныш жоқ;

1- Диаметрі 52,5 мм кем болмайтын қатты бөтен заттардың түсуінең қорғаныш бар;

2- Диаметрі 12,5 мм кем болмайтын қатты бөтен заттардың түсуінең қорғаныш бар;

3- Диаметрі 2,5 мм кем болмайтын қатты бөтен заттардың түсуінең қорғаныш бар;

4- Диаметрі 1 мм кем болмайтын қатты бөтен заттардың түсуінең қорғаныш бар;

5- Жабдықты шаң шогінділерінен қорғау;

6- Жабдықты шаң түсуден толық қорғау.

Екінші цифрдың мәндері мен мағыналары мынадай:

 0-қорғау жоқ;

 1-конденсацияланған су тамшыларынан қорғаныш;

 2-су тамшыларынан қорғаныш;

 3-жаңбырдан қорғаныш;

 4-шашындарылардан қорғаныш;

 5-сорғалап аққан судан қорғаныш;

 6-кеме палубасына тән әсерлерден қорғаныш;

 7-суға батырылған жағдайдан қорғаныш;

 8-суға шектеусіз ұзақ батырған жағдайдан қорғаныш.

 ГОСТ 19348-82 бойынша аш электр жабдықтар үшін мынадай қорғаныш дәрежелері берілген :IP23, IP30, IP31, IP41, IP44, IP51, IP54, IP55.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *