Баубек Бұлқышев

(1916, Қарағанды облысыҰлытау ауданы1944, Украина, Днепропетровск облысыСофьевск ауданы) — жазушы. Шығармаларын қазақ, орыс тілдерінде жазған. Қарсақбайдағы ФЗО мектебін бітірген (1935). Алматы сауда-қаржы техникумында оқи жүріп (1937), көптеген өлең, “Балалық шақ” поэмасын, “Ауылдан Алматыға” атты әңгімесін жазды. 1939 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас Алаш”) газетінде әдеби қызметкер, кейін “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінде бөлім меңгерушісі болған. 1940жылыКеңес Армиясы қатарына шақырылады да, Мәскеу әскери училищесінде оқиды. БұлқышевҰлы Отан соғысы майдандарындағы ұрыстарға алғашқы күндерден бастап қатысады. Оның соғыстағы отаншылдық ерлігіата дәстүрінің жалғасы іспетті. Баубектің әкесі А. Иманов басқарған ұлт-азаттық қозғалысына белсенді қатысқан. Ата дәстүріне беріказамат, жалынды көсемсөз шебері, ержүрек жауынгерМәскеуді қорғау, Украинаныазатету шайқастарының бел ортасындаболды. 1944 жылдың бас кезіндемайданда қаїармандықпен қаза тапты. Бұлқышев көптеген өлеңдер жазып, республика баспасөз беттеріндежариялады, оның “Алматы — менің туған қалам” дегенбітпей қалған романы және “Айсұлу” дегенпоэмасы бар. Бұлқышевтың шығармашылық дарыныҰлы Отан соғысыныңауыр сын сағаттарында ерекше көрінді. 1942жылы 1 мамырда “Комсомольская правда” газетінде Бұлқышевтың “Өмір мен өлім туралы” (жас қазақ әскерінің хаты) деген өршіл, отаншыл мақаласы жарық көрді. Соғыс кезінде жазған шығармаларының дені “Комсомольская правда” газетіндежарияланды. Бұлқышевтың “Я хочу жить”, “Жизнь принадлежит нам”, “Коварство и любовь”, “Письмо сыну Востока”, “Слушай, Кавказ” және басқа мақалаларын көрнекті жазушыҒ. Мүсірепов қазақ тілінеаударып, республика “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетіндежариялады. Бұлқышев шығармалары әдеби жинақтарда (“Жизнь солдата”, М., 1946; “Журналисты в шинелях”, А.-А., 1968; “Есімізде қанды майдан жорықтары”, А., 1968) басылды, жекекітапболып жарық көрген

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *