КВАНТТЫҚ СҰЙЫҚ – қасиеттері кванттық эффектілермен (абсолюттік нөл температураға дейін сұйық күйі; асқынаққыштығы сақталатын, нөлдік дыбыс болатын т.б.) анықталатын сұйық. Абсолют нөлге жуық температурадағы сұйық гелий кванттық сұйыққа мысал бола алады. Сұйық бөлшектердің жылу- лық қозғалысы бойынша есептелген де Бройль толқындарының ұзындығы мен бөлшектердің өзара қашықтығы шамалас болған кезде, белгілі бір төменгі температурада кванттық эффектілер байқала бастайды. Бұл шарт сұйық гелий үшін 2–3 К-та орындалады. Металдағы электрондар да кванттық сұйық қасиетіне ие бола алады. Классикалық механика негіздері бойынша абсолют нөл температурада кез келген денедегі бөлшектердің тербелісі тоқталуға, яғни кез келген дене кристалға айналуы тиіс. Кванттық механикадағы анықталмау принципіне сәйкес абсолют нөл температурада дене бөлшектері белгілі бір қа- лыпта болуы тиіс. Олардың кинетикалық энергиясы нөлге ұмтылса да нөлдік тербелістер сақталады. Кванттық сұйықты құраушы бөлшектердің спиндері мәндерінің бүтін және бүтіннің жартысына тең болуына сәйкес кванттық сұ- йықтар бозе-сұйығы және ферми-сұйығы болып ажыратылған. Олар БозеЭйнштейн және Ферми-Дирак статистикаларымен сипатталады. Бозе сұйы- ғына атомының спині нөлге тең сұйық 4Не жатады. Бүтіннің жартысына (1/2) тең спинді 3Не изотопы мен металдағы электрондар ферми сұйығы болып саналады.
Кванттық сұйықтың қасиетін алғаш болып 1938 жылы кеңес физигі Петр Капица (1894–1984) ашып зерттеген. Гелий 4Не 2,171 К температурада және қаныққан бу қысымы кезінде ІІ текті фазалық ауысуға ұшырап, жаңа күйге (Не ІІ) ауысады. Бұл күйде ол асқынаққыштық қасиетке ие болады.
Кванттық механика қағидасы бойынша, өзараәсерлесуші кез келген бөл- шектер тек белгілі бір кванттық күйде болады. Бүкіл жүйенің энергиясы белгілі бір мөлшер – квантпен өзгереді. Энергияның осындай өзгерісі квант- тық сұйықта белгілі импульспен, энергиямен және спинмен сипатталатын қарапайым қоздырудың – квазибөлшектердің (мысалы, Не ІІ-де – фонондардың) тууы немесе жойылуымен қабаттас өтеді. Ферми сұйығында квазибөлшектер тек жұпталып пайда болса не жойылса, бозе сұйығында жеке түрде пайда болады немесе жойылатын болады. Төменгі температураға сәйкес болатын квазибөлшектердің саны аз кезінде, олар квазибөлшектердің идеал газын (ферми сұйығында – фермиондар және бозе сұйығында – бозондар) түзеді деп санауға болады.
Электрондық ферми сұйық асқынөткізгіштік ретінде білінеді. Электрон- дық асқынаққыштық, ферми сұйығының теориясын 1957 жылы американ физик- тері Джон Бардин (1908–1991) және Леон Купер (1930 ж.т.), Джон Шриффер (1931 ж.т.) және орыс физигі 1958 жылы Николай Боголюбов (1909 – 1992) тұжырымдаған.