Халық театры

халықтың, сахналық өнер ұжымдары.Театр өнерінін алғашқы нышандары ерте заманнан–ақ халықтың күнделікті тұрмыс–тіршілігімен, мұң–мүддесімен біте қайнасып, бірге дамыды. Шаруашылық науқандарына байланысты жиын–тойлар соның айғағы. Халық дәстүрлі ойындарына шаруа ыңғайына сай қатысушылар көктем мен қыстың кейпіне еніп, шартты сахнада қысты көктемге жеңгізеді. Мұның өзі «ойынның» магиялық күшіне, яғни табиғаттың стихиялы күштерін игеріп, дүниені өзгерте алатынына сенуден туындаған еді. Малға жабысатын ауруды қуу мақсатында айтылатын бәдік айтысының да түп–төркіні шаруашылық қамына, мал басының амандығын тілеуге саяды. Халық көп жиналатын ойын–сауықтар, жиын–тойлар –адамдар арасындағы таптық–әлеум. айырмашылықтарды уақытша болса да жояды. Сол себепті мейрам–дарда халық арасындағы карым–қатынас еркін, ойнақы болатын. Мейрам кезінде қулар, қуақылар күнделікті, мейрамнан тыс өмірдің кикілжіңдерінен үзінділер келтіріп, кем–кетікті жұрт алдында сынап–мінеп отырған. Сынайтын адамдарының кейпіне түсіп, мінез–құлқын жұрт алдында масқаралайтын қулар өнерінің бастауында – сырқатты емдеу кезінде аруақтармен тілдесу үшін «өңін айналдырып», әр түрлі тотемдік бейнелерді жасайтын бақсылар ойыны жатыр. Бақсы ойынын қазіргі әдебиеттерде «бір актердің театры» деп жүр. Шындығында, бақсы ойынының өз сахнасы, декорациясы, муз. сүйемелдеушісі, көрерменіболады. Халық жиындары адам өмірінің шешуші кезеңдеріне бағышталып отырды: ас беру, үйлену тойы, қыс пен көктемнің тоқайласқан, қоғамдық күштердің кақтығысуы, үстем тап пен халық мүддесінің қайшылығы, т.б. Осыған орай қазақ топырағында дүниеге келген театр өнерінің алғашқы нышандары – қарама–қайшылығы да, теңдік–теңсіздігі де мол қаза0 өмірінің өзі болды. Үйлену тойында айтылатын дәстүрлі –«Жар–жар», «Сыңсу», «Қоштасу», «Беташар», т.б. ән–өлеңдер, қыз аулына келгендегі еріксіз қатынасатын әр түрлі ойындары бірігіп, өмірдің біртұтас драмалық, кейде комедиялықспектакліне айналатын. Ертеден халық арасына кең тарап, оның эстет. көніл–күйінен хабар беретін айтыс өнеріде өз бойына театр өнерінің нышандарын сақтады. Алғашында шаруашылық қамына байланысты жыл мезгілдерінің айтысы ретінде дүниеге келген айтыс өнері қоғамдық ойдың дамуына сай «Жар–жардағы» қыздар мен жігіттердің айтысы, ақындар айтысы, т.б. түрлерге бөлініп, форма жағынан ыдырауды басынан кешірді. Айтыс та, басқа театрдың түрлері сияқты кақтығысқа құрылды. Ақындар кейде ру атынан сайысқа түсіп, руаралық дау–дамайды қоздыра түсетін болса, кейде жеке басындағы қайшылықтарды, әлеум. теңсіздігін де тілге тиек етіп ұстау дағдысы, айтысты өз пайдасына шешу үшін әр түрлі экспрессивтік әдістерді пайдалануы, т.с.с. жайттар кейін қа–зақ топырағында актерлік өнердің қалыптасуына, өркен жаюына игі ықпалын тигізді. Халық арасынан шыққан өнерпаздар алғашында қулардың, бақсылардың, ақын, сал–серілердің   машықтарын   оңтайлыпайдаланды. Халық театрларының бір бөлігін  қамтитын ендігі бір үлкен сала – жыршы, жыраулар өнері. Бай эпостық, лиро–эпостық жырларын көрермендер һәм тыңдаушылар алдында нақышына келтіріп орындап жыр кейіпкерлерінің тағдырына олар–ды да ортақтастырып, қатыстырып отыратын жыршы – халықтың біртұтас лиро–эпостық дүниетанымының бір бөлшегін құрады. Жыршының жыр айтуы қазіргі инсценировкалар дәрежесінде жүріп отырды. Бүгінгі таңдағы эпикалық театр өз бастауын осы инсценировкалардан алады. Қоршаған әлемге, табиғат сұлулығына деген таңданыстан туып, бірте–бірте театрлық дүниетаным болып қалыптасқан қазақ өмірінің бір арнасы – халық билері. Халық арасында кең тараған билердің бірі – «Ортеке биі» қуыршақ театрының алғашқы элементтерін дүниеге әкелді. Осылайша қазақ өнерінің бір саласы – халық театры өз дамуының бірнеше сатыларын бастан кешіріп, кәсіби театр өнеріне ұласты.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *