адам жанының мекені.Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі әдептік реттеудің маңызды бір ерекшелігін ондағы жан мен Т. үйлесімділігі деп атауға болады. Бұл Т. мен жан сұлулығы ұғымында айқын байқалады. “ Т–і сұлудың жаны да сұлу” деп түсінген халық үшін ұсқынсыздық бір бағытты болып келмейді. Халықтық дүниетанымда адамның Т–дік бастаулары ақталып шығады. Т. жеке даралық, өзімшілдік сипатта емес, керісінше, жалпы әлемдік, ғарыштық, халықтық тұрғыдан қарастырғанда толассыз жаңғыртулар мен өзгерістердің жетілу кепіліне айналады. Т. өмір мен өлімнің, әке мен аналық жасампаздықтың, өткіншілік пен мәңгіліктің рәмізіне айналады. Ең бастысы – Т. Бүкіл табиғаттың толассыз жаңғыртушылық қабілеттілігінің адамдандырылған бітіміне жатады. Ол молшылық, құттылық, дәулеттілік, шаттылық, көтеріңкілік, ләззат т.т. құндылықтарының отауы болып табылады. Ол – адам тіршілігінің салтанаты. Т–нің төменділігі шартты болып келеді. Төмендеу, бұл мағынада, Жер–Анаға жақындау, оның сіңіруші және қайтадан тудырушы стихиясымен бірегейленуді білдіреді. Тіпті, өлу дегеніміз (қазақша: “қайтыс болу”) табиғатқа қайтып келуді білдіреді. Төмендеу дегеніміз тәннің төменгі мүшелерінің (ішек–қарынның, жыныстық мүшелердің) асты қорыту, оны табиғатқа шығару, махаббаттан ләззат алу, жүкті болу, нәрестені дүниеге әкелу сияқты қызметтерін түсіну деген сөз. “Ұлы сөзде ұят жоқ” дейді қазақ. Жоғарыда аталған нәрселер адамдық келбетті төмендетіп жібермейді (төмен ұғымын амбивалентті мағынада қолданып тұрмыз). Тұлғаның фәниден бақиға дейінгі тіршілігінде аса маңызды оқиғалар мен оларды атап өту астарында “төменгі Т.” құндылықтары тұр (құда түсу, үйлену, шілдехана, тұсау кесу, қайтыс болу, ас беру). Халық дәстүрінде астан жоғары құндылық сирек кездеседі. Сөйтіп төменгі жоғарғы болып шыға келеді. Тек адам санасында төменгі дене құнсыздандырылып, тыйым салынған игіліктерге айналып кетеді. Халық түсінігінде, Т. тұрмыстық жиі қолданудан біртіндеп қарадүрсінделуі мүмкін, ол тоғышар адамдардың топастықпен қайталайтын нәпсіқұмарлығына айналуы да ғажап емес. Бірақ Т. де бұл үшін жаратылған жоқ, Т. құмарлығын рухани бастаулардан алыстату дұрыс емес. Егер тірілердің есінде жақсы істері, ойлары, білімі, қайырымдылығы арқылы қалатын болса, ол адам қайта тууы мүмкін. Сөйтіп адам өмірінің мәні алдыңғы ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін белсенді түрде игеруде, ізгілікті істерінде екен; сонда Т. өлгенімен жан мәңгі қалады:
Т–нің үйі – қара жердің аясы,
Шыбын жанның Т. – баспана, саясы.
Биік ұшса, жәннатқа енгені,
Төмен түссе, бір пәленің келгені.
Екеуінің бірі болар, алайда,
Жаның мәңгі қалар тірі қалайда!
Адам мұңлық болғанымен күнәсіз,
Құрып Т–ні, өшер сөзі, шүбәсіз!
Қайдан келді? Енді қайда барады?
Қай жерде тұр? Енді қанша қалады?
Біліктілер айта ала ма әрдайым?
Білікті жоқ шешер мұның жұмбағын,
Жалғыз алла қанық, білер сырларын
(Жүсіп Баласағұн. Құтты білік).
Бұл сұрақтарға жауап іздеген ғұламалар “мәңгілік – адамгершілікте” деген түйінге келген. Абай айтқан “Адам бол!” ұстанымның мәнісі де осында жатыр.