Дәріс мақсаты: Еуразияшылдық- мәдени-философиялық талдау нысаны ретінде. Еуразияшылдық идеяның жаңашыл үрдістерін қарастыру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
Еуразияшылдық идеяның жаңашыл үрдістері.
Еуразияшылдық- мәдени-философиялық талдау.
Еуразияшылдық мәдениет пен өркениеттегі ерекшелік.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Қазіргі замандағы еуразиялық ықпалдастық тараптардың тек қана тең құқықты, ерікті және қуатты әрі іргелі экономикалық негіз болған жағдайда ғана жүзеге аса алады. Сонымен қатар Еуразия үдерісі қарапайым адамдарға пайда келтіруі керек. Егер бұның барлығы болатын болса, онда бұл идея ресми кездесулер және декларациялар деңгейінде ғана емес, кең қоғамдық қолдауға ие болып, алға басады. Еуразиялық мұрат Шығыс пен Батыс мұраттарымен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бола тұра, оған кереғарлық жасамайды, онымен бірге қатар тұр. Керісінше, екі мұратты да жандандырып, мәдени-рухани жағынан біріктіреді.Ол дүниені жаңғырту болып табылады және адамды бір-бірінен алшақтатпайды, керісінше, жақындатады, толықтырады. Басқаша айтқанда, адамның материалдық-практикалық іс-әрекеті рухани-адамгершілік бастамасымен молығады; өз кезегінде адамның рухани-адамгершілік тұрғыдан дамуы дүниеден сырт болуды емес, қайта ол нақты іс-әрекетті, болмысты жаңғыртарлық әрекетті талап етеді. Осылайша еуразияшылдық өзінің мәні бойынша адамның дүниеге қатынасының ерекше түрі болып табылады. Ол іскеррлік- гуманистік қуатына орай шектен шығуды жеңуге жетелейді. Яғни, Батыс пен Шығыстың шектен шығушылығын жеңуге, сөйтіп, бір жағынын, материалдық-практикалық қызметті,екінші жақтан, құлықтық-рухани мәдениетті біріктіруге бағыттайды. Еуразияшылды қоғамның дүниеге, жаңа өмір формасына қатынасының үшінші мыңжылдық талаптарына толық жауап берерлік жаңа тәсілі.
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар:
Еуразияшылдық идеяның жаңашыл үрдістері? Еуразияшылдық мәдениет пен өркениеттегі ерекшелік. Қазіргі мәдениет даму тенденцияларының негізгі үрдістері.
Әдебиеттер: 1,2,3,8