
КВАЗИСТАТИКАЛЫҚ ҮРДІС, тепе-тең үрдіс – термодинамикалық жү- йенің бір тепе-теңдік күйден өзге күйге шексіз баяу ауысуы, осы жағдайда жү- йенің кез келген уақыт сәтіндегі физикалық күйінің тепе-теңдік күйден шексіз аз ғана айырмашылығы болады. Квазистатикалық үрдіс кезінде жүйедегі тепе-теңдік физикалық параметрлердің өзгерістеріне қарағанда әлдеқайда тез орнайды. Кез келген квазистатикалық үрдіс – қайтымды үрдіс. Квазистатикалық үрдістің термодинамикадағы маңызы үлкен. Өйткені құрамына квазистатикалық үрдіс енетін термодинамикалық циклдер ғана ең үлкен жұмыс мәнін береді. «Квазистатикалық үрдіс» ғылыми атауын 1909 жылы неміс математигі Кон- стантин Каратеодори (1873 – 1950) ұсынған.
КВАЗИТҰРАҚТЫ КҮЙ – метатұрақты күй дегенмен мағыналас атау.