Коммерциялық банктерінің қызмет етуін ұйымдастыру негіздері

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.

Банк қызметін — банктін клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттілітгерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.

Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.

Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде бел-гілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамаңдануға тырысады.

Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардын мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарьшың болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланған ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.

Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

«Қазақстан республикасыыідағы банктер және банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкее банктер мынадай операцияларды орындай алады:

—   ақылы негізде депозиттегді тарату;

—   клиенттер мен банк-коэреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;

—   қайтарымдылық, мерзімдк және төлемділік шарттарымен заңды және жеке түлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;

—   инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;

—   заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);

—   төлем қүжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;

—   ақшалай нысанда орыңдауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;

—   тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу

—   банктік операциялар бойьнша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің  тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;

—   клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес);

—   коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг);

—   клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);

—   банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;

—   лизингтік операцияларды жүзеге асыру.

Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация).

Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:

— уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);

—   экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);

—   қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру жәпе жүргізу;

—   инвестициялық қызметті;

—   клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау.

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау — коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал — банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын кұрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай жағдайлармен түсіндіріледі — біріншіден, банктер қаржылық   нарықтарда   қаржы   делдалы   ретінде   басқа   кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражаттар   сомасын   депозит   түрінде   жинақтайды,   осы   жағдайда оларды   тиімді   басқарады,   сондай-ақ   олардың  қауіпсіздігін қамтамасыз   етеді   және   пайдалық   негізде   қарызды   қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі  болады,  бұл  салымдарды  жаппай кері  алу қауіптігін   төмендетеді.   Үшіншіден,   банктерге   тартылатын депозиттер   басқа   кәсіпорындардың   материалдық   обьектілерінде орналастырған  активтеріне қарағанда  қондырғы  ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі.

Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу, сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды төлеу үшін қажет. Меншікті капитал — банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міңдетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның ролі ете жоғары.

Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің  уақытша  бос  ақшалай   қаражаттарын  жинақтайды.   Дәстүрлі   турде   осы   қаражаттардың   негізгі   бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі.  Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру   жұмыстары   депозиттік   операциялар   деп   аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құралады.

Депозиттік   операциялар   мынадай   қағидалармен   ұйым-дастырылады:

—   банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;

—   депозиттік операциялар әрекет ету керек;

—  банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;

— банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде ерекше назар аударылуы қажет;

— депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында мерзім және сомалар бойынша. өзара  байланыс  пен са-бақтастылықты қамтамасыз ету қажет;

—   депозиттерді   тартуға   әрекет   ететін   банктік   қызметтерді дамытуға шаралар қолдану;

Шетелдік   банктік  тәжірибеде   алып   тастау  тұрғысынан қарағанда талап  еткенгедейінгі  депозиттер,  мерзімді  және жинақ салымдары деп ажыратылады.

Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың   ағымдағы,   есеп   айырысу   шоттарында   болатын ақшалай  қаражаттар,  олар  банкті  алдын  ала ескертусіз  кез-келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салым-дар бойынша ең төмен процент төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде   пайыздарды   есептеуге   занды   тәртіппен   тыйым салынған. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі оларды әр түрлі формаларда — қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады. Осындай шот ашып клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық жүргізуге сенім білдіреді. Банктерде күнделікті төлем операцияларын   жүргізу  біраз   шығындарды   талап   етеді,   алайда ЭЕМ-ді, комппьютерлік техникаларды қолданумен ол біршама  азайды, әйтседе ол  банктердің  шығындарының  маңызды факторы болып табылады. Клиенттің шоты бойынша күнделікті банкте жүздеген немесе мыңдаған бухгалтерлік өткізбелер жасалынады. Талап еткенге дейінгі щоттарды иеленуші клиенттерді жалпы қарастыратын болсақ, олар өз шоттарындағы бар ақшалай қаражаттарды ағымдағы есеп айырысулар үшін толықтай пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз дәрежеде компенсациялаңдырады.  Банктің  коммерциялық мақсаттары үшін банкімен пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берілуі  мүмкін.   Ол  банктің  көптеген  клиенттері   өздерінің ағымдағы шоттарынан қаражаттарды үнемі  алып және  оны бірнеше  күннен  немесе  аптадан  кейін  қайтадан  толтырып отыруларві нәтижесінде қалыптасады. Бірақ көптеген клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды.  Бұл экономиканың айналымдық сипатына негізделеді. Осы қаражаттар қалдықтары мен талап еткенге дейінгі шоттар есебінен банктер 60, 90, 120 күнге вексельге немесе нақты несие бере алады.

Бұл шоттардың жоғары өтімділігі, төлем құралы ретінде оларды үздіксіз пайдалану мүмкіндіктері олардың басты артықшылығы болып табылады, негізгі кемшілік (салымшы үшін) — шот бойынша төмен пайыз немесе пайыздарды төлеудің жоқ болуы. Бұл шоттардьщ ерекшелігі банк мерзімді салымдарға қарағанда орталық банкте ең төменгі резервтерді көбірек сақтауға міндетті және ол шоттардың иелері шотты пайдаланғаны үшін банкке комиссия төлейді.

АҚШ-та талап еткенге дейінгі шоттарға пайыздарды коммерциялық банктерге төлеуге заң бойынша тыйым салады. Коммерциялық банктер өз салымшыларын сақтап қалу мақсатымен депозиттік шоттың жаңа түрін салымшыларға ұсынады, ол бір жағынан жоғары өтімділік деңгейін, шоттар-ды есеп айырысу үшін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етсе, ал екінші жағынан салымшыларға белгілі бір табыс алуды қамтамасыз етті. Бұл шот — наушот деп аталады. Ол тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Бұл үшінші тұлғаға төлемдер үшін пайдалануы мүмкін есеп айырысу траттасы немесе қаражаттарды алу туралы бұйрығы, сондай-ақ ол чектер сияқты есеп айырысу тратталарын беруге болатын депозитті шот, ол бойынша нарықтық мөлшерлеме пайыздык төлемдер турінде табыс алуға болады.   1981   жылдан  бастапзаң  арқылы  АҚШ-тың  бүкіл  аймағында  шоттың  бұл   фор-масы рұқсат етілді.

Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар бел-гілі бір айдан жоғары мерзімге орналастырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыз-дарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депо-зит тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді салымдар талап еткенге дейінгі шоттарда орын алатын ағымдағы төлемдер үшін пайдаланьшмайды. Мерзімді салымдар меншікті мерзімді салымдар және кері алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды өз қалауы бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағьімдағы шот секілді пайдаланады, сондай-ақ ол өз ақшаларын кез келген келесі күндерде кері ала алады.

Депозиттердің үшінші түрі — жинак салымдары. Олардың кеңірек тараған түрі кәдімгі жинақ шоты немесе жинақ кітапшасы бар шот деп аталатын жинақ салымы. Шот иесі шотқа ақша салу немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің басқа түрлеріне қарағанда жоғары пайыздарды төлеуінің жинақ салымдарын құнтты демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ са-лымдарын кеңінен қолданады. АҚШ-та корпорациялар, фирмалар және басқа да коммерциялық ұйымдар үшін шоттың шекті сомасы 150 мың долларға белгіленген.

Коммерциялық банктер өз бастамалары бойынша депозиттік емес ресурстарды жинақтайды. Бұл қаражаттар тартылған қаражаттар немесе жай міндеттемелер деп аталады. Оларға банкаралық нарықтан займ алу бағалы қағаздарды кері сатып алу шартымен сату, вексельдерді есепке алу және орталық банктен қарыз алу, кепілге салу қағаздарын, банктік облигацияларды эмиссиялау және т.б. жатады.

Банкаралық нарықта Орталық банктің резервтік шотында сақтандырылатын депозиттер сатылады және сатып алынады. Міндетті минимуммен салыстырғанда резервтік шотта артық қаражаттыры бар көптеген банктер олардың қосымша пайда алуы үіііін қысқа мерзімді қарызға ұсынады.

Қайта сатып алумен бағалы қағаздарды сатып алу туралы келісім банк пен қарыз алушы арасындағы келісім болып табылады. Бағалы қағаздарды сатып ала отырып, қарыз алу-шы банктен бағалы қағаздармен қамтамасыз етілген қысқа мерзімді несие алады. Операцияның міндетті шарты — қарыз алушының бағалы қағаздары қатаң белгіленген түрде және алдын ала анықталған баға бойынша қайта сатып алу міндеттемесі болып табылады. Бұл банктердің өтімділіғін реттеу ушін ақша нарығында қаражаттарды қысқа мерзімді жұмылдырудың өте икемді және ыңғайлы тәсілі.

Коммерциялық банктер өздерінің ресурстарының жетіспеушілігінің орнын толтыру үшін Орталық банктен қарыз алады. Біздің республиканың банктік тәжірибесінде бұл жиі болатын құбылыс. 1993-1994 жылдары коммерциялық банктер өздерінің ресурстарының 60%-ын Ұлттық банкінің орталықтанған несиелері есебінен толтырды. Сөйтіп Ұлттық банкінің несиелері банктердің ресурстарының тұрақты көзіне айналды.

Депозиттік емес пассивтерге банктік облигацияларымен және кепілге салу парақтарымен жасалатын операциялары жатады. Бұл операциялардың мәні белгілі бағалы қағаздардың орнына банктермен ақша қаражаттарын жұмылдырудан тұрады.

Кепілхаттық қағаз парақтары мен операциялар жер учас-келерін сатып алуда қаржыландырумен тығыз байланысты. Банктер қаражаттарды тарту ушін қамтамасыз етілуі жер, құрылыс, яғни ипотека болып табылатын кепілхаттық қағаз парақтарының элементі болады.

Экономиканы және халықты несиелендіру.

Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалық кызметі — экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл кызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.

Несиелік операциялар — бұл несие беруші мен карыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне телемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі акша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушыға қарыз ұсынғанда, ал пассивтер, керісінше, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер — несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардын екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер. Біз алдыңғы бөлімде қарастырған бірінші қызмет — бұл банктің пассивтік несиелік операциялары, яғни депозит формасында.

Банктердің активтік қарыздық операцияларын қарастырайық. Кәсіпорын, фирма, концерндер қарызды өздерінің тауарлық қорларын толықтыру, жалақыны төлеу, жабдык сатып алу үшін және т.б; ауыл шаруашылық кәсіпорындар, фирмалар — өздерінің тұқым, жанар-жағар май және тыңайт-кыш сатып алу шығындарын жабу үшін; бір реттік тұты-нушылар (халықтар) — автомобиль, үй, ұзақ пайдаланылатын тауарлар және т.б. сатып алу үшін; үкімет — ағымдағы шығындарды қаржыландыру үшін алады. Бұл қарыз алушы-лардың барлығы қарызды негізінен табыс алу мақсатында шоғырландырған ақша қаражаттарын (депозиттік және депо-зиттік емес) орналастыратын коммерциялык банктерден алады.

Өз клиенттеріне қарыз ұсына отырып, банктер салымшылардан ақша қаражаттарын қабылдап және оларды қарыз алушыларға ұсынуда қаржылық делдалдар ролін атқарады. Банктін бұл қызметі несиелік қатынастардың барлық қатысушыларына (салымшылар, қарыз алушылар және банк) тиімді. Бұл қатынастарда өзара мүдде көзделеді: әркім өзінің қажеттілігін қанағаттандырады.

Несиенің екі нысаны белгілі: ақшалай және тауарлай. Сәйкесінше несиелендірудің екі түрі бар: бастапқыда шаруашылық субъектілерінің несиелік қатынастары банкпен қатынастар секілді пайда болатын тікелей банктік несиелендіру және несиелік қатынастар алғашқыда шаруашылық субъектілерінің арасында пайда болып, соңынан банкпен қатынастарға трансформапияланатын жанама несиеледендіру.

Тікелей банктік несиелендіруде қарыз несие берушілермен тікелей қарыз алушыға ұсынылады. Несие беруші банк, ал қарыз алушы — шаруашылық субъектісі болып табылады. Банкаралық несиеде несие беруші де және қарыз алушы да банктер болып табылады, яғни бір банк басқа банкіге несие береді.

Коммерциялық банктің несиелік операцияларын әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: мерзімдері бойынша -қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (1-ден 5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары); қамтамасыз ету түрлері бойынша — қамтамасыз етілмеген (қарыз алушыға сенімге негізделген жөне камтамасыз етілуі жоқ бланкілер) және қамтамасыз етілген; банктін роліне байланысты (несие беруші немесе қарыз алушы) — активтік және пассивтік қарыздық операциялар (активтік — бұл клиентті және басқа  банктерді   несиелеу;  пассивтік — Орталык  банктен  жәнебаска коммерциялық банктерден банкаралық несие алу); несиелендіру мақсатына байланысты — негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналган қарыздар.

Несиелік операциялар басқа белгілері бойынша да жіктеле алады: қарыз алушылардың турлері бойынша, пайдалану сипаты бойынша, мөлшері бойынша, ашу шарттары бойынша және басқалар.Мысалы, қарыз алушылардың түрлері бойынша қарыздар былай жіктеледі: сауда өнеркәсібіне, жылжымайтын мүлік кепілдігіне, жеке тұлғаларға, бағалы қағаздарға, ауыл шаруашылық, қаржы органдарына және т.б.

Контокорренттік шоттардан берілетін несие контокорренттік несиедеп аталады. Негізінен ол есеп айырысу құжаттарын өтеп беру үшін немесе бағалы қағаздар сатып алу, вексельдерді өтеу үшін қолма-қол ақша түрінде берілуі мүмкін. Контокорренттік несиелерді ұсыну тәртіптері сақтала отырып, келісім-шарт бекітіледі. Банктердің контокорренттік шот бойынша әрбір қарыз алушы үшін несие шамасын шектеуде лимйт белгіленеді. Аталған несиені қамтамасыз ету құрамына ипотека, бағалы қағаздар және т.б. жатады. Бұл несие біздің республикамызда әлі дамыған жоқ. Соңғы уақыттары кейбір жекелеген коммерциялық банктер контокорренттік шотты пайдаланады.

Қысқа мерзімді несиелер— күнделікті айналым опе-рацияларына қажетті айналым капиталының құнын өтеу үшін беріледі. Оларға жататындар: несиелік желі (линия) соның ішінде маусымдық және жаңармалы қарыздар, күтпеген оқи-ғаларға жұмсалатын несиелер мен қарыз алушының айналым капиталын толықтыру үшін берілетін қарыздар.

Орта мерзімді және ұзақ мерзімдіқарыздар— күрделі құрылыс шараларын жүргізу үшін, үй және қондырғылар сатып, алу үшін, сонымен қатар, негізгі капиталды қаржылан-дыру үшін беріледі. Оларға жататындар: мерзімдік қарыздар, мүлікті кепілге алып берілетін қарыздарға, құрылыстық қарыздар және қаржылық лизингтер.

Несиелік желілер— анықталған тәртіптерді сақтай отырып, белгіленген уақыт аралығында несиелерді пайдалануға мүмкіндік беретін, несиелердің максималды сомасың алу туралы банк пен қарыз алушы арасындағы келісім-шарт. Жақсы табыс тауып, жиі несие қолданып жүрген фирма қажетті жағдайда көлемі алдын ала белгіленген қарызды банктен алуға келісім-шарт жасасады. Бұл қарыз бір жылға дейінгі мерзімде беріледі.

Несиелік желінің мынадай түрлері болады:

Маусымдық — өндірістің маусымдық болуымен байланысты айналым құралдарының жетіспеушілігінен банктерге беріледі.

Жаңармалы — айналым құралдарының ұзақ мерзімге жетпеуіне байланысты қарыз алушыға берілетін несие.

Күтпеген оқиғаларға жұмсалынатын қарыздарқарыз алушының айналым құралындағы күтпеген жағдайларға бір жолғы қажеттілігін қаржыландыру үшін беріледі.

Айналым капиталын толықтыруға арналған нерманенттік қарыздар айналым құралындағы ұзақ мерзімді тапшылықтарды жабу үшін беріледі. Бұл жерде несиелер ай сайын немесе үш ай сайын жойылып, жабылып отырады.

Мерзімді қарыздар— ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, көлік сатып алу, құрал-жабдықтар алу және бастапқы қарыздарды қаржыландыру үшін беріледі. Бұл қарыздар күрделі капитал енгізілетін салаларда өте кеңінен қолданылады.

Салынған мүлік туралы актіге берілетін қарыздар өндіріс ғимараттарын, зауыт құрылысын, үйлерді, жер учаскелсрін сатып алу немесе қаржыландыру үшін қолданылады. Олар 15 жылға немесе одан жоғары мерзімге есептеліп, ай сайын көлемі алдын ала белгіленген жарналар арқылы өтеледі. Бұл несиелер біздің елімізде толық дамымаған.

Құрылыстық қарыздар— ғимараттар мен құрылғылар құрылысының мерзіміне арнап беріледі. Қарыз алушы бұл несиенің өсім ақысын үнемі төлеп отырады. Сонан кейін қарыздарды салынған мүлік туралы актіге қайта рәсімдейді.

Лизинг — қымбат бағалы күрделі жабдықтарды жалға алуды қаржыландыру үшін қолданылады, мысалға: кеме, ұшақ, компьютер, автомашиналар және т.б. Лизингтік келісімде көресетілгендей жалдаушы жабдық иесіне ай сайынғы тиісті соманы төлеу арқылы, оларды ұзақ мерзімге пай-далану мүмкіндігін алады. Елімізге бұл несие де әлі өз дең-гейінде дамыған жоқ.

Жекелеген қарыз алушыларға коммерциялық банктер тұтыну несиелерін береді. Ол негізінен тұрғын үйлер, ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарлар және пәтерлер сатып алумен байланысты болады. Бұл несиелерге жаңармалы несиелер, ұзак мерзім пайдаланылатын несиелер және мерзімі өтелетін несиелержатады.

Жылжымайтын     мүлікке     берілетін      қарыздарқұрылыс мерзімі екі жылдай көлемге созылатын құрылыстық фирмаларға   берілетін   несие.   Сонымен   қатар,   бұл   несие тұрғын үй сатып алу үшін 15-25 жылға да беріледі.

Жеке тұлғаларға берілетін қарыздар— ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын сатып алу үшін берілетін тұтыну несиесі. Коммерциялық жанама несиелендіруге толық тоқтала кеткеніміз жөн.  Коммерциялық несиелер бұрынғы Кеңес Одағынан басқа барлық елдерде кеңінен тараған. Қазіргі кездегі экономикалық дағдарыстан шығуда оның атқарар ролі зор болар еді, бірақ Республикамызда әлі бұл несие еш қолдау тапқан жоқ.

Коммерциялық несиелер негізінен вексельдер арқылы жүзеге асырылады. Вексель — белгілі уақыт өткеннен кейін вексель ұсынушыға белгілі бір соманы төлеу туралы, вексель иесінің нұсқамасы немесе жазбаша түрдегі хаттамалы анықтама.

Коммерциялық несиенің банктік несиеге өтуі дисконттау, яғни вексельдерді, шот-фактураны (факторинг) және басқа да коммерциялық бағалы қағаздарды есепке алу жолымен немесе вексельдерді кепілге алып қарыздар беру нәтижесінде жүзеге асырылады. Есепке алу операциясы банктің ақшалай қарыздық міндеттемелерді сатып алуды сипаттайды. вексельді есепқе ала отырып, банк клиенті өтімді қаражаттарға ие болады, сондай-ақ банкке алынған соманы қайтару міндетінен құтылады, себебі, банк оларды тікелей вексель берушіден талап етеді.

Вексельді кепілге алып берілетін қарыздар— мерзімдіболады, егер де вексель иесі алдын ала келісілген мерзімге банкіден оларды сатып алуға міндетті болса немесе онкольдык(несие беруші кез келген сәтте өтеуді талап ете алатын несие) болса, онда қарыздарды қайтаруды банктің кез келген уақытта талап етуге құқы бар.

Коммерциялық банктердің үшінші қызметі — қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу.

Ол банктердің клиенттерге көрсеткен қызметтеріне немесе банктің комиссиондық операцияларына байланысты.

Берілген қызметтің орындалуы, ең алдымен, банктік шоттарда шаруашылықтың, мемлекет пен халықтың бос ақшалай қаражаттарын шоғырландыру және сақтаумен байланысты. Коммерциялық банктер әр түрлі шоттар ашады: есеп айырысу, ағымдық, дербес, депозиттік, контокорренттік және тағы басқалар.

Бұндай шоттар жеке және заңцы тұлғалар үшін ашылады. Клиенттер тапсырмасы бойынша банк қызметкерлері сәйкес төлем құжаттары негізінде клиент шотына төлем құжатында көрсетілген соманы есептейді немесе шегереді. Қолма-қолсыз есеп айырысу — бұл банктік айналым ақшаларының қозғалысы, яғни ақшалай қаражаттар сомасын шаруашылық органдарының шот бойынша (олармен міндеттемелерін төлемдер бойынша орындау тәртібіне сәйкес) жазба түріндегі аударымдары.

Қолма-қолсыз есеп айырысудың кең таралуы, қолма-қол ақшаның айналу аясын шектеуге, ақша белгілерін жасауға, сақтауға және есептеуге кеткен шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Қолма-қолсыз есеп айырысудың тиімді формаларын енгізу төлемдердің жылдамдауына, есеп айырысуда ақшалай қаражаттарының айналымдылығына кемектеседі, со-ңында ақшалардың банктік айналымын тездетеді. Қолма-қолсыз есеп айрысу «зат алмасуда» халық шаруашылығы шаруашылық байланыстарда делдал болады және олардың нақтылығы мен үздіксіздігі жалпы экономиканың тиімділігіне байланысты болады. Қолма-қолсыз есеп айырысулардың мәні мынада, олар шаруашылық органдардың қорларының айналымына және шаруашылық мәмілелердің аяқталуына көмектеседі.

Қажет жағдайда шаруашылық орган банктен уақытша несие ретінде қаржылық көмек алып, пайда болған талаптар бойыша төлемсіздік мөлшерін азайта алады.

Қатысушыларға байланысты есеп айырысу операциялары екі топқа бөлінеді: клиенттік есеп айырысу операциялары (қатысушылары клиенттер мен банктер) және банкаралық есегт айырысулар (қатысушылары тек банктер). Есеп айырысудың формалары мен ерекшеліктері негізінде банктердің келесі есеп айырысуларын айтуға болады: аударымдық, инкассалық, аккредитивтік және клирингтік.

Есеп айрысу кезінде келесі төлем құралдары қолданылады: төлем тапсырмалары, чектер, вексельдер, аккредитивтер, пластикалық карточкалар, жирочектер(тапсырмалар).

Қазақстан Республикасында банкаралық және халық шаруашылығындағы есеп айырысу жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы Ұлттық банк. Ол мынадай қызметтерді орындайды:

—   қолма-қолсыз және қолма-қол ақша айналым ауқымдарына, қолма-қолсыз және қолма-қол ақша эмиссияның мөлшеріне бақылау жүргізу;

—   барлық коммерциялық банктер үшін (маманданғандарды қоса) біртұтас әдістемелік негізде бірыңғай мемлекеттік есеп айырысу орталығы болу;

—   есеп айырысудың, есеп берудің, есепке алу мен жүргізудің ережелерін жасау және оларды унификациялау.

Қолма-қолсыз жолмен есеп айырысу жүйесінің ұйымдастырылуы біртұтас негізгі қағидалар және келесідей операциялар арқылы жасалған: қаражаттарды бір шоттан екінші шотқа дебеттік аударымдар (чектер), бір шоттан екінші шотқа кредиттік аударымдар (жироесеп айырысудар). Чектер (көбінесе) бір реттік мәмілелерде қолданылады, жироесеп айрысу — тұрақты және мерзім сайын қайталанып тұратын мәмілелерде қолданылады.

Коммерциялық банк өздерінің ведомоствалық мекёмелер арасындағы есеп айырысу формасын өздері анықтауға құ-қылы, ал қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі банктер мен клиенттеріне белгілі бір есеп айырысу операциясын жүзеге асыруды таңдауга мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде елімізде есеп айырысу жүйесін қайта ұйым-дастыру негізгі екі бағыт бойынша жүргізіледі:

—   жеке және заңды тұлғалардың есеп айырысу фор-маларының пайдаланып жүргендерін жетілдіру және жаңа формаларын енгізу;

—   банкаралық есеп айрысу жүйесін қайта ұйымдастыру. Есеп  айырысу  формаларын  жетілдіру  туралы  айтқанда,

Коммерциялық банктердің инвестициялыққызметі.

Инвестициядегеніміз — бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сиякты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция- бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құралжабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өнідірістік сипатағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестицияларбағалы қағаздарды сатып алу арқылы (бағалы қағаздар портфелі) және ұзақ мерзімдік банк несиелерін беру арқылы (қарыздар портфелі) жүзеге асады. Жеке, мемлекеттік, шетелдік инвестициялар инвестициялық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқтары қорғалады.

Қазақстанда, заңға сәйкес, инвестиция деп, кәсіпкерлік іс-әрекет және басқада пайда әкелетін іс-әрекет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары мен бағалы қағаздарды айтады. Инвестициялық қызметтің қатысушылары — жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сол сияқты шетелдік инвесторлар бола алады. Берілген жағдайдағы әңгіме коммерциялык банктердің инвестициялық қызметіне қатысты.

Әдетте банктердің инвестициясы деп, ақша қаражаттарын банктердің өздерінің бастамашылығымен табыс алу мақсатында, белгілі бір мерзіміне ақшалай қаражаттар салу. Тар магынада банктердің инвестициялық қызметі деп, банктердің салыстырмалы ұзак мерзім ішінде қызмет ететін бағалы қағаздарға ақдіа қаражаттарын салу. Инвестицияның қарыздан бір қатар айырмашылығы бар.

Бағалы қағаздар— бұл арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжаттар, оларда көрсетілген кұқты жүзеге асыру үшін сол бағалы қагаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық болады (вексельдер, чектер).

Қорлық бағалы қағаздар, әдетте эмиссияның массалық сипатымен ерекшеленеді, олар өте көп мөлшерде эмиссияланады және акционерлік немесе облигациялық қорда белгілі бір үлеске ие екенін растайды.

Олар негізгі және көмекшіболып бөлінеді. Негізгі қорлық бағалы қағаздар негізгі мүліктік құқық немесе талапқа негізделген (акция, облигация), ал көмекші бағалы қағаздар қосымша құқтар мен талаптарды білдіреді (купондар, талондар).

Бағалы қағаздар иелерінің құқтары ерекшеліктерімен байланысты мәлімдеуші, ордерлік және атаулы болып бөлінеді.

Мәлімдеуші бағалы қагаздар — бұл мәлімдеуші чектер, акциялар, облигациялар, салымдық анықтамалары, қоймалық анықтамалар және т.б. Оларды сату және иесінің құқтарын растауы үшін тек мәлімдеу керек.

Ордерлік бағалы қағаздар — оларды ұстаушылардың кұқтары сол қағаздың мәлімдеушісімен және сол сияқты аударып жазу белгілерінің сәйкестігімен расталады.

Атаулы бағалы қағазда ұстаушының аты міндетті болады. Қаржылық   бағалы   қағаздар   мемлекеттік   және   мемлекеттік емес субъектілермен эмиссияланады.

Мемлекеттік бағалы қағаздарға қазыналық вексельдер, қазыналық бондар, қазыналық міндеттемелер жатады. Мемлекеттік еместерге акциялар, облигациялар, қысқа мерзімді міндеттемелер депозиттік сертификаттар жатады.

Коммерциялық банктердің басқа да қаржылық қызметтері

Лизингтік операциялар.«Лизинг» ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беруді айтады.

Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдырунсыз немесе тартылған қаражатсыз озіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өнідірісті жаңа құрал-жабдықпен, алдыңғы техникамен материалды-техникалық қамтамасыз етудің. анағұрлым прогрессивті формасы.

Лизингті мәміледе 3 қатысушы болады. Олардың өзара қатынастары мәмілемен реттеледі: бірінші қатысушы — мүлік иесі (лизинг беруші), екінші — мүлікті пайдаланушы (лизинг алушы), үшінші — мүлікті сатушы. Олардың өзара қатынасы келесідей түрде қалыптасады: болашақ лизинг алушы ақша-қаражаттары бар болашақ лизинг берушіні мәмілеге қатысуын сұрайды, ол лизинг алушыға керекті мүлікті сатып алып, одан кейін оны лизинг алушыға төлемді шартымен жалға береді. Коммерциялық банктер бұл жерде мүлік иесі ретінде болады, яғни олар мүлікті өз меншігіне алады және лизинг алушыға (оған қаржылық қызмет көрсете отырып) береді. Шын мәнінде олар осы мүліктің несиесін береді, сөйтіц несиелік қатынастар пайда болады. Мұнда несиелеудің барлық приципі бар: мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік (ақылық). Мерзімі біткенде лизинг алушы мүлікті иесіне қайтарып береді, қызметті төлейді, яғни жалақысын төлейді. Формасы бойынша бұл ақшалы несие емес, бұл ендірістік, негізгі қорларға тауарлық несие. Лизинг түрлері әр турлі:

1.Жедел лизинганағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі болып моральдік төзу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал-жабдықтар табылады.

2.Қаржылык лизинганағұрлым ұзак мерзімге беріледі. Ол мерзім машиналар мен құрал-жабдықтардың амортизациялық тозу мерзімімен сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, күшін тоқтата алмайды. Онда мүлікті лизинг алу-шымен сатып алыну мүмкіндігі көрсетілген.

3.Қалдык кұны бойынша лизиигпайдалануда болған құрал-жабдықтарды жалға беру. Сондықтан лизинг объектісі бастапқы құнымен емес, қалдық құны бойынша бағаланады.

Лизингтік бизнестің дамуы үшін, лизингке беретін арнайы лизингтік компаниялар құрылады. Олардың негізгі қаражат көзіне құрал-жабдықтарды сатып алу үшін берілетін банктік несиелер жатады.

Құрылып жатқан лизингтік компанияларға қарағанда банктердің артықшылығы — лизингті жүзеге асыру үшін, ұйымдастырылған лизинг жүргізу үшін олар арнайы бөлімдер мен топтар қалыптастырады. Лизинг операциясын жүр-гізген тиімді: ол жоғары рентабельді, тәуекел дәрежесі төмен, нақты материалдық қамтамасыз етілген.

Факторингтік операциялар. Факторингтік операция -клиентпен төленбеген қарыздық талаптар (шот-факторлар, вексельдер) бойынша төлемді талап ету құқын басқаға (банкіге) беру. Факторингтің мәні — банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды (олардың девиторлық қырызын) пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұндай мәміле келісім-шартпен жүзеге асады. Ол келісім-шартта сатып алынған қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай мөлшері алынатынын көрсетеді.

Банктер алғашқы факторинг қызметін клиенттерге 1990 жылдан бастап көрсете бастаған. Мұндай операциялармен КСРО — Промстройбанктің жүйесі айналысқан. Факторинг -жиі қаржылық қиындықтарды басынан кешетін шаруашылық органдар үшін біршама тиімді қызмет көрсету болып табылады. 1988 жылы жеке құқықты жүйелеудің халықаралық институтымен қабылданған Халықаралық факторинг туралы Конвенцияға сәйкес, келесідей төрт белгі қанағаттандырылғанда ғана факторинг операциясы болып саналады.

1)   қарыздық  талаптарды   алдын   ала  төлеу   формасында несиелеудің болуында;

2)  жабдықтаушымен    бухгалтерлік    есепті    жүргізу,    ең алдымен өткізу есебін;

3)   жабдықтаушы қарызын инкассолау;

4)  несиелік тәуекелден жабдықтаушыны сақтандыру. Факторингтің үш  қатысушысы:   фактор,   бастапқы  несие

беруші, борышқор. Жабдықтаушы өз қарыздық талаптарын факторға сатады. Фактор, ол талаптың 80% бөлігін сол жерде төлейді (комиссиондық төлемдерді алып тастағанда). Қалған бөлігі борышқормен төленгеннен кейін қайтарылады. Сонымен қатар, банк осы операциямен байланысты барлық жауапкершілікті, тәуекелді, талаптарды инкассолауды өз мойнына алады. Жабдықтаушы шығындарына мыналар жатады: бухгалтерлік есепті жүргізгені үшін және факторлық жиын-дар үшін комиссиондық төлемдер; банктің немесе факторингтік комиссияның пайдасы.

Факторингтік келісімнің бірнеше типтері бар. Толық қызмет ету туралы келісім әдетте факторингтік компания мен жабдықтаушы тұрақты, ұзақ қатынаста болатын болса қолданылады. Толық қызмет ету мыналарды қамтиды: күмәнді қырыздардың пайда болуынан толық қорғау, төлемдердің кепілдік түсімін қамтамасыз ету, несиені басқару, сатуды есептеу, белгілі бір мерзімге алдын ала төлем формасындағы несиелеу.

Регресстік құқы бар толық қызмет етудің алдыңғысынан айырмашылығы — факторингтік компания жабдықтарушы көрсететін несиелік тәуекелді сақтаңдырмайды. Бұның мәні компания егер төлем құжаттары төленбесе, оларды жабдықтаушыға қайтарып бере алады.

Толық қызмет ету туралы факторингтік келісімнің тағы бір түрі — агенттік келісім немесе көтерме факторинг туарлы келісім,   Бул  жағдайда  жабдықтаушы   факторингтік  компанияға тек несиелік тәуекелдің қорғау функциясын береді, ал қалған элементтер жабдықтаушыда қалады, яғни ол факто-рингтік компанияның талаптарды есепке алу мен инкассо-лаудың агенті болады.

Егер жабдықтаушы тек несиелеуге қызыгушылық білдірсе, ол ашық немесе конференциялдық шот-фактураны есепке алу туралы мәміле жасау мүмкін. Факторингтік компания үшін шот-фактурараларды дисконттау өте тәуекелді болып келеді.

Трасталық операциялар. Коммерциялық банктер өздеріне сенімді тұлғаның қызметтерін қабылдап өздерінің жеке және корпоративті клиенттері үшін әр түрлі қызметтер орындайды. «Траст» — сенім дегенді білідреді. Капитал иесі (жеке немесе заңды тұлға) өз капиталын басқа тұлғаға (сенімді) оның мүддесін қорғап отырып, иелік етуге сенім білдіріп тапсырады, яғни траст деп, банктердің, басқа қаржылық институттардың мүлікті және капиталды басқарумен байланысты қызметтер көрсетуін және клиент атынан, оның мүддесі үшін, сенімді тұлға ретінде басқада қызметтер көрсетуін айтады. Бұл опеарциялар келісім негізінде жүзеге асады, ол келісім трасталық деп аталады. Бұнда сенімді тұлға белгілі бір құқтарға ие болып мүліктің, капиталдың, бағалы қағаздардың иелік етушісі ретінде болады. Сенімді тұлға мүлікпен бенефициар мүддесін қорғай отырып, иелік етуге тиіс. Бенефициар болып мүліктің иесі, яғни сенім иесінің өзі немесе үшінші тұлға болуы,мүмкін.

Банктер трасталық қаражаттарды негізінен өздерімен ұзақ қатынастағы фирмалардың акцияларына, ірі компаниялардын бағалы қағаздарына, қозғалмайтын мүлік бойынша кепілдемелерге, депозиттерге және басқада табысты активтерге орналастырады.

Банктерге қаражаттарды бағалы қағаздарға салу қосымша табыстан басқа, ірі фирмаларды және корпорацияларды ба-қылауға мүмкіндік береді.

Банктердің трасталық бөлімдерінің қызметтерін жеке және занды тұлғалар, жәрдем қорлары, басқада қоғамдық ұйымдар пайдалана алады. Банктер трасталық қызметтерді әр түрлі клиенттердің кеңірек тобына көрсетуге мүдделілік танытады.

Коммерциялық банктер өз клиенттерінің сенімхаттары бойынша келесі операцияларды жасай алады:

—   жеке тұлғаларға сенімхат бойынша акциялар, басқада корлық құндылықтар түріндегі мүліқті, қозғалмайтын және басқада мүлікті (жауапты сақтауға берілген немесе хат бойынша) басқару;

—  акционерлік қоғамдардың тапсырмасы бойынша сенім-ділік функцияларды орындау;

—   фирмалар мен жеке тұлғаларға агенттік қызметтерді көрсету.

Сенімді операциялар екі түрге бөлінеді: жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға.

Жеке тұлғалар үшін трасталық қызметтердің негізгі 3 категориясы бар:

1)   иесі кайтыс болғаннан кейін мүлікті басқару;

2)   мүлікті сенімді негізде басқару;

3) агенттік қызметтер. Банк басқаруындағы траст түрлері әр түрлі болып келеді: сеніп қалдыратын, бүкіл өмірлік, сақтандыру, корпоративтік ; институцияналдық, коммуналдық.

Банктер іскерлік фирмалар мен компанияларға мынадай агенттік қызметтер көрсетеді:

—   трансферт бойынша агент — облигациларды, акцияларды, олар бойынша құқты бір иеден екінші иеге беру;

—   акцияларды тіркеуші — банк шығарылған бағалы қағаздардың есебін жүргізеді;

—  депозитарий, яғни қаржылық қайта ұйымдастыру кезіндегі құндылықтарды сақтау ретінде;

—   акциялар бойынша дивиденттерді және облигацияларға пайыздарды төлейтін агент.

Трасталық қызметтер үшін комиссиондық төлемақыны орбір, операцияға   дифференциалды   түрде   қояды:   агенттік қызметтер үшін келісімді түрде, басқаларына заңмен немесе сот шешімімен қойылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *