Дәріс мақсаты Еуразияшылдық ұғымы, құрылымы мен қызметтерін қарастыру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
Еңбектің басты арқауы- Еуразия ұғымы.
Еуразия өркениеті түркілік- славиандық, түпкі төркінінде түркілік мәдениеттен бастауы.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер).
Жалпы, кез- келген серпінді идеяның шығу тегін тарихи тұрғыдан қарастырсақ, өзінің даму кезеңдерін қамтиды. Еуразияшылдық идея алғаш рет ХХ ғасырдың бірінші жартысында Еуропада қуғанда жүрген орыс эмигранттарының арасында туған екен. Бұл дегеніміз, бұрынғы ақыл-ойдағы идеологиялық құндылықтардың өзгеріп, жаңа көзқарастың пайда болуымен байланысты туған ерекше идеялардың бірі болды деген сөз.1921 жылы Еуропада жарық көрген орыстың еуразияшыл философтарының осы бағыттағы пікірлерән жинақтаған «Шығысқа шығу» атты еібектің алғы сөзінде «Бұл мақалалар дүниетанудын апатты өзгерісі кезеңінде туған дүниелер.Болған және алдағы уақытта болатын өзгерістерден біз саяси, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстарды ғана емес, дүниетану көзқарасында да терең өзгерістер болатынын болжап отырмыз», делінген.
Еуразияшылдық идеясының екі кезеңі бар. Бірінші, 1920-жылдары Н.С.Трубецкой, П.Н.Савицкий, Г.В.Вернадский дамытқан философия ой-пікірлер жүйесі болса, екінші кезеңін- 1990 жылдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразияшылдық доктринасын теориядан шынайы болмысқа ұластыруға талпынған ерік-жігерімен байланыстыруға болады. Олай болса, ресейлік «ескі еуразияшылдық» пен қазақстандық «жаңа еуразияшылдықтың» айырмашылығын ажыратып алайық. Біріншіден, еуразияшылдық Ресей үшін тарихи тұжырымдама болып қалды. Ал Қазақстан үшін өмірлік қажеттілік. Екіншіден, ресейлік еуразияшылдық Батысқа қарсы тұрушылықпен ерекшеленеді. Ал қазақстандық еуразияшылдық Батыстан алыстауға емес, керісінші, мемлекетаралық деңгейде неғүрлым терең қарым-қатынас орнатуға зор мән беріледі. Қазақстанның 2008 жылы қабылдаған «Еуропаға жол» бағдарламасы осының айғағы болып табылады. Үшіншіден, Назарбаевтың еуразиялық доктринасы орыстардікіндей тар ауқымдағы идеологиялық сызба емес, кең ауқымдағы халықаралық және өркениетаралық байланыстар әдісі, ашық түрдегі өркениеттік карта болып табылады. Ендеше, Көшбасшымыздың Еуразиялық идеясын неоеуразияшылдық емес, жаңа қазақстандық еуразияшылдық деп атауымызға әбден негіз бар.
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар:
Жаңа еуразиялық мәдениеттегі тәжірибе ғылымы қалыптасуы. Еуразиялық мәдени ареалда таралуындағы тарихи кезең.
Әдебиеттер: 1,2,3,5,6.