38-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: . Есімдік. Көмекші есімдік
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту:Оқушылардың теориялық білімдерін саралай отырып, практикалық дағдымен байланыстыру.
• тәрбиелік:Шапшаңдыққа мысалдар арқылы танымдық қасиеттерін шыңдауға, ой – қиялын өз ойымен бере білуге тәрбиелеу.
• дамыту:Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасау, бір-біріне көмек бере білу, өз ойларын толық айту дағдыларын дамыту.
5. Оқыту әдісі: бақылау нұсқаулары бойынша жұмыс жасау
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
10. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
11. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
12. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
13. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
14. К.О. өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)
1. Сан есімнің түрлерін ата
2. Жинақтық сан есім дегеніміз не?
2. Қазыбек би туралы ой.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Есімдік
Заттың, құбылыстың атын, сынын, санын білдірмейтін, бірақ солардың орнына қолданылатын сөз табын есімдік деп атайды. Сәрсенбай – инженер. Ол – инженер.
Сөйтіп, есімдіктер есім сөздердің (зат есім және сын есім, сан есімнің) атын, да, белгісін де, санын да атамай, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына қолданылады.
Көмекші есімдер
Көмекші есімдер деп лексикалық мағыналары бірде бүтіндей сақталып, бірде солғындап, өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай, синтаксистік жағынан кейде жеке-дара мүше есебінде, кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз.
Көмекші есімдер сан жағынан соншалықты көп емес, оларға алды, арты, асты, үсті, жаны, қасы, арасы, ортасы, іші, сырты, басы, беті, шеті, түбі, төбесі, тұсы, маңы сияқты сөздер жатады.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Морфологиялық талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау, тапсырмалар
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10 %)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2 %)
82-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден есімдіктерді тауып, олардың қандай сөздердің орнына жұмсалып тұрғанын айтыңдар.
Менің ұлым – сенікі,
Сенің ұлың –менікі,
Ер туған ұл –сенікі,
Бақытты біздің жердікі.
(Жамбыл)
Менсіз таңы атпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Жүрсем оның жанында,
Күлімдеймін, шаттанам.
(Фариза Оңғарсынова)
84-жаттығу.Төмендегі есімдіктермен сөйлем құрастырып жазыңыз.
Мен, кім?, өзі, сонау, сіз, мына, қашан?, өзіңіз, осы, сол, қайда?.
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Әйтеке би. Есімдік. Көмекші есімдік. Есімдіктің түрлері. Қайталау сабағы.