(1912-1961) – қазақ ақыны, Отан соғысына қатысушы. 1930 жылыПетропавл педагогикалық техникумын, 1931 жылы Мәскеудегі түсті металдар және алтын институтының даярлық бөлімін, 1932 жылы Алматы мемлекеттікуниверситетінбітірген. 1932-1957 ж. Қарағанды облыстық халық ағарту мекемесінде қызметкер, «Жасалаш» газетінде бөлім меңгерушісі, 1932-1941 ж. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет (қазіргі «Жазушы») баспасында редактор әрі Қазақстан Жазушылар одағының жастар мен балалар әдебиеті секциясының меңгерушісі, Қазақтың мемлекеттік филармониясының, Республикалық халық шығармашылық үйінің директоры, «Жаңа өмір» және «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналы редакторының орынбасары, 1960 жылдан «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған.
Жұмағали Саинның тұңғыш өлеңдер жинағы — «Бақыт жыры» (1937), «Жорық жылдары» (1944), «Айғақ» (1948), «Алтай» (1950), «Жылдар» атты өлең жинақтары мен «Құнарлы күз» очерктері . Сонымен қатар, жазушының орысклассиктері А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтовтың және т.б. ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған аудармалары көрмеден орыналды.
КСРО-ның Еңбек Қызыл Ту орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
Ж.Сайн шығармалары әскери тақырыпты толықтыруға қызмет етті. Ол бұл тақырыпта «Есімде Айдар өзені», «Ұрыстан кейін», «Днепрге қарады» сияқты әдемі лирикалық өлеңдер тудырды. «Есімде Айдар өзені» — қазақтың әскери поэзиясының үздік өлеңдерінің бірі. Онда Айдар өзені бойындағы ұрыс пен неше түрлі сезім арпалысын басынан кешірген солдаттың жан дүниесі түгел көрінеді. Жауынгерлердің жеңімпаз қуаты, жараланғандар мен қаза тапқандар жайы, отан тәуелсіздігін қорғаған солдаттың ыза-намысы, халықтар достығы өлеңнен көрініс тапқан.
Маңдайында қос сызық,
Майдан жолы – оқ жолы.
Сәл қисықтау бітіпті
Сол иығы, сол қолы.
Бұл – майдан солдаты Тілеу бойындағы белгілер.