жетекші және тарихы бай театрларға Академиялық театрберілетінқұрметті атағы 1919 жылы енгізілген. Алғашқы академиялық театр атағы Ресейдің байырғы музей және драма Т. ұжымдарына (мысалы, Мәскеудегі Үлкен, Кіші, Көркем театрлар мен Санкт–Петербургтегі Александрин, Мариин және Михайлов театрларына) берілді. 1920 жылы Мәскеу мен Санкт–Петербург Т. академиялық театр ассоциациясына (1921 жылға дейін) бірікті. Оның «Культура театра» деген баспа органы болған. 20–жылдардың аяғы мен 30–жылдардың басында театр өнерінің дамуына байланысты орыс, украин, татар және өзбек т. да осы атаққа ие болды. Бұдан кейін қазақ (Қазақ драма театры, 1937; Қазақтың опера және балет театры, 1941), тәжік, түрікмен, қырғыз Т–на да осы атақ берілді.