37-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Қазыбек би. Сан есімнің емлесі
2. Сағат саны: 4 180 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Сан есім туралы оқушыларға толық мағлұмат беру. Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.
• тәрбиелік: Сан есім тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке, жолдастыққа көмек көрсетуге баулу.
• дамыту: Сан есімнен алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы дамыту өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру.
5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
8. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
9. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
10. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
11. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
12. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
13. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
14. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
10. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
11. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
12. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
13. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
14. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)
1. Сөз таптарының түрлерін ата.
2. Мақал-мәтел айту.
3. Сан есімнің түрлерін ата.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК БИ
(1665 – 1765)
Қазаққа ғана емес, жоңғар мен қалмаққа да, қытай мен орысқа да аты мәлім, ел мүддесі жолындағы күресте айтулы еңбегі сіңген қайраткер – Қазыбек Келдібекұлы. Жастайынан шешендігімен орынды төрелік жасай білгендігінен Бала би аталып, кейін қаздың қаңқылына үндес қоңыр дауысына қарай Қаз дауысты Қазыбек би атанған.
Тәуке хан тұсында Орта жүздің биі болып, иісі қазаққа ортақ заңға айналған «Жеті жарғыны» жасасқан. Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандар тұсында да тура жолдан таймай, әділдікті ту еткен жоңғар-қазақ соғысында тұтастай Отан соғысын ұйымдастыруда іскерлікпен басшылық ісіне араласқан, аса қабілетті, айбынды кісі болған. Руаралық, жүзаралық хан-сұлтандар тартысы һәм халықаралық маңызды шиеленістер мен келісімдер Қазыбек бидің кесіміне тіреліп отырған.
1763 жылдың 11 наурызында жазылған Қазыбек би туралы Фрауендорофтың Ресей Сыртқы істер алқасына мәлімхатында: «Өйткені Арғынның ішіндегі ең күштісі – Қаракесек ұлысы. Оның барлық билігі Қазыбек бидің қолында. Қазыбек би бүкіл Орта жүзде ең басты би болып табылады. Оған Әбілмәмбет ханның өзі, сондай-ақ Абылай сұлтан, басқа да ұлыстардың сұлтандары мен ел ағалары жыл сайын келіп, әртүрлі кеңестер алады, тіпті Қазыбек бидің келісімінсіз Орта жүзде бірде-бір маңызды мәселе шешілмейді екен», — деп жазылған («Абылай хан» Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдар. Астана баспасы – 2005. 350 бет).
Ел аузында, халық әдебиетінде Қаз дауысы Қазыбек бидің шешендік сөздері мен билік кесімдері кең таралған. Жазба әдебиетке түскен сөздері де мол. Тарихи мұрағаттық құжаттарда, Қытай, Ресей жазбаларында көп деректер сақталған.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Сан есімге талдау жасау, жаттығу жұмысы, тапсырмалар
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
79-жаттығу. Мына сандарды сөзбен жазыңыздар
Сан 12563 12-бөлім 568,23 12,568 123568 3/9
Сөзбен жазылуы
Сан 5
54 _
8 456 8/56 5,23 562389 899
Сөзбен жазылуы
80-жаттығу. Цифрмен және жазбаша жазылған сандар сан есімдердің қай түріне жататынын айтыңдар.
1. Ермек екі айтпайды. 2. Қанша табасың айына? – 2000-300 сом. Кейде одан да асып түсеміз. 3. Екуінің де ойына Жамал, Сағынтай, тар кезең елестеді. 4. Еңгезердей біреу кіріп келеді екен. 5. Аяқ киім 5 есе, жүн маталары 5,5 есе, кондитер тағамдары 8 есе, сары май 2,5 есе, ет консервілері 2,8 есе артық шығарылады. 6. Қалқан маңынан орнаған қардың тауы балаларға 2 жақтан қызық болушы еді: 1-і сырғанақ үшін, 2-сі қамба қазып, қоян үстау ұшын. 7. Бұл колхозда 20 000 қой бар екен, оның 10 000-ы арқар-меринос, қалғаны өзге тұқымдас мериностар екен. 8. Мен – тек 51 000 қойдың 1 000-ын-ақ бағатын шопаны ғанамын. 9. Бетпақтың бойына жусаны аралас қалың шөп шығады. Малға ол 1000 да 1 ас. 10. Қала бұрынғысынан 2-3 есе кеңіген.
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Қазыбек бидің шешендік сөздерін оқып келу