Татарлардың дәстүрлі киімдері

Жағасында тігінен ойығы бар жейделер ерлердің күнделікті киімі болып табылады. Жейделердің етегі ұзын, қарттар мен балалардың жейдесінің ұзындығы тізеге дейін жететін болған. Жейделер ашық түсті: ақшыл–қызғылт, сұрғылт маталардан тіккен. Ерлердің шалбарлары кең адым жасауға арнап жасалған. Шалбарлар қарт ер адамдар үшін ерекше кең түрде жасалады. Шалбардың жоғарғы бөлігіне қысқа және тоқыма бау орнатылған. Жейденің сыртынан камзол киген, олардың астары бар және қара түсті материалдан тігіледі. Камзол белді толығымен қамтып, төмен жағы кең болып келеді. Түрлі бір түсті маталардан ерлердің ұзын сыртқы киімі жилэн (джилян) тігілген. Ол камзол немесе казакиннің сыртынан киіледі. Қара түсті майда матадан тігілген джилян чикмэн (чикмень) деп аталады. Чикменді қалың матадан қайырма жаға салып тігеді. Джилян мен чикмень түркілердің кең тараған киім түрі – шапанның татарлық нұсқасы болып табылады. Мақтадан жасалған ұзын казакин –бишметті қысқы тонға көшер алдында киетін болған. Бишметті тігуге сонымен қатар аң терісін қой түліктерілерін пайдаланған. Бұл киімдердің барлық түрлері белбеумен белденген. Белбеулер ұзындығы бес метрге дейін жететін түрлі түсті матадан тұрады, ұштары шашақпен безендендірілген.

Т. әйелдерінің кең тараған киімі – етек жағы ұзын көйлек. Көйлек шашақтармен, шілтермен, кестелермен өрнектеліп тігіледі. Көйлектің сыртынан камзол киген. Әйелдердің камзолы ерлердікінен түрлі кестелермен ерекшеленеді. Әйелдердің камзолының жағасына, өңірлеріне, етегіне әдетте ұзын түрлі түсті мата, позументпен, аң терісі тігіледі. Әйелдердің камзолы жеңсіз болады. Әйелдер сонымен қатар тондар, бишметтер, джилян киеді, олар ерлердікінен сәнділігімен ерекшеленеді.

Ерлердің бас киімі тақия болып табылады. Тақиялар барқыттан, ши барқыт, парша, жібек және т.б. маталардан тігіліп, әшекейленеді, әсіресе балалардың тақиясы. Тақияның сыртынан киізден жасалған жазғы шляпа, аң терісінен салынған жұрыны бар құлақшын, мұнара түрінде жасалған қысқа бас киім және т.б бас киімдер киіледі. Әйелдердің күнделікті бас киімі орамал болған. Қажеттілігіне қарай орамалдың сыртынан шәлі жамылған. Бұрын татар әйелдері тастар деп аталатын байлам тәрізді түрлі кестемен, нақыштар салынған жамылғы орамалды бас киім ретінде әйелдердің ерекше бас киімі калфак болып табылады. Ол конус тәрізді жабық басына шашақ бекітілген ұзын тік шұлық түрінде болуы мүмкін. Байламның сыртынан түрлі бөріктер киген. Бөріктің төбесі кестелермен, шілтерлі металл элменттерімен безендендіріледі, бөріктің сыртынан шәлі жамылады. Кең таралған аяқ киім түрі табаны жұмсақ шұлық ұқсайтын ичиги (читек) болып табылады. Ерлердің ичигиі қонышы тізеге жетеді, түрлі түсті қайырмасы болады, оларды юфти немесе сафьяннан тігеді. Т–дың дәстүрлі аяқ киім түріне туфли, етік, қысқа қоныш етік, сандал, пима және т.б атауға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *