ЕДІЛДЕН ҚАШТЫ БІР ТҮЛКІ
Көп кісі бір түлкіні қуып жете алмай, әуреге түсіп жүргенде Тоқсан қуып жетіп, соғып алады. Үлкен кісілер «Түлкі біздікі, үлкендік жолымыз бар» — дейді. Тоқсан түлкіні бергісі келмей, былай депті:
Еділден қашты бір түлкі,
Жайыққа дейін дем алмай.
Соңына ерген қанша жұрт,
Бәрі де қалды ере алмай.
Тастайын ба далаға,
Түлкіні соққан мен алмай?
Жеті адам дауға жүгінген,
Қиямет-қайым болғанда,
Шерменде болып жүрмеңіз,
Төресін әділ бере алмай! [6].