
КВАНТТЫҚ СТАТИСТИКА (итальянша «стато – мемлекет») – статисти- калық физиканың кванттық механиканың заңдарына бағынышты көптеген бөлшектер жүйесін зерттейтін бөлімі. Жүйе құрамындағы жеке бөлшектердің (электрондардың, молекулалардың, т.б.) физикалық қасиеттерін тікелей қада- ғалау мүмкіндігінің болмауы – кванттық статистиканың басты ерекшелігі болып табылады. Бұл жағдай бірдей бөлшектердің тепе-теңдік принципі деп атала- ды. Бөлшектердің кванттық механикадағы қозғалу заңдылықтары оның спиніне байланысты болады. Сондықтан, жүйе құрамына енетін бөлшектердің спині бүтін немесе бүтіннің жартысына тең болуына қарай статистикалық жүйенің қасиеті де әр түрлі болады. Спині бүтіннің жартысына тең бөлшектерден (мыс., электрондардан) құралған жүйенің кванттық статистикасы Ферми – Дирак статистикасы деп, ал спині бүтін және нөлге тең бөлшектерден (мыс., фотондардан) құралған жүйенің кванттық статистикасы Бозе – Эйнштейн статистикасы деп аталған.