адамның өзін–өзі билеуі, байсалды ерік–жігер күшінің көрсеткіші, орынсыз асып–саспауы. С–лы адам қызбалық пен ұрдажық, ұшқалақтыққа салынбайды. Әр істің ақырына көз жібереді, ісін ойланып, орындайды, ашуды ақылға жеңдіреді. Өмірде реніш те, қуаныш та, бейнет пен рахат та алма–кезек келіп отырады. Сондықтан осындай жағдайларды ескеріп, сабырлы болып, істің артын күту қажет. С–лы кісі басқа түскен ауыртпалықты көтере біледі. Өйтпеген жағдайда оның тез сағы сынып, мойырылып қалуы мүмкін. Адам ізгі тілек, үмітпен ғұмыр кешеді, оның кеудесінен үміт оты өшпейді. Қанағат пен ынсап сабырдан қолдау табады. С. адамды жауапкершілік сезімге тәрбиелейді. Жеңілтек, ұшқалақ адам сабырсыз келеді, ол орынсыз күйіп – піседі, өзін демде отқа да, суға да тастайды, қайғы– қасіретке салынады, ұнжырғасы түсіп кетеді, тез сағы сынады, кейде бостан–босқа абыржып, арамтер болады, өз ерік–жігерін билей алмай әуре–сарсаңға салынып, орынсыз ашуланып, қызба, жеңілтек мінез көрсетеді.