Банктердің актив және пассив операциялары.

Банктің  активтерінің  сипаты  мен  сапасы.  Банк  активтері —  пайда   табу  мақсатында  банктік  ресурстарды  түрлі  активтер  бойынша  орналыстырылған  қаражаттары.  Банктік  активтердің  құрылымы  баланстың  актив  жағында  көрсетілетін  сапасына   қарай  бөлінген  баптардың  баланс  нәтижесіне  қатынасын  сипаттайды.

Коммерциялық   банктің  активтерін  төмендегідей  төрт  топқа  бөлуге   

болады:

  • касса және  оған  теңесетін  ақшалай  қаражаттар;
  • займдар;
  • бағалы қағаздарға  жұмсалынған  инвестициялар;
  • банктің ғимараты  мен   жабдықтары.

Активтердің  сапасы,  олардың  өтімділігіне,  тәуекел  активтердің  көлеміне,  толық  бағалы  емес  активтердің  үлес  салмағына,  активтердің  көлеміне, табыс  әкелуіне  қарай  анықталады.

Банк  өзінің  міндеттемелерін  күнделікті  орындап  отыруын  қамтамасыз  етуі  үшін  активтердің  құрылымы  өтімділіктің  қоятын  талаптарына  сәйкес  келуге  тиіс.  Осы  мақсатта  банк  өзінің  активтерін,  олардың  өтелу  мерзімдеріне  байланысты  және  өтімділік   дәрежесіне  қарай  жіктейді.  Өтімділігіне  қарай  банк  активтері  төмендегідей  топтарға  бөлінеді:

1 жоғары  өтімді  активтер;

2 өтімді  активтер;

3 ұзақ мерзімді  өтімді  активтер.

Жоғарғы  өтімді  активтерге  мыналар  жатады:

  • кассадағы қолма-қол  ақшалар;
  • орталық банктегі  корршоттағы  қаражаттар;
  • мемлекеттің қарыздық  міндеттемелері;
  • ЭЫДҰ-на (экономикалық  ынтымастық  және  даму  ұйымы)  мүше  елдер,  яғни  бейрезиденттердің  банктердегі  тұрақты  валютада  салынған  корршоттағы  қаражаттар;
  • Ішкі валюталық  облигациялық  заемдарға  салынған  қаражаттар.

Банктің  өтімді  қаражаттары  банктің  айналымынан  қажет  уақытында  алуға  мүмкіндік   беретін  активтер  жатады.

Банктің  өтімді  қаражаттарының  құрылымына  жоғарыда  талданғаларынан  басқалары, яғни  қайтару  мерзімі  30  күнді  құрайтын,  шетел  валютасында  берген  барлық  несиелер,  алдағы  30  күн  ішінде  аталған  банкке  келіп  түсуге  тиісті  басқа  да  төлемдер  жатады.

Банктердің  инвестициялық  операциялары.  Банк  қызметіндегі  инвестициялаудың  өзіндік  ерекшелігі  бар.  Кең  мағынада,  банктік  инвестиция —  пайда  табу  мақсатында  банктің  ресурстарын  орналыстыруға  бағытталған  активтік  оперциялардың  жиынтығы.

Банктік  инвестиция —  табыс  немесе  пайда  алу  мақсатында  ақшалай  қаражаттарды  бағалы  қағаздарға  жұмсауы. Сонымен  қатар,  банктік  инвестициялау  деп  негізгі  капиталға  жұмсаған  қаражаттарды  да  түсінуге  болады.

Банктің  инвестициялық  қызметі  инвестициялық  саясат  көмегімен  жүзеге  асырылады.  Инвестициялық  саясаттың  негізгі  мазмұны  қаражат  жұмсау  үшін  біршама  тиімді  бағалы  қағаздың  түрлерін  анықтау, әр  уақыт  кезеңіне  инвестиция  портфелінің  құрылымын  оңталандырудан  тұрады.

Банктің   инвестициялық  операция   жүргізетін   бағалы  қағаздары  екі  топқа  бөлінеді:  қор (акция, облигация)  және  коммерциялық  бағалы  қағаздар  (коммерциялық  вексель,  чек,  қоймалық,  кепілдік  куәліктер),  жаңа  бағалы  қағаздарға  қаражат  орналыстыруға  кепілдік  беру  андеррайтинг —  бұл  бағалы  қағаздарды  сатудан  ешқандай  да  төменгі  ақшалай  қаражаттың  келіп  түспейтіндегі  туралы  эмитентке   кепілдік  беруді  білдіреді.  
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:

— Ақылы негізде салымдарды (депозиттерді) тарту;

— Клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;

— Қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттармен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;

— Инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;

— Заңда көрсетілген тәртіп пен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);

— Төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;

— Ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндеттемелерді беру;

— Тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;

— Банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;

— Клиенттер үшін құжаттармен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес);

— Коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг);

— Клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);

— Банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;

-Лизингтік операцияларды жүзеге асыру.  

— Банктік қызметтермен байланысты кеңес беру қызметтерін көрсету;

— Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен берілген лицензиясынасәйкес басқа да операциялар түрін жүзеге асырады.
Коммерциялық банктердің тағы бір манызды кызметі бар. Банктер мемлекеттік бюджеттің орындалуы бойынша операцияларды жүргізуге міндетті. Клиент пен банк арасындағы қатынас келісім шарт сипатында болатынын атап өткен жөн. Қазіргі уақытта клиенттер несиелік — есеп айырысу және кассалық қызметтер үшін банктерді өз беттерінше таңдайды және оларға барлық банктік операциялар түрлері бойынша бір немесе бірнеше банктерде қызмет көрсетілуі мүмкін.

Барлық атанған операциялар лицензия болған жағдайда ұлттық және шетел валютасымен де жүргізілуі мүмкін.Коммерциялық банктер келісім шарт негізінде банк жарғысында қаралғандай өзара депозиттерді, несие түріндегі қаржыларды бір — біріне тарту немесе орналастыру, басқа да өзара операцияларды жүргізуі мүмкін.Клиенттерді несиелендіру және қабылданған міндеттемелерді орындау үшін қаржылардың жетіспеушілігі жағдайында Ұлттық банктен несие алуға өтініш беруге құқы бар.
Коммерциялық банктер қаржыларды сақтау және операцияларды жүргізу үшін банктерді өз бетерінше таңдайды және онда корреспонденциялық шоттар ашады.

Коммерциялық банктер корреспонденциялық шоттарашу жағдайында корреспонденциялық қатынас туралыкелісімшартжасасады. Оларға шотты ашуға арыз, банк жарғысының көшірмесін және қолтаңба мен мөрінің үлгісі бар, наториалды расталған карточкасын ұсынады. Корреспонденциялық шоташу жағдайында банк мекемесінің бас есепшісішот нөмірі көрсетілген белгісі бар коммерциялық банктің жарғысын әзірлейді.

Коммерциялықбанктердіңфилиалдарыныңорналасумекенінеқарайоғанкорреспонденциялықсубшоттарашылуымүмкін. Субшоттарашутуралы ұсынысы филиалдардың орналасумекенібойынша банк мекемесіне және осы
 ұсыныс көшірмесі комерциялдық банктің корреспондециялық шоты ағылған банк мекемесінежіберіледі. Корреспонденциялық субшоттыашутуралы ұсыныс көшірмесін коммерциялық банктің негізгішотыбойынша құжаттар жинағында сақталады.

Корреспонденциялықсубшоттыкұжаттауүшінбанкмекемесіне, сондай-ақфилиалтуралыжалпыжағдайыныңкөшірмесі, мөріменқолтаңбаүлгісісалынғанкарточкаұсынылады.

Банкмекемесікорреспонденциялықкелісімшартынасәйкескорреспонденциялықшоттар (субшоттар) бойыншаақша — есепайырысуоперацияларынжүзегеасырады, коммерциялықбанктердітелеграфтыкодтарменқамтамасызетеді. Орталық банк, оның аймактық басқармалары, кассалық есеп — айырысу орталықтары коммерциялық банктерді олардың олардың қызметтеріне байланыстынормативтік құжаттармен қамтамасыз етеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *